Просмотр содержимого документа
«Қысқы ойын сауық»
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 23.01.2018
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Қыстайтын құстар
Тақырыбы / Тема: "Бозторғай"
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная Балалардың құстардың түрлері жайлы білімдерін бекіту.
2.Дамытушылық – развивающая Құстарға қамқорлық, сүйіспеншілік сезімі тәрбиелеу.
3. Оқыту – обучающая : олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту,дәстүрден тыс түтікшемен және монотипия әдісі бойынша сурет салуды бекіту.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, гуашь бояу, қылқалам.
Билингвалдық компонент : бозторғай-снигерь, торғай-воробей
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында әңгімелесу.
- Қыста қыстап қалған құстарды білесіңдер?
Балалар қыста өз жерінде қалатын құстардың түрлерін атап, олардың түрлерін, түстерін, ерекшеліктерін әңгімелеп еске түсіреді.
Құстардың қарны ашпас үшін «жем шашады» (суретін салады).
Суретті салудың ретін түсіндіріп, тақтаға салып, қарапайым сызықтармен салудың жолдарын ауада көрсетіп, бормен сызып, салып көрсетеді.
- Балалар, алдымен қарындашпен қағаздың ортаңғы бөлігіне сопақша пішінді қиғаштап саламыз.
Сопақшаның жоғарғы бөлігі сол жаққа қарай салынса, ал астыңғы бөлігі қағаздың оң жағына қарай төменге қарай бұрыла салынады. Дайын болған сопақша пішінінің оң жағы мен сол жағына құстың қанатын саламыз. Сопақша пішіннің жоғарғы бөлігіне құстың басын салу үшін кішкентай домалақ пішінді саламыз. Ал төменгі бөлікке құстың құйрығын саламыз. Қарындашпен салынып, дайын болған құсты қылқаламның көмегімен қағаз бетіне бояуды сүйкей жаға отырып түрлі түске бояп, көрік береміз.
Балалар өздері бозторғайдың суреттерін салып алады.
Сергіту сәтті:
Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық
Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріліп, жалпылама бақылау арқылы басшылық жасалады.
ІІІ. Рефлексивті – коррекциялық кезеңі.
Педагог балалардың салған суреттеріне ерекше жылы көңілмен қарап, олардың құстарға деген қамқорлығын мақтайды.
Балалар өз әсерлері көңілмен айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: табиғат құбылыстарынан бақылағандарын әңгімелеп айта білуді, құстарды сүйіп, оларға қамқорлық жасап, қорғай білу керектігін біледі.
Игереді: бозторғайдың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу іскерліктерін игереді.
Меңгереді: жұмыс барысында икемділік пен дағдылары және қызығушылықтары қалыптасады.