СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жеңіл атлетика"

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Жеңіл атлетика"»

А деңгейінің тапсырмасы

  1. Á әрпінің емлесін жазыңыз.

Ә

А-деңгейі


Сұрақтар:

  1. Тіліміздегі қандай қандай құбылыс дыбыс үндестігі деп аталады?

  2. Дыбыс үндестігінің қандай түрлері бар?

  3. Сөз соңындағы қандай қатаң дауыссыздар өзінен кейін дауысты дыбыс келгенде, өзгереді, қандай қатаңдар өзгермейді?

  4. Дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтір.

  5. Түбір және қосымша. Қосымшаның түрлері.

  6. Жұрнақ оның түрлері.

  7. Жалғау, оның түрлері.


Жауаптар:

1. Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ыкпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.

2. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінін үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.

3. Қазақ тілінде қ, к, п деген қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымшалар жалғанған кезде, сөз соңындағы қатаң дыбыстар ұяңдап, ғ, г, б (кейде у) дыбыстарына айналатыны мәлім. Бұл өзгеріс жазуда да, айтуда да ескеріледі. Мысалы: тарақ+ым – тарағым, күрек+і – күрегі, доп+ы- мыз – добымыз, тап+ып – тауып, кеп+у – кебу, кеп+іп – кеуіп т.б.

Ал п, х дыбыстарына аяқталатын бірқатар кірме сөздер бұл ережеге бағынбай, соңғы қатаң дыбыс ұяңдамай айтылады және солай жазылады. Мысалы: принцип+і – принципі (принцибі емес), грипп+і – грипі (оның грипі жұқты, грибі емес), тип+і – типі (тибі емес), кинескоп+ы – кинескопы (кинескобы емес), цех+ы – цехы (цеғы емес), шейх+ы – шейхы (шейығы емес), шах+ы – шахы (шағы емес).

4. Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:

Көмектес септік жалғау. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен т.б.

Нікі, дікі, тікі, тай, тал, дар, еке, тар. Мысалы: даланікі, әкетай, діндар, ағаеке, өсімтал т.б.

Бей, би, кер, гер, қор, паз, қой, кеш, хана, кес. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш, емхана т.б.

Ов, ова, ев, ева, ин, ина. Мысалы: Жұмабаев, Әуезов , Жұмағазина т.б.

5. Қосымша– түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема. Мағыналық, тұлғалық дербестігі, арнаулы лексикалық мағынасы жоқ. Сөздерден бөлек, жеке қолданыста болмайды, түбір сөзге тіркесіп қана қолданылады. Қосымшалар түбірге белгілі бір грамматикалық категорияларға тән заңдылықтар бойынша жалғанады. Түбір сөзбен дыбыстық, әуездік жағынан үйлесіп тұрады. Бір қосымша әр түрлі түбірге жалғанғанмен, түрлі мағына бермейді. Мысалы, кел-ді, тұр-ды, айт-ты, кет-ті; ауыл-ға, жер-ге, ат-қа, т.б. Қазақ тілінде мағыналық және қолданыс ерекшеліктеріне қарай жұрнақ және жалғау болып бөлінеді.

6. Жұрнақ – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:

  1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;

  2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.

7. Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.). Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!