СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
«Аяулы Анам» ертеңгілігі
Нурбаева Динара Кушербаевна
МКҚК №19 «Толағай»
балабақшасының музыка жетекшісі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру, ән
және қозғалыс орындаушылық дағдыларын
қалыптастыру, балалардың назарын жалпы
әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға
эмоциялық қабылдауын ынталандыру,
өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,
мейірімділікке тәрбиелеу.
(Әсем әуенмен балалар залға кіреді)
Жүргізуші:
Көктемнің шуақты күнімен
Құлпырған әсем гүліменен
Құттықтаймыз сіздерді
Қымбатты біздің аналар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжілерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңқа бөлеп тұрғандай! Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Балалардың орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Ақ мамам»
Жүргізуші: Ер балаларымыздың қыздарға арнаған тосын сыйы бар екен. Олар қыздардың көңіл-күйін көтеру үшін қонақ шақырыпты. Кім екенін білгілерің келе ме қыздар? Ендеше қошеметпен қарсы алайық! (Залға көбелек кіреді)
Көбелек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме қонақтар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, көбелек! Қош келдіңіз!
Көбелек: Мен бүгін мереке бойы сендердің көңіл-күйлеріңді көтеремін. Барлық әжелерімміз бен аналарымызды және апа-сіңлілерімізді, бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Көбелек: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Менімен ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә.
Ойын: «Күнбағыс»
Ойынның шарты: ортадағы 5 орындықтың үстінде күнбағыс тұрады. Музыка әуенімен балалар билеп жүреді, әуен тоқтағанда күнбағысты басына киіп, орындыққа отырып қалу керек. Үлгермей қалған бала ойыннан шығады.
Көбелек: Жарайсыңдар, балалар!
Жүргізуші: Көбелек сіз біздің балалардың көңілін көтердіңіз. Енді біздің балалар ән шырқап, сіздердің көңілдеріңізді көтерсін.
Ән: «Жақсы көрем»
Тақпақтар:
Қыдыр: Ана пана,
Ана дана.
Өмірге әкелетін
Ана ғана
Жаңгирхан: Бал бөбегім баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
Рахим:
Еркелеймңн, шаттанам,
Жарқын күлкің- бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші ақ мамам!
Көбелек: Жарайсыңдар, балалар! Өздерің өнерлі екенсіңдер.Балалар, рахмет сендерге. Енді меніңде қайтатын уақытым болды. Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Балалар, мерекеміздің сәнін келтіру үшін бізге біреу жетіспейтін сияқты. Кім деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Көктем аруы.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше Көктем аруының өзі де келе жатыр екен. (әуенмен көктем аруы келеді)
Көктем аруы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Көктен жаңбыр жауғызып,
Даланы гүл жайнатам,
Бау-бақшаға гүл егіп,
Бұлбұлдарды сайратам.
Бүгінгі аналар мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Көктем аруы! Біздің мерекемізге қош келдіңіз! Төрден орын алыңыз, балалардың сізге арнаған әнін тыңдаңыз.
Ән «Көктем келді»
Көктем аруы: Балалар, мен мына қолымдағы құшақ-құшақ гүлдерді әдемі болып құлпырып отқан қыздарға тарту еткім келіп тұр. Қанекей, менің гүлдерім келе қойыңдар.
Би: «Гүлдер»
Көктем аруы: Жарайсыңдар балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер.
(әуенмен қуыршақ келеді)
Қуыршақ: Сәлеметсіңдерме, Мұнда не қылған мереке болып жатыр?
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Қуыршақ біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз.
Бізбен бірге меркені тойлағың келе ме?
Қуыршақ: Иә
Жүргізуші: Қуыршақ олай болса біздің балаларымыздың өнерін тамашалайық
Тақпақтар:
Мадияр: Ананың біз гүліміз,
Ана-біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Қзақ өмір сүріңіз!
Бағдаулет:
Ананы мен жақсы көремін.
Ана шаттық, бақыт береді.
Анаменен балық адам
Бақытты болып жүреді
Әдлет: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан.
Жасұлан:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегінде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Ән: «Анаға сыйлаймыз»
Қуыршақ: Балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым, маған өте қатты ұнады. Енді менімен ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә
Ойын: «Тамаша»
Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам сендер жақсы,тамаша деп жұдырықтарыңды түйіп бас бармақтарыңды көтеріп бір-бірлеріңе көрсетіңдер.
-Гүлдің иісі қандай?
-Тамаша
-Құстардың дауысы қандай?
-Тамаша
-Жайқалып өскен көк шөп қандай?
-Тамаша
-Біздің мереке қалай өтуде?
-Тамаша
Қуыршақ: Жарайсыңдар балалар, сендер ойынға жақсы қатыстыңдар, білімпаз екенсіңдер. Балалар менің сендермен қоштасқым келмейді бірақ меніде басқа балабақшадағы сендер сияқты достарың күтіп отыр қош сау болыңдар.
(Қуыршақ шығып кетеді.)
Жүргізуші: Көктем аруы біздің балаларымыздың биін тамашалайық
Би: «Аңшылар»
Көктем аруы: Сендердің жақсы әндеріңе, көңілді билеріңе, ойындарыңа көп рахмет, менің сендермен қоштасатын уақытым болды қош сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Осымен біздің мереке аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қымбатты
Адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық. Сау болыңыздар!
© 2019, Нурбаева Динара Кушербаевна 409