СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Торсық" мүсіндеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: Қарапайым еңбек дағдыларына, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Қолдың ұсақ моторикасын, эстетикалық талғамын дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Халық шеберлерінің еңбегі туралы білімін кеңейту, саздан жасалған халықтық бұйымдардың желісі бойынша мүсіндеу дағдыларын бекіту. Затқа қарап торсықты мүсіндеп, қазақ оюларымен әшекейлеуге үйрету. Дидактикалық ойын: «Ұлттық ыдыс – аяқ түрлері» 

Просмотр содержимого документа
«"Торсық" мүсіндеу»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.

Пән/Предмет: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Салт - дәстүр және фольклор»

Тақырыбы/Тема: «Торсық»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Қарапайым еңбек дағдыларына, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Қолдың ұсақ моторикасын, эстетикалық талғамын дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Халық шеберлерінің еңбегі туралы білімін кеңейту, саздан жасалған халықтық бұйымдардың желісі бойынша мүсіндеу дағдыларын бекіту. Затқа қарап торсықты мүсіндеп, қазақ оюларымен әшекейлеуге үйрету. Дидактикалық ойын: «Ұлттық ыдыс – аяқ түрлері»

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, ӨТТШТ технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: торсық ыдысы, ұлттық ыдыстар түрлері, ермексаз, тақтайша, орамал.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: торсық – бурдюк, ою – өрнек - орнамент


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Қонаққа Тазша баланың келгенін айтады. (қолында торсық болады)

Балалар қараңдаршы тазша баланың қолындағы не екен?

-Балалар, сендер білмесеңдер тыңдаңдар. Бүгін Тазша бала бізге ұлттық ыдыстар туралы айтып береді.

Балаларды қазақ халқының ұлттық шеберлігімен таныстыру (торсық, табақ, тостаған, кесе)

Осы бұйымдарда не бейнеленгенін сұрау.

Ою өрнектерді естеріне түсіру.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Әңгімелеу.

Қазақ халқының ұлттық ыдыс – аяқтарының ішінде «торсық» ыдысына толығырақ тоқталу.

Тәрбиеші қымыз құятын ыдысты көрсетіп, (немесе суретін) оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне назар аударады. Балаларға торсықтың тұрмыста қолданылуы жайында әңгімелейді. Балалар,бұл ұлттық бұйым-торсық. Торсыққа ұзақ жолға шыққан жолаушы (ержігіт) қымызды толтырып алып шығады, жолда ішкен қымыз, әрі шөл қандырады, әрі күш береді. Қымыз құятын ыдысты көрсету,оның пішініне,көлеміне,ою-өрнектермен әшекейленуіне,теріден жасалатынына,жеңіл болатынына назар аудару.

-Балалар,осы ұлттық бұйым, қымыз құятын әдемі торсықты мүсіндейік.

Көрсету және түсіндіру.

1. Ермексазды алақандарына салып,сопақша пішінге келтіріп,осы бөліктен шымшып созу арқылы мойнын шығарамыз,екі бүйірінен ұшын саусақпен созып шымшып, қысу арқылы үшбұрыштап ою тәріздес иіп,мүсінін келтіреміз.

2. Торсықтың қақпағы. Ермексазды алақанға салып домалақтап, фломастердің қақпағы арқылы дайын болған домалақ пішіннің ортасына ойық жасаймыз. Ойыққа саусақтың көмегімен қақпақтың пішінін орналастырамыз.

3. Тәрбиешінің көмегімен балалар торсықты қалауы бойынша әшекейлейді. Ермексазды ұзыншалап созып, есіп, «Қошқармүйіз» оюымен әшекейлеуге болады.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрмайық

Ою өрнек сызайық

Қошқар мүйіз, тұмарша

Құстұмсық пен ирек су

Ою өрнек салайық.

Балалардың өзіндік жұмыстары.

Жеке жұмыс: Аминаға созу, шымшу тәсілдерін үйрету.

-Балалар,бүгін ұлттық бұйымымыз-торсықты мүсіндеп, әшекейледік.

Билингвалдық компонент: торсық – бурдюк, ою – өрнек – орнамент

Д/О: «Ұлттық ыдыс аяқ түрлері»

Мақсаты: Ұлттық ыдыстардың аттарын атауды, ыдыстардың жалпы және жеке атауларын меңгерту, ұлттық құндылықтарымыз туралы білімдерін көтеру.

Көрнекілік: ұлттық ыдыстар түрлері (тостаған, торсық, шәйнек, қазан-ошақ)

Ойын шарты: ыдыстардың аттарын атай отырып, ажыратып толықтыру. Оларда қандай тағамдар дайындалатының және сақталатындығы туралы әңгімелеп беру. Олар неден жасалған екендігі туралы айтқызу.

Тазша бала: Балалар сендер өте ақылды, еңбекқор екенсіңдер. Енді торсық туралы білетін болдыңдар. Ал, мен енді басқа да балаларға біздің ұлттық ыдыстарымыз туралы айтуым керек. Сау болыңдар.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Тазша бала бізге қандай ұлттық ыдыс алып келді?

-Торсықты не үшін қолданады?

Өздерің мүсіндеген торсықтарыңды ұлттық бұрышқа орналастырыңдар.

Балаларды мадақтау.