Қазақ тілі №16 | Уақыты: 28.09.16 | Кабинет: №7 | Мұғалім: Молдагулова Ж |
Сабақтың атауы | Ю әрпінің жазылуы |
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | Суреттер, оқулық , карточкалар, жұмбақ. |
Жалпы мақсаттар | Білімділік: Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру. Дамытушылық: Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, ойлану жүйелілігін арттыру. Әдемі, көркем, қатесіз жазуға қалыптастыру. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу. |
Оқыту нәтижесі |
Топқа бөлу | Оқушыларды мәтіннің 3 түріне топ ретінде бөлемін. |
Ынтымақтастық атмосферасы | «5»болсын алар бағамыз. Біліммен бақыт табамыз Өнерменен өрістеп Өсе берсін санамыз Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбек ету. | - Олай болса,«Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалын басшылыққа ала отырып жұмыс жасаймыз. |
Қызығушылықты ояту | Психологиялық дайындық. Жаңбыр жауып басылды. Аспан шайдай ашылды. Жел қозғаған жапырақ Жерге түсіп шашылды. Үй тапсырмасын тексеру. 5-жаттығу - Я қандай дыбыс? - Я қандай дыбыстардан құралған. - И әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі? -И әрпінен кейін қандай әріп жазылады? Ой қозғау Жаздай қыдырады, Қыстай тынығады. (Аю) Қандай сөз шықты? Аю қайда болады, ол нені жақсы көреді? Оюдың суреті. Оюды кімдер ояды, қандай ою түрлерін білесіңдер? «Қосмүйіз»-бұл бұғы мүйізін негіз еткен ою түрі. Оюдың бұл түрін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына және етіктің қоншына салады. Сонымен қатар бақыт-береке, байлық, мал-жанның көбеюі сияқты символдық мәні бар. «Қазмойын»-әдемі мойынды тұспалдайды. Бұл өрнекті көбіне әйелдер көйлегінің етегіне, тонның, күртелердің өңірлеріне салып, табиғаттың ерке құсы сынды еркіндікті,сұлулықты тілейді, тағы басқа оюдың түрлері көп. Олай болса оқушылар біздің жаңа тақырыбымыз. Ю әрпінің жазылуы. Аю, ою Айтылуы Айу Ойу Қартайу Жазылуы Аю Ою қартаю Бұл сөздерде екі әріп, үш дыбыс бар. Ю қосарлы дауысты дыбыс. Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына ю әрпі жазылады. |
Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу | Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. -Көп нүктенің орнына ю әрпін қойып жаз. Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар? А..., о..., ұ..., то..., көрке..., үлке..., шалқа... . -Аю, ою, ұю сөздерінде екі әріп, үш дыбыс бар. -Тою сөзінде үш әріп, төрт дыбыс бар. -Үлкею сөзінде бес әріп, алты дыбыс бар. -Көркею, шалқаю сөздерінде алты әріп, жеті дыбыс бар.
Топтық тапсырма жаттығу Суретпен жұмыс. Аю орман аралап келе жатыр еді. Ол араның ұясын көрді. Аюдың бал жегісі келді. Аю араның ұясына қолын салды. Аралар аюды шағып алды. Сергіту сәті: Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп- теріп аламыз, Қалтамызға саламыз “Сөз ойла, тез ойла” ойыны. Берілген сөздерге у әрпін қосса, қандай өзгеріс болады. Той, үй, есей, кеңей, қартай, сарғай. Тақтамен жұмыс 4- жаттығу Төмендегі сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта. Ю әрпінің астын сыз. |
Сергіту сәті | Біздер тату баламыз, Гүл - гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Біздер сергіп қаламыз. | Оқушылар сергіту сәтін жасайды |
Ой толғаныс | Ұю, жаю, күю, сою, жантаю, еңкею, молаю, құю, түю. Сабақты қорыту 1. Бұл не? 2. Бұл қандай дыбыс? 3. Йу дыбысы естілгенімен, орнына қандай әріп жазылады. 4. Ю әрпі бар сөз құра. |
Үй тапсырмасы | Үйге тапсырма 5 –жаттығу Жаңылтпашты көшіріп жазып, Ю әрпі бар сөздердің астын сыз. Ю әрпі бар сөздерде неше әріп, неше дыбыс бар | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Смайликтер арқылы |