СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Жылғалардан су ақты»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы «Қуыршақ»тобының «Сиқырлы саусақтар» вариативтік компонентінің   ұйымдастырылған  оқу қызметінің  конспектісі.

Білім беру саласы:» «Шығармашылық»

Өтпелі тақырып: «Жылғалардан су ақты»

Пән: Мүсіндеу

Тақырыбы: : «Тасбақа»

Мақсаты : Тасбақаны бөліктерден ( басы, денесі, аяқтары, құйрығын ) мүсіндеуге үйрету домалату, есу, басып –жаншу, тегістеу, бөліктерді қосу  әдістеріне жаттықтыру, берілген обрызды анық, келістіріп  мүсіндеуге үйрету.

Ресустармен қамтамасыз ету: Ойыншық тасбақа, тұздалған қамыр. 

Просмотр содержимого документа
««Жылғалардан су ақты»»

Ортаңғы «Қуыршақ»тобының «Сиқырлы саусақтар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Білім беру саласы:» «Шығармашылық»

Өтпелі тақырып: «Жылғалардан су ақты»

Пән: Мүсіндеу

Тақырыбы: : «Тасбақа»

Мақсаты : Тасбақаны бөліктерден ( басы, денесі, аяқтары, құйрығын ) мүсіндеуге үйрету домалату, есу, басып –жаншу, тегістеу, бөліктерді қосу әдістеріне жаттықтыру, берілген обрызды анық, келістіріп мүсіндеуге үйрету.

Ресустармен қамтамасыз ету: Ойыншық тасбақа, тұздалған қамыр.

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тәрбиеші топқа ойыншық тасбақаны әкеледі. Балалар менің қолымда қандай ойыншықты көріп тұрсыңдар?

Балалар кішкентай топтың балаларына тәрбиешілері сыйлыққа ойыншық тасбақаларды әкеліпті, бірақ ойыншық кейбір балаларға жетпей қалыпты. Балалар олар бізден көмек сұрайды. Бізден ойыншық тасбақа жасап беруді сұрайды. Көмектесеміз бе?

Негізгі бөлім:

Балалар тасбақаға қараңдаршы оның қандай дене мүшелері бар?

Балалар тасбақаның арқасында сүйек сауыты болады.

Сүйек сауыты тасбақаны жауларынан қорғайды. Қауіпті жағдай болғанда тасбақа басын, аяғын сүйек сауытына жасыра қояды.

Тасбақа қалай жүреді.?

Тасбақа шөптің арасында өмір сүреді. Ол шөппен қоректенеді. Тасбақа қыста тамақ жемейді. Ол қыста ұйықтайды.Тасбақа екі түрлі болады жерде өмір сүретін және суда өмір сүретін түрі болады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Ойын: «суретті құрастыр» тасбақаның суретін құрастыру.

Мақсаты: бөліктерден тұтас құрасытру.

Саусақ жаттығуы:

«Саусақтарды ата»

Оң қолда бар бес саусақ

Сол қолда бар бес саусақ

/Алақандарын ашып саусақтарын көрсетеді/

Оларды атап шақырар

Әр қайсысының аты бар.

Мынау- бас бармақ,

Мынау- балан үйрек,

Мынау-ортан терек,

Мынау – шүлдір шүмек,

Мынау-кішкене бөбек.

/Балалар саусақтарын кезекпен бүгеді/

Балаларға тасбақаны мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін түсіндіру, көрсету. Тұздалған қамырды үш бөлікке бір үлкенірек, екі кішірек. Үлкен бөліктен денесін жасау, домалатып, басу. Қалған екі бөліктен басын , аяқтарын жасау.

Қорытынды:

Балалар біз бүгін сендермен не жасадық?

Тасбақаның қандай дене мүшелері бар?

Балаларға осы жасаған ойыншықтарын көрмеге қоюды содан соң осы көрмеден кіші топтың балаларына сыйға тартылатынын айту.

Балаларды мақтау, мадақтау.