Класы:1класс
Сабақтың тақырыбы: Отбасы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың отбасылық туралы түсініктерін бекіту. Отбасы мүшелерін атай білуге үйрету, «Өзара сыйластық»ұғымының адамгершілік құндылық ретінде мәнін түсіндіру.Туыс,туысқан ұғымы жайлы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Туыс,туысқан ұғымы жайлы түсінік беру. Отбасындағы сыйластық қарым-қатынасты сақтауға,үлкенге құрметпен,кішіге ізетпен қарауға үйрету.
Дамытушылығы: Отбасындағы туған-туыстарға деген сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.Туыс,жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру
Тәрбиелігі: Өзара сыйластыққа тәрбиелей білу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,сюжетті суреттер,түрлі-түсті қағаздан қиылған күлте жапырақтар.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу,дидактикалық ойындар,жұмбақтар шешу.
Сабақтың барысы:
I.Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Шаттық шеңбер жасау арқылы психологиялық көңіл-күй орнату.
Біз кішкентай баламыз,өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,қарлығаштай самғаймыз.
Көңіл- күйіміз көтерілді ме?
Балалар бүгін бізде ерекше күн.Өйткені тәрбие сағатымызға көптеген апайлар қатысып отыр,өзімізді бүгінгі сабақта жақсы жағымыздан көрсетейік. Сіздерге сәттілік тілеймін.
Жаңа сабаққа дайындық.
Маған да,саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы ,солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәріде өз жұратың,
Айтады кәне кім атын? (Ата,ана,апа,аға,іні)
Осы адамдарды бір сөзбен кім деп айтуға болады?
Дұрыс-ақ. Отбасы мүшелері деп айтамыз.
II. Жаңа сабақпен жұмыс.
Тақырыпты хабарлау.
Мақсатымен таныстыру.
Сұрақ-жауап.
Отбасы дегеніміз не? Сыйластық деген не?(Балалардың жауаптары тыңдалады)
Интерактивті тақтадан оқушыларға «Менің отбасым» тақырыбында тыңдалым қосу арқылы отбасы мүшелері жайлы түсінік беру.
Оқушы жауабы мен тыңдалымды салыстыру,талдау.
Нағашы ата,нағашы әже дегеніміз кімдер?(Нағашылары жайлы айту.)
Балалар отбасындағы сыйластық дегенді қалай түсінеміз? (балалар жауабы тыңдалады)
Суретпен жұмыс.
Отбасы мүшелерінің суреттерін аталуы бойынша дұрыс орналасыту керек.
Ойын жаттығуы. Жұптық жұмыс. «Күн шуағы» Балаларға «Өз үйлеріңдегі адамдар бір-бірін қалай сыйлайды?» деген сұрақ қойылады. Алдын ала балаларға күн шуақтары таратылады, сыйластық сөздерді шуақшаларға жазып,тақтаға іледі. (құрметтейді,қамқорлық көрсетеді,көмектеседі,мейірімділік танытады,кешірімді болады,сенім артады,жақсы көреді, жанын түсінеді т.б.)
III. Сергіту сәті.
Балалар «Апам үшін » әнін айтып тұрып,би қимылдарын жасайды.
IY.Алдын ала үйге берілген тапсырма бойынша жұмыс.
I-топ.«Менің отбасым» тақырыбында әңгіме жазу.
II-топ. «Отбасы» тақырыбында бір шумақ өлең жазу.
Y.Ойын. «Сыйласа білесің бе?»
Сыйластықты білдіретін және сыйластықты білдірмейтін сөздерді араластырып,алдын ала сөз тіркестерінің тізімін құрамын.Оқылған сөз тіркестерін балалар ойын барысында «дұрыс» деп тапса шапалақтайды, «бұрыс» деп тапса алақандарын екі жаққа жаяды.
Сөз тіркестерінің үлгісі:
Үлкен кісіге бірінші болып сәлем беру;
Кішілерді жәбірлеу;
Үлкен кісінің ақылын тыңдау;
Үлкендердің сөзін бөлу;
Ата,әжелердің қолына су құю;
Үлкендердің алдын кесу;
Аға,әпкелермен ренжісу;
YI. Жұмбақтар шешу.
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ло әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім?(атаң)
Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге,
Білгенің асады кәдеге. Ол кім?(Әкең)
Аймалайды күнім деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті ақ дейді немере,
Бал шырындай үнің деп. Ол кім?(Әжең)
Өресің шашын да,
Қарайсың басын да.
Бас көз боп жүресің,
Сен кімсің қасында. Ол кім?(Сіңілің)
Көмекші шешеге,
Құйттай қыз кешегі,
Сіңілісін уатып.
Қамқор боп өседі,
Қазақта ол жайлыКімісі деседі? Ол кім?( Әпкесі)
YI. «Кім жоқ?» ойыны.
Отбасы мүшелерінің суретін тақтаға іліп қоямын,балалардың көздерін жұмып отыруын ескертемін,көздерін жұмғанда сурет орындарын ауыстырамын, көздерін ашқанда қай суреттің орны ауысқанын балалар айтуы керек.
YII. Жүректен жүрекке.
Балаларды шеңбер бойына жинаймын. Бір біріне жүректі ұсына отырып,өз отбасыларына жүректерінен шыққан тілектерін тілейді.
Менің отбасым аман болсын.
Отбасымда қуанышты күн көп болсын...т.б.
YIII.Қорытындылау.
Балалар бүгінгі сабақта қандай тақырыпта сөз қозғадық?
Отбасы деген не екен?
Отбасылық сыйластық дегеніміз не ?
Біз отбасымызда қандай бала болып өсеміз?
IX.Балаларды мадақтау.
Балаларға әрқашан отбасыларында көңілдері күндей ашық болсын деп күн сыйлаймын.