СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Кәсіптің сипаттамасы
Бастауыш сыныптардағы мұғалімнің жұмысы ата-аналармен танысудан басталады. Олармен жақсы қарым-қатынас орнату қажет. Ол барлық пән бойынша сабақ өтеді, ойын-сауық іс-шараларын, балалардың демалысы мен бос уақытын өткізуді ұйымдастырады, мектеп жиналыстарына қатысады, үйірмелер жүргізеді, репетиторлықпен айналысады.
Кәсіптің ерекшелігі
Балалармен жұмыс істеу, күйзеліс жағдайының болуы, тұрақсыз жұмыс күні.
Талап етілетін қасиеттер
Балалармен жұмыс жасау мұғалімнен мұқияттылық, ұстамдылық, сабырлылық, төзімділік, жылдам және ұзақ уақыт есте сақтау қабілеттерінің болуын талап етеді. Педагог кәсібінің өз талаптары бар: коммуникативтік қасиетінің басым болуы, дикциясының жақсы болуы, сауатты, анық сөйлеуі, дауысының ашық болуы, өз пәнін қызықтыра алуы, білімдар болуы. Сонымен қатар бастауыш сыныптардағы мүғалімнің музыкалық және көркемдік мүмкіндіктерінің болуы маңызды.
Міндеттері
Бастауыш сыныптардағы мұғалім оқушыларды оқытып, тәрбиелейді, білім беру бағдарламаларын іске асырады, бақылау жұмыстарының белгілі бір мөлшерін өткізеді, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келетін дайындық деңгейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық оқу құжаттамаларын жүргізеді, жұмысқа келмеген мұғалімнің сабағын өткізеді, «Білім туралы» ҚР Заңына, Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес оқушылардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтайды, жүйелі түрде өз кәсіби біліктілігін арттырады, әдістемелік бірлестік жұмысына қатысады және білім беру процесі кезеңінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
© 2018, Рахметжанова Алтыншаш Талгатовна 263