1.03.18ж.9-сынып,қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:
а)білімділік: оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру, шығармаларының тілін, мазмұнын түсіндіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін, қабылдау, қабылдағанды түйсіну, есте ұзақ сақтау қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылық дарындарын ұштау;
б)тәрбиелік: : өнерді сүю, әнге құштарлық, өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру, өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу,шығарма мәтіндерін арқау ете отырып,рухани-адамгершілік бағытында тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ББҮ,шығарманы талдау, 5 жолды өлең, топтастыру,
түсініктеме күнделігі
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың формасы: жұптық, жекелей
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау. «Нақ сұрақ, дәл жауап»
(1917-1956 жылғы қазақ әдебиеті бойынша)
1.20-жылдардағы қазақ поэзиясында революцияшыл бағыттың топ бастаушысы
кім болды? (С.Сейфуллин)
2. Мырқымбай атты кедей өмірін суреттеген қай ақын? (Б.Майлин)
3. С.Мұқановтың мемуарлық романы? («Өмір мектебі»)
4.С.Мұқановтың «Жұмбақ жалау» романының екінші аталуы? («Ботагөз»)
5. Ғ.Мұстафиннің «Шығнақ» повесінде тарыдан мол өнім жинап, рекорд жасаған
адам кім? (Шығанақ Берсиев)
6. С.Мұқановтың қазақтың атақты зерттеуші-ғалымы туралы жазған шығармасы?
(«Шоқан Уәлиханов» пьесасы)
ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.
-Қазағым,қақтықпа.қамалма!
Ел болар қамыңды амалда!
Кетті түн, ағып таң, шығып күн
Сал малды, сал жанды аянба! –деп қазағына ұран айтқан
Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығына зер салғалы отырмыз.
Дәптерімізге бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қояйық.
Проблемалық сұрақ.
- Жүсіпбек Аймауытұлы туралы не білеміз?
ББҮ әдісі бойынша алғашқы екі торкөзді толтырады.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
| | |
Мағынаны тану.
- «Артымда қыруар елім бар,
Өлсе де денем, мен өлмен» - деп Жүсіпбек ақынымыз айтып өткендей
Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ақын, прозаик, драматург, әнші, журналист-публицист, сазгер, ғалым, психолог ретінде танылады. Жүсіпбек 1889 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту» қазіргі Жүсіпбек аймауыт ауылында туып, өсті. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндібай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер болған. Содан 1931 жылы дүниеден озды.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат танып, оқып үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.
Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.
Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Жүсіпбектің қолынан тастамайтын 3 домбырасы болыпты. Ақынның сазгер де болғанын білеміз. Бізге жеткен 10 шақты әндерінің көбі қазіргі уақытта халық әні болып орындалып жүр. Мысалы: «Екі жирен», «Шәмші-хамар », «Балқурай» т.б.
1. «Ойтолғаныс». Ақын шығармаларына тоқталу. Бұрын-соңды оқыған ақынның қандай шығармаларын білесіңдер? («Әнші»)
Ендеше «Әнші» әңгімесін есімізге түсірейік.
1.Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсын.
1. Басталуы: әншімен алғашқы таныстық
2. Оқиғаның байланысуы: ән құдіреті
3. Оқиғаның дамуы: наурыздағы сауық той
4. Оқиғаның шиеленісуі: Ақтамақ хикаясы
5. Оқиғаның шарықтау шегі: Өлімді жеңген өнер құдіреті.
2. Шығарманың кешенді мазмұндық талдау жасасын.
Авторы | Жүсіпбек Аймауытов |
Тақырыбы: | Әншілік өнер |
Идеясы | Әншілік өнерді құрметтеу, дәріптеу |
Жанр түрі | Прозалық, әңгіме түрінде |
Бөлімдер саны | 3 |
-Осы шығармадағы әншінің прототипі кім? (Әміре Қашаубаев)
-Қай жерде болған әлемдік концертке қатысты? (Парижде)
Осы сияқты Жүсіпбектің шоқтығы биік шығармасы «Ақбілек» романы
болып табылады. Бұл роман – өзінің сюжеттік композициялық құрылымымен де, бейнелі, кестелі сөз өрнегімен де қазақ әдебиетінің асыл мұраларының қатарына жатады (слайд арқылы көрсету) .
- 5 жолды өлең
1.Зат есім- әнші ұршық
2. Сын есім- асқақ, танымал, дарынды қатты, зуылдақ, зырылдақ
З. Етістік- шырқайды, орындайды, әуендетеді айналады, қозғалады, зырылдайды
4. Сөйлем- Әнші әнді шырқай жөнелді. Ұршық зуылдап жүгіре жөнелді.
5. Зат есім- адамзат құрал
Үйге тапсырма.
- Оқулықтың 241-243 бетін оқу.
- Түсініктеме күнделігін толтыру.
Мәтіннен қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазу. | Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазу(нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.) |
| |
Бағалау