СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Тогы бар тізбектегі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне айналуының өлшеуіші ток жұмысының, яғни өрістегі зарядтарды орын ауыстырғандағы электр күші атқаратын жұмыстың шамасы болып табылады. A=q·U мұндағы А - электр өрісіндегі зарядты орын ауыстырғандағы жұмыс, q-заряд. Осы формуладан тұрақты токтың істеген жұмысын да анықтауға болады. t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы q=It заряд өтсін. Сонда A=I·Ut болады. Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең. SI жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді. 1Дж=1A·1B·1c Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңы және U=I·R негізінде келесі формулаларды аламыз. A=I2·Rt, II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады. Электр қуаты P әрпімен белгіленеді.Қуат мынаған тең: P =I U Токтың қуаты табу үшін өткізгіштегі ток күші және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек. Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс: P = I2R Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат бірлігіне ватт алынған: 1Вт 1ватт (1Вт) қуат бірлігіне 1В кернеуі бар тізбек бөлінгендегі 1А ток күшінің қуатын алады: 1Вт=1А·1В. 1ватт=1ампер·1вольт. 1 Ватт онша көп қуат емес.Тәжірибеде ватқа еселік болып келетін бірліктерді қолданады: гектоватт 1гВт=102 Вт; киловатт 1кВт=103 Вт; мегаватт 1МВт=106 Вт. Токтың қуатын – өлшеуге арналған аспапты ваттметр деп атайды.Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады.Электр санауышында ток жұмысының 1кВ·сағ=3,6·106 Дж екенін есептеу қиын емес. Қуаты 1 кВт электр тогының 1 сағат ішінде жасаған ж±мысы 1 кВт • сағ болады. 1 кВт = 1000 Вт, ал 1 сағ 3600 с болса, онда 1 кВт • сағ = 1000 Вт • 3600 с = 3 600 000 Дж. Кейбір электр аспаптарының қуаты, кВт. 1. Шаңсорғыш 0,65 2. Электр үтігі 0,6 3. Кір жуатын машина 0,5 4. Теледидар 0,3 5. Тоңазытқыш 0,2 Өткізгіштердің қызуы тек ток күшіне ғана байланысты ма? Мынадай тәжірибе жасайық. Кедергілері әр түрлі мыс, болат және никелиннен жасалған үш өткізгішті бірінен соң бірін тізбектей жалғайық. Тізбекті тұйықтап, ондағы ток күшін біртіндеп арттырамыз. Тізбектей жалғанған өткізгіштердегі ток бірдей болады. Өткізгіштерде бөлінетін жылу бөлінетін жылу мөлшері әр түрлі: алғашында никелин өткізгіш, сондай-ақ токты арттырғанда никелин және темір өткізгіштер қыза бастайды, ал мыс сым білінер білінбес қана жылынады. Бұл тәжірибеден өткізгіштердің жылуы олардың кедергілеріне тәуелді болады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді
© 2022, Кажиева Замира Нарманқызы 402