Тақырыбы: «ЖҰРНАҚТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ», «СӨЗ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚТАР», «СӨЗ ТҮРЛЕДІРУШІ ЖҰРНАҚТАР».
Пәні: Қазақ тілі
ЖҰРНАҚТАР
Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымшаны жұрнақ дейміз. Жұрнақтың екі түрі бар: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Өзі жалғанған сөзге жаңа лексикалық мағына тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Мысалы: ән-ші, заман-дас, етік-ші, ерін-шек.
Өзі жалғанған сөзге (түбірге) сәл де болса жаңа мағына үстейтін, бірақ негізгі лексикалық мағынаны өзгертпейтін жұрнақ сөз түрлендіруші деп аталады. Мысалы: үй-шік, кітап-ша, қызыл-дау, сұр-ғұлт.
ЗАТ ЕСІМНЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-шы, -ші
ән-ші, тарих-шы, хат-шы
-лық, -лік, -дық,
-дік, -тық, -тік
бала-лық, сенбі-лік, түс-тік,
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес
ұстаз-дық, ұлт-тық
парта-лас, пікір-лес, дәм-дес, заман-дас, туыс-тас
СЫН ЕСІМ, САН ЕСІМДЕРДЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
Сын есім
-лық, -лік, -дық,
-дік, -тық, -тік
жақ-сылық, игі-лік, батыл-дық, кербез-дік, ақымақ-тық, пәк-тік
-шылық, -шілік
мол-шылық, көп-шілік
Сан есім
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
алты-лық, бір-лік, он-дық, жүз-дік, қырық-тық, бес-тік
ЕТІСТІКТЕН ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-ма, -ме, -ба, -бе,
-па, -пе
суыр-ма, бөл-ме, сыз-ба, сүз-бе, бас-па, кіріс-пе
-қы, -кі, -ғы, -гі
шап-қы, күл-кі, шыл-ғы, сүз-гі
-ым, -ім, -м
келіс-іс, жаз-ым, біл-ім, тоқта-м
-ақ. –қ, -ек, -к,
-ық, -ік
қон-ақ, сұра-қ, жүр-ек, бұйыр-ық, түсін-ік
-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш
жап-қыш, сүрт-кіш, сыпыр-ғыш, өшір-гіш
Жұрнақтар
Мысалдар
-ын, -ін, -н
шығ-ын, жи-ын, ег-ін, түй-ін, тол-н, бора-н
-ыш, -іш, -ш
қуан-ыш, өтін-іш, сағын-ыш, сүйін-іш
-қиын, -кін, -ғын, -гін
тас-қын, көш-кін, ер-кін
- ынды, -інді
қорыт-ынды, үй-інді
-мақ, -мек, -бақ,
-бек, -пақ, -пек
сал-мақ, өр-мек, жұм-бақ, бат-пақ, піс-пек
-у
еге-у, жаса-у, кесе-у
-уыш, -уіш
тырна-уыш, түйре-уіш
СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті
пайда-лы, үлгі-лі, ақыл-ды, тас-ты, шөп-ті
-лық, -лік, -дық,
-дік, -тық, -тік
қала-лық, көйлек-тік, жолдас-тық,
-лас, -лес, -дас,
-сыз, -сіз
өлке-лік, қоғам-дық, шешен-дік
сыр-лас, көрші-лес, ауыл-дас, дәм-дес, туыс-тас, қызмет-тес
-дес, -тас, -тес
ақыл-сыз, білім-сіз
-қы, -кі, -ғы, -гі
қыс-қы, кеш-кі, жаз-ғы, күз-гі
СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-шыл, -шіл
арман-шыл, күлкі-шіл, ұйқы-шыл
-шаң, -шең
бой-шың, кейлек-шең
-дар, -тар
қырғыз-дар, борыш-тар
-мал
бауыр-мал
-кер, -гер
табыс-кер, шипа-гер
тау-дай, түлкі-дей, ат-тай, сүт-тей
ЕТІСТІКТЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-қақ, -кек, -ғақ,
-гек
жабыс-қақ, майыс-қақ, тоң-ғақ
-ақ, -ек, -ық, -ік, -к, -қ
қес-ек, сын-ық, іс-ік
-қыш, -кіш,
-ғыш, -гіш
тап-қыш, кес-кіш, сез-гіш,
-шақ, -шек
болжа-ғыш
мақтан-шақ, ерін-шек
ЗАТ ЕСІМНЕН ЕТІСТІК ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
-ла, -ле, да, -де,
-та, -те, -а, -е
ой-ла, шеге-ле, тұз-да, бас-та, сурет-те, ас-а, өрт-е
- лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес
сауда-лас, қате-лес, ақыл-дас, тіл-дес, дос-тас, көмек-тес
-қар, -кер, -ғар,
-гер
бас-қар, ат-қар, ес-кер, су-ғар, тең-гер
-лан, -лен
пайда-лан, ашу-лан, үй-лен, ие-лен
СЫН ЕСІМ, САН ЕСІМДЕРДЕН ЕТІСТІК ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
Сын есім
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те
жұқа-ла, әдемі-ле, жаман-да, жеңіл-де, арық-та, тік-те
-ар, -ер, -р
жас-ар, ағ-ар, көг-ер, таза-р
-ай, -ей, -й
мол-ай, күш-ей, көб-ей, қара-й
Сан есім
-ла, -ле, -да, -де
алтау-ла, екеу-ле, он-да, жүз-де
-лес, -дес
бір-лес, жүз-дес
БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫНАН ЕТІСТІК ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақтар
Мысалдар
Үстеу
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те
жоғарыла, ілгері-ле, жылдам-да, төмен-де, шақ-та, қыс-та
Одағай
-лы, -ле
ойбай-ла, құрау-ла, көке-ле, уһ-ле
Еліктеу сөздер
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те, -ыра,
-іре
зу-ла, сылдыр-ла, тырсыл-да, желпіл-де, салпақ-та, жарық-ыра, дүрк-іре
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Сын есім тудырушы жұрнақтарды анықтаңыз:
а) –ыншы, -інші;
б) –лы, -лі, -сыз, -сіз;
в) –ма, -ме, -ба, -бе;
г) –ша, -ше, -лап, -леп;
д) –ыс, -іс, -с.
2. Етістіктің болымсыз түрінің жұрнағын анықтаңыз:
а) –қа, -ке, -ға, -ге;
б) –ма, -ме, -ба, -бе;
в) –та, -те, -да, -де;
г) –сы, -сі, -ы, -і;
д) –ыс, -іс, -с.
Назарларыңызға рақмет!