СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Біз бүгінгі заман аса жоғары білімді қажет етеді деп көп айтамыз. Білім - қай заманның болсын тірегі. Білімі теңдердің ғана бір-бірімен терезесі тең. Білімді болу үшін оқып-үйрену азшылық етеді. Өйткені адамды күштеп те оқытуға болады. Ал білімге, білімді болуға ұмтылыс, адамнаң жан қалауымен, жүрек тілегімен іске асуы керек. Әрбір сөздің басын бастағанда Абайға келіп жүгінеміз. Оның да ерекше себептері бар. Өйткені «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» басшылыққа алып, «толық адам» болу жолын көздесең ғана дүниені танисың. Біз бәсекеге қабілетімізді ілім-ғылымның көмегімен ғана жүзеге асыра алатынымыз әзелден белгілі. Ғылым озық сананы, ұшқыр ойды, зерек қабілетті қажет етеді. Дамыған елдердің барлығы ғылымымен озған, ғылым-білімінің арқасында әлемді мойындатқан. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына даму бағытына тікелей байланысты. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»деген Елбасы сөзі жай айтыла салған жоқ. Қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады.
Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға қалыптастыру.
© 2017, Турсынбаева Акмарал Исахановна 346