Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу күні: 22.11.2018
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сурет салуға деген қызығушылығын, шығармашылығын дамыту.
Оқыту: Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, молайту.
Билингвалдық компонент: табиғат-природа, алтын-золото
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Біздің күлкіміз көңілді.
Жеткізсін жылу мен шаттықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш, мейірім, бақытты.
Тәрбиеші: балалар сендерді шын көңілмен қуаныш шеңберіне шақырамын.
Біздің жасап тұрған шеңберіміз неге ұқсайды? Күнге, шаңыраққа.
Дұрыс айтасыңдар, керегесі кең, босағасы берік, үлкен киіз үйдің шаңырағына ұқсайды екен. Демек бұл біздің балабақша. Мұнда біз ынтымақты өмір сүріп, тәлім - тәрбие алып жүрміз. Енді бір - бірімізбен дос, бауыр тату ойнайтынымызды дәлелдеп, алақандарымызды беттестірейікші. Алақандарыңызды түйістіргенде нені сезінеміз?
Тәрбиеші: Жылылық қай жерімізден шығады? жүрегімізден
Тәрбиеші: Ендеше жүрегімізден шыққан жылылықтың қуатымен: «Жақсы сөз - жарым ырыс» демекші бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Мен бастайын, сендер жалғастырыңдар.
Бәріміз күндей жарқырайық.
Мен табиғатты сүйемін.
Аспанымыз ашық болсын.
Тату дос болайық.
Тәрбиеші: Өте жақсы, қандай әдемі тамаша тілектер айттыңдар. Адамдар бір - біріне жылы сөздер айтқанда айналаның ерекше жарқырай түседі.
Енді орынымызға отырайық.
Балалар, мен жұмбақ - өлең оқимын мұқият тыңдап не туралы екенін айтып беріңдер:
Жұмбақ:
Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Қай мезгіл, кім айтады?
- Дұрыс айтасыңдар, рахмет.
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы да «Алтын күз» деп аталады.
Неліктен «Алтын күз» дейміз. Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап - сары болып, сарғаяды, сондықтан «Алтын күз» деп атайды.
Күздің басқа жыл мезгілімен қандай ерекшелігі бар? Жапырақтар жерге түседі, түсі өзгереді.
Күзде неше ай бар? Күз мезгілінде үш ай бар.
Енді балалар тыныштық сақтап 1, 2, 3 дегенде көзді жұмып күзгі орманға қиялмен серуендеп қайтайық.
Орман іші қандай тып - тыныш.
Жапырақтан айырылған ағаштар сынғандай. Аяқ асты сары жапыраққа толы. Ауасы қандай керемет. 1, 2, 3 көзімізді аштық та қайтіп балабақшамызға оралдық.
Енді кім мааған мына мнемокесте бойынша күз мезгілінде болатын ерекшгеліктерді айтып береді.
Күзде ағаштар сары түске боялады. Күннің көзі аз шығады. Күн суытады. Жаңбыр жауады. Жапырақтар түседі. Адамдар жылы киімдерін киеді.
-Терезеге қарайықшы, даладан не көріп тұрсындар?
-Ағаштардың байқайықшы олар мұңайып тұр. Неліктен?
-Дұрыс айтасыңдар, күн суытып, жапырақтарынан айырылып, тоңып қалған.
Ендеше бүгін біз ағаштардың, орманның суретін салайық.

Жапырақтың салыну техникасын түсіндіріп, содан соң, жұмысқа кірісу.


Аяқтаған жұмыстарды арнайы тақтаға іліп, қояды.
Ақын М. Айтовтың «Алтын күзде» шығармасынан үзінді.
Күзде дала жаурайды.
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды. Соңынан тәрбиеші сабақты қорытындылап, жақсы қатысқан балаларды мадақтайды. Сендерді жүректен жүрекке шеңберіне шақырамын. Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қорытынды.
Бүгін қандай тақырыпта сурет салдық?
Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
Суретті жақсы салған балаларды мадақтап, мақтау.