Ерте жас «Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Тәрбиеші:Ахметші Д.Д
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Жер-Ана»
Тақырыбы: «Жуаны отырғызу»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Өсімдіктерге қамқор жасау тәрбиелеу.
Дамытушылық:Жуаны күту дағыдларын дамыту.
Оқыту: Жуа туралы қарапайым түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Пияздың тұқымы, пияздың көшеті, жәшіктер, барлық бала санына жететіндей пиязды отырғызуға арналған топырақ салынған ыдыстар, топырақ, микроскоп, су, бал, сұйық май,балалардың қолына киетін жұмыс қолғабы, алжыпқыш т.б
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Нұрланып күн тұрса,
Күллі әлем жайнайды.
Жер беті құлпырса,
Бұлбұлдар сайрайды.
2.Негізгі бөлімі:
Балалар бұл қорапшанң ішінде бір зат бар. Сендер осы қорапшаның ішіндегінің атын тапсаңдар, біздің бүгінгі оқу қызметі соған байланысты болады.
Ол не екен, кім таба алады?
Оны адамдар көп пайдаланады.
Ол көкіністер тобына жатады. Оны шикідей де жеуге болады және тамаққа қосады.
Оны тамақтың барлық түріне пайдаланады.
Ол өзі бірнеше қабат киім киген.
Ол туралы мынандай жұмбақ та бар.
Ұрмай – соқпай жылатады,
Әркім оны ұнатады.
Ол не?
Әрине ол пияз.
Ендеше біз бүгін пияз туралы әңгімелесеміз. Жұмбақта не үшін ұрмай – соқпай жылатады делінген?
Кәне пияз туралы кім айтып береді?
- Пияздың түсі қандай болады екен? Суретке қараңдаршы.
- Жапырақтары қандай болады?
- Пияздың бірнеше түрі болады екен.
Мысалы, жыл сайын тамырланып өздігінен өсе беретін көпжылдық түрлері бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Бұндай пияздар тұқым арқылы өседі. Сол сияқты көшеті арқылы өсетін пияздар болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, бір-біріне қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады.
- Пияз көкініске жата ма, әлде жеміске жата ма?
Ол бақшада өсе ме, әлде бақта ма?
- Пияз қалай өсіп-өнетінін көргендерін бар ма? Пияз қалай өседі?
- Пиязды өсіру үшін не керек?
- Дұрыс айтасыңдар кез-келген өсімдіктің өсуінеқажетті топырақ, су, жарық керек екен. Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болады.
-Кім айтады, пияздың қай жақ бөлігін топыраққа отырғызамыз, тамыры бар жағын ба, әлде жоғары жағын ба?
-Қазір біз пияз отырғызамыз. Сендер бірінші алдыларыңда тұрған пиязды алып, қараңдар, пияздың жоғары жағында кішкентай өскін болады, сол өскінді жоғары қаратамыз. Ал топыраққа отырғызатын жағын қалай білеміз?
Пияздың қалай отырғызу керектігін көрсету.
- Міне, балалар, пиязды отырғыздық, енді пияз өсу үшін не істейміз?
- Жарайсыңдар, балалар, енді бізде тағы бір топырақ салынған жәшік пен пияздың тұқымдары қалды. Мен сендерге тұқымнан өсіп шығатын пияздың түрі бар екендігін айтқан болатынмын. Қазір сол тұқымды топыраққа себеміз.
Қалай ойлайсыңдар, пияз тұқым арқылы тез өсіп шыға ма,әлде отырғызған пияз тез өсе ме?
Балалардың берген жауабына қарай толықтырулар енгізіп, түсінік береді және екі жәшіктегі пиязды да күтіп-баптап, олардың өсуіне бақылау жасайтындығын айтады.
Сергіту сәті:
Атамның алып күрегін,
Бақшаны қопарып беремін.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Бау-бақшаны күтемін,
Арам шөпті жұламын.
3.Қорытынды: Балаларға микроскоп арқылы пияздың жасушасын көрсету.
-Барлық өсімдіктерге ең алдымен су қажет. Су қандай?
-Дұрыс ендеше бір тәжірибе жасап қараймыз. Сұйық нәрселердің де бір-бірімен араласпайтындары болады екен.
Шыны ыдысқа алдымен бал салу, сосын су құйу, сосын сұйық май құйу