СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Алтын күз" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ересектер тобына арналған алтын күзге ертеңгілік

Просмотр содержимого документа
«Алтын күз" ертеңгілігі»

13 бөбекжай-бақшасы












«Алтын күз»


Ертеңгілік


Ересек топ «Гүлім»








Тәрбиешілер: Каргабаева А.С.

Бурбаева А.Н.

















2014 – 2015 жыл

Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.

Тәрбиеші:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Құрметті ата-аналар, балалар, тәрбиешілер «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне алтын күз.
Бүгінгі мерекеге орай балалар өздерінің жылы лебіздерін жолдайды.
С.Анель: Дамылдап жатқан балғындай,
Тоқтатты сулар тасуын.
Ағаштар алтын жамбыдай,
Шашады жерге шашуын.
Жүрексіз қоян безеді,
Жөңкілсе қаңбақ күздегі.

Ангелина
Күн суытып барады,
Малдар қолға қарады.
Қараша ауыл даламыз,
Қысқа дайын боламыз.

Айзере: Берекесін сыйлайуға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Бекзат: Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды
Алина: Күз айы басталды

Құстар қайта бастады

Жапырақ сарғайып

Жерге түсе бастады.

Би: «Көңілді би» балалардың орындауында.

Тәрбиеші: Естіп тұрсыңдар ма? Бізге Күз ханшайымы келе жатыр.
Залға «Күз ханшайымы» кіреді
.
Күз ханшайымы: Алтын түске боялды

Тау мен дала.

Келдім , міне ортаңа,

Алтын күздің – Ханшасы.

Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар

Жер дүниені аралап, мерекелерді тамашалап сендерге де келіп жеттім.

Мені есіне алып жатырсыңдар ма? Сендерге күз мезгілі ұнайды ма?

Тәрбиеші: Әрине, Күз ханшайымы! Дала тегіс сарғайып, көркейді. Біз сізді қуана күттік. Сіз бізге көп өнім әкелдіңіз. Сізге арнап мереке өткізіп жатырмыз.

Күз ханшайымы: - Ой жарайсыңдар, мен туралы не айта аласыңдар?

(Балалар: жапырақтар сарғаяды, түседі, ауа райы салқын, құстар жылы жаққа ұшып кетеді).

Күз ханшайымы: Балалар күзде не жиі-жиі жауады.

Балалар: Жаңбыр.

Күз ханшайымы: Ал сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Қорықпаймыз.

Тәрбиеші: Керісінше жаңбыр туралы өлең білеміз.

Өлең: «Жау жаңбыр».

Жүргізуші: Біздің Ұлдарымыздыңдың орындауында «Саңырауқұлақтар» биі. Тамашалаңыз.

Би: «Саңырауқұлақтар».

Күз ханшайымы: Балалар күзде барлығы өнім жинап, қысқа дайындалады. Ал сендер қысқа дайынсыңдар ма?

Тәрбиеші: Біз де өнім жинаудан кешікпейік.

Ойын: «Шалқан»

Тәрбиеші: Ал балалар біздің қонақтарға «Көкөністер дауын» тамашалап көрсетейік.

Көрініс: «Көкөңістер дауы».

Көкөністер дауы

Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:

Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,

Қырыққабатқа қарашы!

Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.

Көкөністер: Жиналып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші: Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.

Бұршақ: кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне!

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе!

Тәрбиеші: Ызаланғаннан қызылша қып-қызыл болып кетті.

Қызылша: Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды

Винегрет те үстелде.

Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана!

Қияр: Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!

Шалқан: Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таң қалды,

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды!

Сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Қызанақ: Піскен кезде қызынақ;

Көз тартар қызыл түсімен.

Бар ма адам сүйсінбей

Тамат шырынын ішпеген?

Пияз: Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.

Картоп: Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар!

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтатайық.

Көкөністер: Жиналып қалыппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәсдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші: Көкөністер бәрі де,

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер!

Тәрбиеші: Күздің көңілін көтеру үшін біздің қыздар «Әсем» биін билеп береді.

Би: «Әсем»

Ойын: «Өнімді жина»

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларымыздың өнерлері осымен шектелмейді, біздің балалар жырдан шашу шашады.

Әсем: Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағы мол құйды.
Күн астында алтын дән,
Тербеледі, толқиды.
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін.
Біздің дала бай дала,
Астық толы айнала.
Темірлан: Қоңыр күз келдің бе?
Қабағың түйіліп.
Қауындар, жемістер
Қалыпты жиылып.

Адия: Қиқулап көкте жүзеді,
Құстардың керуен тізбегі.
Күйекте күйлі мал қанша,
Қырманда толы дән қанша,
Алтын күз әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.

Б.Анель: Өсем бақша бауында

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикідей

Күлкі болам кауымға

Искандер: Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығына ырзамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз

Камила: Алтын астық кең далам

Ытығады ел маған

Қызыл қырман қожасы

Қыркүйегің мен болам

Томирис: Алтын, сары,қызыл, көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Күн шуақта маужырап

Жатыр енді атырап

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Дина: Дәнге толы қызыл қырман

Қырман басы қызыл думан

Мөлдіретіп жүздерін

Келді алтын күзім менің

Молшылық күз- береке күз

Береке күз- мерекеміз.

Ағылшын би-әні: «Жаңбыр»

Күз ханшайымы: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын, өте талантты балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де, өнерлеріңді де өрістете беріңдер, сау болыңдар.
Тәрбиеші: Ертеңгілігімізді «Жас дәуірдің түлегіміз» әнімен аяқтаймыз.
Балалардың орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әні.

Тәрбиеші: Міне балалар, күзге арналған ертеңгілігіміз аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын, елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.