6x + 5y =10 y- ті x арқылы өрнектейік: 5y =- 6x+10, y= -1,2x+2. Мәндес теңдеулерге назар аудартыңыз. Шыққан теңдеу шешімдерін табайық: х – ке кез келген мән беріп, у – тің мәнін табамыз. x =1 y = 0,8; x =2 y = - 0,4; x = 3 y = -1,6. Екі айнымалысы бар теңдеу шешімін жазуды түсіндіріңіз. Жауабы: (1; 0,8); (2; -0,4); (3; -1,6). Топта жұмысты жалғастыру (біртіндеп күрделенеді) №1. Төмендегі теңдеулерден шешімі x = 3, y = 2 болатындарын теріп жазыңдар: 1) 6x - 2,5y – 13 = 0; 2) 0,3x - 4y = 10,8; 3) x +3,5y – 8 = 0; 4) 0,6x - y +0,2=0. Жауабы: 1); 3); 4). №2. Теңдеудегі у айнымалысын х арқылы өрнектеп, теңдеудің қандай да бір екі шешімін табыңыз: 1) x + y = 3; 2) 2,5x + y = 4; 3) x +y = 1,5; 4)1,75x + y = 3; 5) 1,4x + y - 2= 0; 6) x +y -1 = 0. №3. 1) x=-3 пен y=4 мәндер жұбы –ax+3y= 6 теңдеуінің; 2) x=0,5 пен y=2 мәндер жұбы –ax+ y=1 теңдеуінің; 3) x=2 пен y=4,5 мәндер жұбы –ax-2y=11 теңдеуінің шешімі болады. Теңдеудегі х – тің коэффициенті а – ның мәнін табыңдар. Жауабы:1) 2; 2) 1,5; 3) -10. №4. Екі қаланың арасы 54 км. Велосипедші алғашқы сағаттарда 12 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, келесі сағаттарда 10 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүрді? 10 км/сағ жылдамдықпен неше сағат жүрді? Жауабы: 2 сағ; 3 сағ. Дескриптор: Білім алушы: шешіміне байланысты теңдеуді таба алады; теңдеудегі у айнымалысын х арқылы өрнектейді; теңдеудің қандай да бір екі шешімін табады; теңдеудегі х – тің коэффициенті а – ның мәнін дұрыс табады; есеп шарты бойынша сұраққа жауап береді. Дайын жауап, дескриптор арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз. Көзге жаттығу Жеке жұмыс тапсырмалары №1. Берілген теңдеулердің ішінен екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді табыңыз: 1 ) 3х + 6у = 5; 2) ху = 11; 3) х – 2у = 5 4) х + у = 7; 5) ; 6) ху + 7у = 12. Жауабы: 1); 3); 4); 5). №2. Берілген сандар жұбы теңдеудің шешімі бола ма? 1) х + 3у = -5 (-5;0), (-4;3), (4; -3). 2) 2х + у = -5 (-4;3), (-1;-3), (0;5). Жауабы:1) +; -; +. 2) +;+;-. №3. Өрнектеңіз: 4х – 3у = 12 а) х –ті у арқылы; б) у –ті х арқылы; 2х = 2у = 4 а) у-ті х арқылы; б) х -ті у арқылы. №4. Балалар бақшасына 3700 теңгеге қонжықтар, қуыршақтар, доптар, барлығы 12 ойыншық сатып алынды. Қонжықтың бағасы 500 тг, қуыршақтың бағасы 300 тг, доптың бағасы 200тг. Балалар бақшасына неше қонжық, неше қуыршақ, неше доп сатып алынды? Кестені толтырыңыздар: Дескриптор: Білім алушы: екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді біледі; теңдеудің шешімін табады; теңдеудегі айнымалыларды бірі арқылы бірін өрнектейді; мәтінді есеп шарты бойынша ойланып, кестені дұрыс толтырады. Дайын жауапты тақтада көрсетіп, оқушылардан өзін – өзі бағалауды талап етіңіз. |