Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылар назарын сабаққа аудару. 5Т ережесін еске түсіру, барлық ойымызды, сөзімізді , әрекетімізді осы ережелерге бағыттау. Топқа бөлу (Кітапшалар арқылы) Тыныштық сәті. «Орманға ойша серуен» Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Сіз табиғат аясында өзіңізді бақытты әрі қауіпсіз сезінесіз. Осы тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, айналаға күлімсіреңіз! Үй тапсырмасын тексеру. «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын» атты мәтінмен танысу. Балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады. Балаларына айтқан әке өсиетінінің мәні неде? Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойыңды білдіріп көр. Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығы неде? Өздерің қандай ақыл, дана сөздерді тыңдап жүрсіңдер? - Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей, адал, шыншыл болып жақсы өмір сүрген екен. Ал өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай, сол күйі қалады. Ата сөзін, әке сөзін, ұстаз сөзін, үлкендер сөзін, халық даналығын, өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі, адаспайды. Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады. Т кестесі стратегиясы (Қарама - қарсы сөздерді айтады) Ұқыпсыз - ұқыпты Еріншек - еңбекқор Тәртіпсіз - тәртіпті Шыдамсыз - сабырлы Енжар - ұмтылғыш Жалқау - табанды
Дәйексөз: Ата - анаңның ақылы Сайрап жатқан жолмен тең Ақылдының ақылы Сарқылмайтын көлмен тең. (Халық мақалы) Мағынасын ашу. Екі рет ұл балаларға, ккі рет қыз балаларға қайталату.
«Шуақты күн» (Оқушылар күн шуақтарындағы сөздерді оқып, қайталайды, ойға түйеді) 1. Адамдарға ізет білдіріңдер! 2. Түсінбегеніңді сұрап алыңдар! 3.Айтылған сөзге мән беріңдер! 4.Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар! 5.Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер! 6.Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер! Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыздар? Әрине ақыл туралы.
Әңгiмелесу (видео). Талдау Әке мен бала (Ыбырай Алтынсарин)
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді.
1. Әңгіменің кейіпкерлері кімдер? 2. Әкесі неге шиені жерге бір-бірлеп тастап отырды ? 3. Егер әкесі шиені жерге бір-бірлеп тастамаса, баланың бойында қандай қасиеттер пайда болар еді ? 4.Отбасындағы әке тәрбиесі маңызды ма? - Әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалар ештеңеден қиындық көрмейді.Ал өсиет тыңдамайтын адамның ісі алға баспай,сол күйі қалады.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін,үлкедер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі,адаспайды.Ақылды тындайтын бала да ақылды атанады. Шығармашылық жұмыс 1 – топ: Мақалдар жазу 2- топ: Sinkuein немес «Бес жолды өлең құрастыру» стартегиясы 3 – топ: RAFT стратегиясы бойынша кейіпкерлер рольіне кіріп, өз ойларын жазу. 4 – топ: Тақырып бойынша эссе жазу. |