Ұйымдастыру- іздестіру
Сергіту сәті
|
- Балалар күннің көзі қажет пе?
- Не үшін?
- Ал, жыл мезгіліне байланысты күннің ерекшелігі бар ма?
Жақсы, ендеше сары күннің шуақтарын алып –- өнер орталығына барып күннің достарын жасайық, ал қызыл күнің шуақтарымен - театр орталығына, барып күннің ерекшелігі туралы әңгімелесейік.
Д/О «Жұмбақ»
«Күн ұзарып , қар еріп,
Су сайларға толады.
Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?
Д/ойын «Мен бастаймын, сен қошта»
Тәрбиеші сөйлем оқиды, балалар жалғасын табады.
- Күн жылып, келді ...
- Жарқырайды аспанда...
-Көктемде күн...
-Жаңбыр.. .
-Құстар...
-Үй жануарлары...
-Ағаштар...
Жәндіктер...
Күннің көзі сурет тастап кетіпті. Бірақ, суретші барлығын шатастырып алыпты.Суретті қалпына келтіруге көмектесейікші.
Д/о «Шатаспақ» «Жыл мезгілі» сюжетті сурет
Сөздік жұмыс:Көктем, күннің көзі, наурыз, сәуір, мамыр, жылға, мөлдір, мұз сүңгісі.
Д/ойын «Сиқырлы сандық»
Сандық бар екен, ашайық не бар екен?. Әуен естіледі «Гүлдер вальсі» сандық ішінен гүлдерді алып шығады.
Мынау нелер? Атаңдаршы.
(Әуен «Құстар» биі естіледі). Қараңдар, ағашта құстар отыр. Әуен салып отырған осы құстар ғой.
Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келеді?
«Құстар» биі
Д/ойыны.«Не, қалай дыбыстайды?»
Сиыр мөңірейді,
Жылқы кісінейді.
Қой маңырайды,
Ешкі бақырады.
Д/о «Ненің төлі»
Бұзаудың енесі қалай аталады?
Дәптермен жұмыс:
Төртбұрыштың ішіне көктем мезгілінің ерекшелігін сал.
|
Балалардың жауап береді дәлел келтіреді.
Балалар өз қалаумен алған күннің шуақтары арқылы 2 топқа бөлінеді
Балалар жұмбақ шешуін табады, айтады.
көктем
күннің көзі
жылынады,
жауады
жылы жақтан ұшып келді
төлдейді
бүршік жарады
тіріледі
Балалар карточкалар арқылы сюжеттік суреттен артық суреттерді алып тастайды: аққала, шаңғы, коньки, қыз шанамен сырғанайды, қар ұлпалары, Аяз ата...
Көктемгі алғашқы гүлдері- бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.
Көктем мезгілінде ұзақ қарға, қараторғай, қарлығаш, көкек,тоқылдақ ұшып келеді
Көңілді музыка әуенімен балалар құстарға ұқсап, ұшып, қонып, жемді шоқып билейді
Дыбыстарды таза, анық айтады
Суреттерге қарап, жануарларды және олардың төлдерін атайды. Қағаз бетінде енелері мен төлдері екі жолда көрсетілген бағыттама арқылы қоса отыра сөйлем құрастырады.
|