СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Эссе "Мамандығым - мақтанышым!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен мектеп оқып жүрген кезімде қиялшыл – ғажайып дүниелерді көп ойлайтынмын. Бір күні әдебиет пәнінде Ыбырай Алтынсариннің Иван Крыловтан аударған «Қарға мен түлкі» мысалымен таныстық. Ыбырай атамызды пеагог, ағартушы, жазушы ретінде ғана емес аудармашы ретінде де тағы бір таныдық. Уйге барып, атамыздың тағы да басқа аударған мысалдарын оқи бастадым. Кешкісін сол мысалдарды оқып отырып, тәтті әрі терең ұйқыға батып кетіппін. Түс көрдім. Түсімде Ыбырай ата 1887 жылы ашқан Ырғыздағы қыздар мектебінде оқып жүр екенмін. Ұстазымыз - Ыбырай Алтынсарин. Бізге бар білгенін үйретіп, бізді өзінің бар білімімен таныстыру үстінде. Арасында өзінің шығармаларын бізге оқытып, терең білім алуымызға жағдай жасауда. Бір күні ұстазымыз бізге өз армандарыңды жазыңдар деген тапсырма берді. Мен Ыбырай Алтынсарин ұстазым сияқты көрнекті ұстаз, ағартушы болғым келетін жазып, армандай бастадым. Бір сәт ол кісінің армашы болғаны да ойыма түсті. Менде болашақ өміріме қойылған тағы бір мақсат пайда болды. Ол: «Мен өз халқыма жанашыр азаматша боламын. Өзге халықтың қолы жеткен табыстарын көбірек біліп, білген үстіне біле түссем деген құмарлықпен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем, өзге халық шығармаларын өз тіліме аударсам»,- деген арман, мақсат болатын. Ұстазым менің жазған шығармамды оқыған кезде өте риза болды. Сол сәтте ол кісі маған: «Ұстаздан шәкірт озады. Сенен талабы биік ұстаз шығады. Сенің арманың міндетті түрде орындалады, тек арманыңа жету жолында ешқашан жасыма»,- деген болатын. Сол сәт кенеттен оянып кетсем қолымда Ыбырай атамның кітабы. Тәтті ұйқы үстінде көрген түсіме риза болып, Ыбырай атамның айтқан сөздерін маған айтылған өсиет, аян ретінде қабылдап, өз – өзіме сол арманыма жетемін деген серт бердім. Сол бір әдемі түстен кейін өз өзіме үлкенміндет қойдым. Ол: «Мен қайтсемде ұлағатты ұстаз боламын». Сол бастауыш кезінде көрген түсім және алдыма қойған мақсатым қазіргі уақытта орындалу үстінде. Қазіргі күнде мен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде 4 курс студентімін. Мамандығым «Негізгі мектептің шет тілі мұғалімі». Бұл мамандық – өте қызықты. Және де бұл мамандықта өз ісінің білгір мамандары тапшылық тудыруда. Осы тапшылықты жою мақсатында, осы мамандықты таңдап, өзімнің кішкене де үлесімді қосқым келеді. Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандығымды дұрыс таңдағаныма сенемін. Мен 18жастамын. Арманымның оңайлықпен орындалмайтынында сезіп, білем. Алайда мен еліміздің, біздей ел жалғасыөскелең ұрпақ үшін құрбан болған ҚайратРысқұлбековтың мына сөзін жадымнан еш шығармаспын: «…Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма!Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұмда, қойып кет, белді шеш те, кешіп өт…». Аз қалды, бұйырса Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаева аталарымдай көрнекті ұстаз, аудармашы боламын. Армандар орындалады, мақсатың айқын болса!

01.05.2019 21:43


Рекомендуем курсы ПК и ПП