Бағалау критерийі | - Оқушының төменгі жетістігі(ОТЖ): мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, тақырып жайлы ақпарат береді. Оқушының орташа жетістігі(ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, сипаттайды. Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады. |
Сабақтың ортасы | Қызығушылықты ояту: тақырыпқа байланысты мақал-мәтел. Ел - елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы. Сабақ тақырыбын ашу және бағалау критерийлерімен танысыру. Оқушылар SMART-мақсатты жазады. Менің жетістігім: Мен ...... білемін. Мен ...... түсінемін. Өзім ...... орындай аламын. * Ұлы Жібек Жолы- Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. ҰЖж- адамзат өркениеті тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір. Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жол-дары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен. 1-тапсырма. Мәтін бойынша сызбаны құрастыру. Шымкент- ең ірі орталықтардың бірі болған, орта ғасырлық қала жұрты-ның қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға баратын. Сарайшық- Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орнала-скан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынған. Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орны. Тараз- б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін өмір сүрген қала. VI ғ. қаланы көпестер қаласы деп атаған. Қала түргештердің, қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған. Тараз VII- VIII ғасырда ҰЖжолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. Отырар- ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар (Фараб) деп те аталған. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда- саттық жасау, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларының мәдениеті мен экономикасының дамуын монғол шапқыншылығы тежеді. 1219 жылы күзде монғолдар қаланы қоршап, 6 айдан кейін басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты. Қазіргі кезде қала орны ғана сақталған. Құлан- орта ғасырдағы (VII-XII ғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облы-сындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала. 1963-65 ж. К.Ақышев зерттеп, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңындағы төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны екенін дәлелдеді. Қойлық- Қаялық Іле алабындағы аса ірі ежелгі қаланың орны (ІХ-ХІІІ ғ.). Қойлық Қарлұқ қағаны - Арыслан ханның ордасы болған. Қаланың тұрған орны туралы түрліше жорамалдар бар. Қазақстан Республикасы ҰFA археологтары жүргізген соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулер қаланың орны қазіргі Алматы облысы Сарқант ауданы Қойлық ауылы маңындағы қираған құрылыстар екенін анықтады. Саудакент- орта ғасырлардағы ірі қалалардың бірі. Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Ежелгі дерек-терде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған. Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді. Дескрипторлар: 1. оқып, аударады. 2. сұрақтарды дайындайды. 2-тапсырма. Тақырып бойынша өз көзқарастарын білдіреді. Ақ қалпақ- негізгі фактілер, орташа объективті ақпарат. Қызыл қалпақ- ішкі сезім, эмоцияны білдіру. Қара қалпақ- сыни аналитик, логикалық негатив. Сары қалпақ- шуақты оптимизм, логикалық позитив. Жасыл қалпақ- мүмкіндіктер, идеялар. Көк қалпақ- қорытынды, шешім. Дескрипторлар: «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясымен өз көзқарастарын білдіреді; тапсырмаларын қорғайды. | сызба сөздік мәтін бөлігі дәптер |