СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ: "Ақан сері" 10 сынып

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:Ақан сері Қорамсаұлы, өмірі мен шығармашылығы 

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ақан серінің өмірі туралы жаңа білім беру, талдау жасау 

2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, өлең талдау дағдыларын ұштау. 

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ақын шығармашылығын бағалай білуге тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Ақан сері" 10 сынып»

Сыныбы: 10 «Б»  Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:Ақан сері Қорамсаұлы, өмірі мен шығармашылығы 

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ақан серінің өмірі туралы жаңа білім беру, талдау жасау 

2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, өлең талдау дағдыларын ұштау. 

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ақын шығармашылығын бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, талдау 

Сабақтың көрнекілігі: Ақан сері туралы қосымша мәліметтер. 

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы 

Сабақтың барысы: 

І Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, зейіндерін аудару.

 ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

1. Біржан салдың өмірі

2. Шығармалары.

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Ақан сері туралы сөз;

2. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы.








Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843- 1913)

Реті

Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы

1.

1843 жылы Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Ақынның өмірі, балалық, жастық шағы Көкшетау өңірінде өтеді.

2.

Көп қыздың ортасындағы жалғыз ұлынан көп үміт күткен әкесі Қорамса Ақанды ауыл молда-сынан дәріс алуға береді, Ақан аз уақытта хат танып, Шығыс әдебиеті мен шариғат жолын жақсы меңгереді. Он үш жасында Қызылжардағы Уәлиахун деген кісінің медресесінде үш жыл оқиды, қалада жүріп, орыс тілін де үйреніп алады.

3.

Бірақ бала кезінен домбыра тартып, әнге, өлеңге құмар болып өскен Ақан, басына сәлде орап, мешіт ұстаудың орнына қайда жиын-той, шілдехана, алтыбақаны бар жерге аңсары ауа бере-ді. Бойшаң, келбетті, әдемі ашық үні бар жігітті қай жерге барса да құрметпен қарсы алатын болған. Сол кездегі дала өмірінің аса қызық түрі: жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстау еді. "Сері" деген атаққа осы шарттар лайық болатын.

4.

Ақанның жас та болса жан-жақты дарын иесі екенін таныған алыс ағайындары оған Құлагер атанған тай, Қараторғай атанған бүркіт, Көкжендет атанған қаршыға сыйлайды. Тай кезінен баптап-күтіп, жаратқан Құлагер ат бәйгесінің алдын бермейтін жүйрік болып шығады. Аты-ғай, Қарауыл деп аталатын Арқадағы қалың ел ішінде қандай жарыс болса да, Құлагер бәйгенің алдын бермейді. Құлагердің даңқы Ақанның әншілік атағымен қоса шығады.

5.

Ақанның "Қараторғай" атты бүркіті біраз жыл өткен соң қартайып, қанаты бар болғанымен құйрығының қауырсыны түсіп, сиреп, ұшса да жерге қона алмай, аспанда шырылдап жүретін болған. "Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады" деген халық мәтелі бар. Бір кезде түлкі-ні де, қасқырды да құр жібермейтін бүркітінің мүшкіл халін көрген нәзік жүректі Ақан ойға батып, қатты тебіренеді. "Қараторғай, ұштың зорға-ай. Бейшара, шырылдайсың жерге қонбай!" - деген зарлы қайырмамен аяқталатын "Қараторғай" атты ғажайып ән осылай ту-ған. Бұл әнде әнші мен қыран құстың тағдыры қатар елестейді.

6.

Ереймен жақта Сағынай деген атақты кісінің асына арнайы шақырылғанда, күндеушілері көп Ақан барғысы келмеген деседі. Бірақ ауыл-елдің беделді адамдарды кеу-кеулеп, Ақан Құлаге-рі арқылы тағы бір абырой алмақ болады. Бұл асқа Батыраш, Қотыраш деген байлардың бала-лары да келген еді. Олардың да жүйрік аттары бар. Құлагердің бәйгеге қосылатынын естіген олар, егер аттары олардан кейін келе жатса, қастандық жасайтын адамдар дайындайды. Ол кезде бүгінгідей айналып шабу жоқ, аттар ұзаққа жіберіледі... Құлагердің алдымен келе жат-қанын көрген әлгі адамдар қамыс ішінде жасырынып тұрып, Құлагерді шоқпармен ұрып өлтіреді. Соңғы жұбанышы, қызығы болып жүрген сәйгүлігінің бұл өлімі онсыз да қам көңіл Ақанды зар еңіретеді. Ол айтқан "Құлагер" әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай-сүйегін сырқыратады.

7.

Ақан сері туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын “Ақан сері — Ақтоқты” операсын, Сәкен Жүнісов«Ақан сері» дилогиясын жазды.



ІV Дәптермен жұмыс:

Ақан сері туралы мәліметтер жазу.



V Қорытынды:  өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының

асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді.«Ақан сері» ата-нып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. 

VІ Бағалау:



VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру: - Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқу.

Ақан серінің әндерін айтып үйрену. Ақан сері туралы кино жайында әңгімелеуге дайындалу.



VІІІ Қолданылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы. Қазақ әдебиетінің энциклопедиясы.