СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "М. Әуезов Көксерек әңгімесі"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 сынып Қазақ әдебиеті Сабақ жоспары "М. Әуезов Көксерек әңгімесі"

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "М. Әуезов Көксерек әңгімесі"»

Уақыты:

Тексерілді:

Сабақ тақырыбы:

М.Әуезов.  «Көксерек» әңгімесі (үзінді)

Жалпы мақсат:

Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестен үзіндісімен таныстыру, үзіндінің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әңгіме мазмұнын меңгерту, ондағы тағылары мен адамдар іс - әрекетін түсіндіру. Көксеректің түз тағысы екендігін дәлелдеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

«Көксерек»- фильмінен үзінді, Венн диаграммасы, суреттер, слайдтар, музыка.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. жас ерекшеліктеріне сай оқу мен оқу, басқару мен көшбасшылық




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.


Шарлар арқылы топтарға бөлу.

ІІІ. Жаңа тақырып

М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі.
а) Слайдтан деректер: Мұхтар Әуезов (1897 - 1961)
Туған жылы – 1897
Туған жері – Семей облысы, Абай ауданы.
Таңдаулы әңгімесі – «Көксерек» - 1929ж.
Мазмұны: Қасқыр – Табиғат – Адам.
ә) «Көксерек»- фильмінен үзінді көру.
Алдымен фильмге байланысты анықтама береміз.
Кейіпкерлері: Құрмаш, әжесі, Қасен, ауыл адамдары, Көксерек, Аққасқа.
Өнер туындысы: «Көксерек» кинофильмі. Қырғыз кинофильмі.
Режиссері: Толоуш Океев. Құрмаш ролінде: Қамбар Уәлиев.
б) Сұрақтар: фильм бойынша топ мүшелері өз ойларын ортаға салады.
Қасқырлар мен адамдардың ұқсастық неде?
Көксеректің ызалану себебі неде?
Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
Нәтиже: Осы сұрақтарға жауап ала отырып, әңгіменің негізін, яғни әңгімедегі өзекті ойды анықтау. Мәтінді сұрақ - жауап арқылы түсіндіру.
в) Кітаппен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу

IV.Шығармашылық жұмыс

г) Дәптерге жұмыс: Әр топқа жазба жұмыстар.
І - топ. Табиғат. «Көксеректің өлімі».
ІІ - топ. Адам. «Құрмаштың қайғылы тағдыры».
ІІІ - топ. Қасқыр. «Көксерек – көкжал қасқыр».



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

V.Қорытындылау

1. «Көксерек» әңгімесінің авторы кім?
А) Ғ. Мүсірепов
Ә) М.Әуезов
Б) С. Мұқанов 
2. Қасқырдың баласын қалай атайды?
А) күшік
Ә) қонжық 
Б) бөлтірік
3. Әңгіменің басты кейіпкері кім?
А) Бөлтірік
Ә) Құрмаш
Б) Жұмаш

Жұмбақтар
1. Күш десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды
Түнде жортар ісі бар.
Ол не? (Қасқыр)
2. Қасқырды қанша асырасаң 
Орманға қарап ұлиды. 
3. Қасқырды сұрлығы үшін емес,
Ұрлығы шін ұрамыз. 
4. Қасқырдың ауызы жесе де қан,
жемесе де қан.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Көксерек» (Менің әңгімеден алған әсерім - ой толғау жазу).

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Бағдаршам »