Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 28.03.2018ж.
Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Жылғалардан су ақты»
Тақырыбы: «Математикалық жұмбақтар. 1,2,3,4,5 цифрлары мен сандары. Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Баланың зейінін дамыту».
Мақсаттары:
1. Жұмысты ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
2. ойлау қабілеттерін дамыту.
3. заттарды еніне қарайсалыстыруды үйрету, логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау.
Ресурстармен қамтамасыз ету: цифрлар, карточкалар,
Көптілдік:
Просмотр содержимого документа
«Жылғалардан су ақты»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барасы:
Ұйымдастырушылық кезеңі:
«Тыңда, сана, көрсет» ойын-жаттығуы.
-Балалар, үстелдерінде цифрлар жатыр. Мен қол шапалақтаймын, ал сендер мұқият тыңдап, соған сәйкес цифрды көрсетіңдер.
Негізгі бөлім:
1- тапсырма: «Математикалық жұмбақтар» ойыны:
-Үш мысықтың құйрығы нешеу?
- Қоянның неше құйрығы бар?
-Екі балада неше құлақ бар?
-Екі есектің мұрны нешеу?
- Бес сирыдың басы нешеу?
2- тапсырма: -Әр карточканы тиісті цифрмен қосу қажет:
-Үшбұрыш нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
-Суретте неше дөңгелек бар? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
-Сопақша нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
Музыкалық сергіту сәті.
3- тапсырма:
-Неше айырмашылық таптыңдар және неше дөңгелек салдыңдар?
Қорытынды:
Тапсырмаларды орындауға белсенді үлес ұосұаны үшін балаларды мадақтау.