Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Чкалов №2 орта мектебі КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ауаның ылғалдылығы»
Өткізген: Математика және физика мұғалімі
Абдикеева Шолпан Жусуповна
Чкалов 2012 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Ауаның ылғалдылығы» тақырыбы.
Сабақтың мақсаты: «Ауаның ылғалдылығы» тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру мен негізгі физикалық құбылыс ерекшеліктерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға ауаның ылғалдылығы тақырыбы бойынша білім беру . | Дамытушылық: Оқушыларды ой өрісін дамытуға, танымын, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін және белсенділігін дамыту. | Тәрбиелік: Бір-біріне деген ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, адамшершілікке тәрбиелеу. |
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру, білімді жинақтау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, үлестірмелі карточкалар, бағалау парағы, видеопроектор, психрометр, ыдыстағы су, слайдтар.
Сабақтың әдісі: практикалық, топтық.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу мен оларды топқа бөлу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Ауызша, жекеше тексеру.
ІІІ.Сабақтың негізгі бөлігі.
Жаңа сабақ. Жаңа сабақ барысында мұғалімнің басшылығымен бірнеше жұмыс түрлері орындалады. Негізгі ой бұл сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашатын жұмыстар.
1.«Көпір» тапсырмасы.
Слайдтағы сурет бойынша оқушылар ағаштағы жазуды шеше отырып сабақтың тақырыбын ашады.
Құрметті оқушылар берілген әріптерді ағаш бойымен дұрыс келтіріп қою керек.
2. «Жалғасын тап» тапсырмасы.
Құрметті оқушылар біз сіздермен бүгінгі сабақ тақырыбын өткен сабақпен байланыстыру мақсатында ойын ойнаймыз. Ол үшін алдарыңызда жатқан параққа назар аударыңыздар. Парақтағы сөздер, ережелер екі бағанға бөлініп жазылған, сол жұмысты мазмұнына сай сәйкестендіру керек. Кім тез және дұрыс орындайды.
Суы бар шелекте мұз кесегі жүзіп жүр. Су мен мұздың температурасы 00C. Бұл жағдайда....... | Қаныққан бу |
Булану құбылысы дегеніміз....... | Мұз ериді |
Қайнау үрдісінде сұйықтың температурасы...... | Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу құбылысы |
Конденсация........... | Сұйықтың бетінен ұшып шыққан молекулалардың бу түзуі |
 | Меншікті балқу жылуы |
Кристалдану........... | Меншікті булану жылуы |
Қайнау.............. | өзгермейді |
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу | Сұйықтың бүкіл көлеміндегі бу түзілісі |
r | Будың сұйыққа айналу құбылысы |
3. «Ассоциациялық карта» тапсырмасы.
Бұл жұмыс барысында оқушылар топтастыру әдісі бойынша «ылғалдылық» сөзіне синонимдер мен ассоцияларды өз ойларын қағазға түсіру жұмысын жүргізеді.
Ылғалдылық туралы не білеміз?
Ылғалдылықты қалай суреттеуге болады?
Ылғалдылық сөзін естігенде ең бірінші ойға не келеді?
Әр топ мүшелері өздері жасаған ассоциялық картаны қорғап шығу керек.
4. «Миға шабуыл» тапсырмасы. Эксперимент жасау. Эксперименттің мақсаты: Оқушыларға психрометр арқылы бөлменің ылғалдылығын өлшеу мен оның пайыздық мөлшерін табу әдісін үйрету мен мәнін ашу. Ылғалдылықтың адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызын көрсету.
Зертханалық жұмыс
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Жабдықтар: Психрометр (құрғақ-ылғал), бөлме температурасындағы суы бар стақан
Жұмысты орындауға нұсқаулар
1. Сыныптағы ауаны психрометрдің құрғақ жағының t1 температурасын өлшеңдер. Кестеге жазыңдар.
2. Бөлме температурасындағы суды психрометрге құямыз.
3. Психрометрдің ылғал жағының көрсетуін бақылай отырып t2 температурасын өлшеңдер. Кестеге жазыңдар.
4. Градустық өлшемдерінің айырмасын t1-t2 табыңдар. Кестеге жазыңдар.
5. Психрометриялық кесте көмегімен сыныптағы ауаның ылғалдылығын анықтаңдар.
Рефлексия.

Оқушыларды бағалау:
Бағалау парағы
р/с | Оқушының аты-жөні | Тапсырмалар | Ұпай саны | Баға |
«Көпір» | «Жалғасын тап» | «Ассоциациялық карта» | «Миға шабуыл» |
1 | | | | | | | |
2 | | | | | | | |
3 | | | | | | | |
Үй тапсырмасын беру: 75 бет сұрақтарға жауап беру
Қосымша (сабақтағы көріністер)
