Басы (5 мин) | Сабақты бастамас бұрын сыныптағы ынтымақтастықты жақсарту мақсатымен бір-біріне жылы лебіз білдіреді. Сыныпта ешкіммен араласпайтын оқушылар өздерінің жалғыз емес екендігін түсініп, бәрі де достық сезімімен жұмыс жасайтынын сезінуі үшін. Мысалы: «Мен саған сәттілік тілеймін!» Оқушылар бірлесіп белгілі нәтижеге жету үшін топқа бөлемін. (кескін суреттер арқылы: ет тағамдары, сүт тағамдары, нан тағамдары) Сабақтың басында осы сабақтың мақсатымен таныстырамын. Бірлесіп жетістік критерийлеріе құрастырамын. Балаларға бүгінгі сабақта бағалау сатылай болатынын айтып кетемін. Сабақтың соңында әр оқушы саты бойынша өзінің қай деңгейде екенін көре алады.; Күтілетін нәтижелерді белгілеймін. | Келесі қысқартуларды қолданыңыз: МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық МЖ = Мұғалім жасаған ӨД = өзге дерек көздері |
Ортасы Білу (10 мин) Түсіну (10 мин) Салыстыру (5) Қолдану және саралау (10) | Критерийлер: 1.мәтінді түсініп оқыды. 2.Ұлттық тағамдарды біледі. 3.сұрақтарға жауап берді. 1. Тапсырма. Мәтінді тақтаға шығарамын (топта әрбір оқушы көзбен жеке оқып шығады, түсініксіз сөздерді түртіп алып жазады)Барлық оқушылар мәтінмен жеке танысады, түсініксіз сөздерді өздері жазып алып, топ ішінде мағынасын анықтайды 2.Тапсырма. Жаңа сөздерді теріп жазып аударады. Мағынасын түсінеді. Күрделі сөздердің мағынасын ашады (қуырдық жаңа сойылған малдың етінен жасалатын тағам) т.б. Әр оқушы бір сөйлемнен құрайды. (жаңа сөздер есте қалады). Сөйлемдерін оқып, топта шағын мәтін шығады. Берілген мәтінді мазмұндап, құраған сөйлемдерімен салыстырады. 3.Тапсырма Венн диаграммасы. өздерінің үйде әзірленетін тағаммен салыстыру: Өзге тағам ұқсастығы қазақша ет Нәтижесі: салыстырып, айырмашылығын айтады, атауларын есте сақтайды. 4.Тапсырма: ұлттық тағамның бір түрін таңдап, жасалу жолдарын көрсету: оқиды, табады, талқылайды, түсінеді, есте сақтайды. (еттен «қазақша ет», сүттен «айран», наннан тағамдарынан «бауырсақ» қандай ұлттық тағамдар әзірлеуге болатыны туралы әр топ өзара таныстырылым жасап, баяндайды), қосымша сұрақ қойып, жауап береді. Таныстырылым бойынша өз ойларын басқа топтың пікірімен салыстырып, толықтырып айтады. | Дескрипторлары: 1.жаңа сөздерді тауып мағынасын түсінді; 2.Жаңа сөздермен сөйлем құрады; 1.Мәтінді мазмұндады; 2.Қосымша ұлттық тағам туралы мәлімет табады, мазмұндады, түсінеді, есте сақтайды. 1.Өзара топтрарға сұрақ қойып, жауап береді; 2.Өз пікірін өзгелермен салыстыра отырып, жауап береді. жаңа сөздерді тауып мағынасын түсінді   Жаңа сөздермен сөйлем құрады; 1.Мәтінді мазмұндады  2.Қосымша ұлттық тағам туралы мәлімет табады, мазмұндады, түсінеді, есте сақтайды https://www.youtube.com/watch?v=5-gdO0oY_1w 1.Өзара топтрарға сұрақ қойып, жауап береді; 2.Өз пікірін өзгелермен салыстыра отырып, жауап береді.  |