СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Күзгі орманға саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Прогулка в осенний лес.(на каз.яз)

Просмотр содержимого документа
«"Күзгі орманға саяхат"»

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

карта технологиясы


Тақырыбы: «Алтын күз»


Білім беру саласы:

Таным

Бөлімі:

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:

Күзгі орманға саяхат

Мақсаты:

1.Балаларды жылдың күз мезгілімен, табиғаттағы күзгі ерекшеліктерімен таныстыру.

(Ауа райына сай) күзгі орманға (саябаққа) саяхат жасау.

2. Ауладағы түскен жапырақтарды жинауға , балаларды тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу.Табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясында қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтап, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу. Күзде өлі табиғатта болатын құбылыс өсімдіктерге десер ететіндігін түсіндіру.


Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ұйымдас-тырушылық-қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірімен қол ұстасып:

Келді міне Алтын күз!

Сары шашты жарқын жүз,

Мол өнімді ісімен,

Таңқалдырып халқын , күз!




Балалар қайталайды.

Ұйымдас-тырушылық-ізденістік

1. Жұмбақ жасырады:

Жауып жаңбыр,

Жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады

Бұл қай кезде болады?


Сұрақтар:


-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?

-Күзде жаз мезгіліндей күн ыстық болмайды, күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, құстар жылы жаққа ұша бастайды. Адамдар жылы киінеді.

-Балалар күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

-Күзде балабақша ауласындағы жапырақтар, гүлдер, қандай күйде болады?

-Құстар қай жаққа ұшып барады?

Балабақша алаңында: дербес ойындар, доп тебу

Трениг жасау: «Біз доспыз!,Біз біргеміз!»







Балалар педагогтің көмегімен жауап береді.


Алтын күз, күз мезгілі және т.б сөздерді айтуы мүмкін.

Балалар бір-бірінің жауаптарың толықтырады. Жапырақтар сарғаяды.

-Гүлдер солады.

-Адамдар жерге түскен жапырақтарды жинайды.


Балалар ұжым болып бірігіп ойнайды.

Рефлек-

сиялық-түзетушілік

Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?

  • Біз бүгін сендермен қайда бардық?

  • Не көрдік?

  • Табиғатта өзгерістер қандай?

Рахмет, балалар.

Тәрбиеші , балаларды мадақтайды.

Балалар жауаптарын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Күз мезгілінің ерекшелігін : күннің суытып, жапырақтардың сарғайып түсетінің , құстардың жылы жаққа ұшып кетуін біледі


Нені игереді:

Күн суытқанда жылы киіну қажет. Күзгі табиғат құбылыстары туралы мәліметті, біліп игерді.


Нені меңгереді:

Орманда (парк) өткізілетін бақылау жұмыстары мен еңбек іс-әрекеті арқылы табиғатқа деген қамқорлық жасауды меңгереді.