Просмотр содержимого документа
«Кеңістікті бағдарла»
Ересек «Жұлдыз» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 31.10.2019 жыл
Тәрбиеші:
«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Өтпелі тақырып: «Нан неден жасалады?»
Тақырыбы: «Таң, кеш, түн, күн».
Мақсаты:
Тәрбиелік:Тәулік бөліктері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:2 және 3 санын салыстыру.Таныс заттардың көлемін салыстыру жұмысын жалғастыру (үлкен, кішірек, кішкентай)
Оқыту: Танертен, түс, кеш тәулікті бөліп үйрету.
Педагогикалық технологиялар : Триз технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, ноудбуктан видео
Билингвалдық компонент : кешке-вечер,бүгін-сегодня, ертең-завтра.түс-обед
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Уақытты бағдарлауға байланысты қызықты суреттер, тақпақтар
1) Таң, кеш, күн, түн деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Қарсы алып, ерте күн көзін
Төсегіңді жинадың өзің.
Әдет қыл бұл істі
Тазалап жүр тісіңді.
Бұл қай мезгіл?
балалар сендер танертен балабақшаға келесіңдер,танертен таңғы ас ішесіңдер
Түс кезінде күн тас төбеге көтеріледі.Түсте сендер түскі ас ішесіңдер.
Кешке күн батуға жақындайды,сендер балабақшадан үйге қайтасыңдар.
Түн мезгілі: ол кезде сендер ұйықтайсыңдар ,тынығып күш жинайсыңдар.
2.Негізгі бөлім
Үлкен,кішілеу,кішкентай
«Үш аю» ертегісінен үзінді оқу:
-Орманда адасып жүрген Маша бір үйді көреді.Ол үйде аюлар тұрады.Ол үйде неше аю тұрады?
Логикалық тапсырмалар
1.Үйге келді Мадияр.
Оған қоса Данияр.
Одан кейін Айдана.
Қанша болды бар бала?
2.Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қашып тышқандар.
Біреуі кірді қорапқа.
Біреуі кірді шкафқа.
Біреуі кірді жәшікке.
Тығылды сонда нешеуі?
2) Доптарды, жемістер мен көкөністерді салыстыру.
3) Сергіту сәті:
Ал кәнекей тұрайық
алақанды ұрайық
оңға бір брылып,
солға бір бұрылып
бір отырып,бір тұрып
бой сергітіп алайық.
4) Д/о «Адасқан сандар»
балалармен орны ауыстырылған сандарды орнына қою арқылы балалардың зейінін дамыту.
3.Қортынды
Біз не білдік?
Тәулік, мезгіл жайлы ұғымдарын қалай түсінесіндер?
Балаларды мақтап-мадақтау.