Қызығушылықты ояту: тақырыпқа байланысты жұмбақ жасыру. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ, пайдаланбас кісі жоқ. Бұл не? / Су Сабақ тақырыбын ашу және бағалау критерийлерімен танысыру. Оқушылар SMART-мақсатты жазады. Менің жетістігім: Мен ...... білемін. Мен ...... түсінемін. Өзім ...... орындай аламын. *Жер бетінде ең көп тараған зат- су. Глобусқа қарасан жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су, мұхиттар, теңіздер, өзеңдер, көлдер, сарқырамалар. Табиғатта су 3 күйде кездеседі. (сұйық, қатты, газ тәріздес). Егер күн салқындап температура 0 градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге, яғни қар мен мұзға айналады. Кішкентай табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсақ, бірнеше күннен кейін оның босап қалғаның көреміз. Табақшадағы су қайда кетті деп ойлайсын? Ол түссіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты. Су бар жерде бау-бақша, орман, егін мал болады. Сондықтан қазақ «Сулы жер-нулы жер» дейді. Қазақ халқы суды қадір етумен қатар, оны жалпы халыққа, жан- жануарлар дүниесіне, өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған. 1-тапсырма. Мәтін бойынша монолог құрастыру. Дескрипторлар: 1. Оқып, аударады. 2. Сөздің мәнін анықтайды. 3. Монолог құрастырады. Су- тіршілік көзі. Жердегі ең көп таралған заттың бірі- су. Судың құра-мында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік етеді. Су- көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. Оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. Судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді. Мұхиттер мен теңіздердің терең қабаттарына - жарық түспегеннен қараңғы болып келеді. Ол жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынып-шайынуға, әр түрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек. Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауында шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады. Сонымен бірге су зауыт-фабрикалардың жұмыс істеуі үшін өте кажет. 2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1-топ- «Судың пайдасы» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру. 2-топ- «Табиғатты аялайық» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру. 3-тапсырма. Судың адам өміріне баға жетпейді. Сусыз тамақ та піспейді, тазалық та болмайды. Су жолымен адам қатынайды, судың күшінен электр қуатын да алады. Су арқылы үйді жылытады. Бірде бір өндіріс орыны сусыз жұмыс істей алмайды. Бояу езу, мата , тері бояу, қағаз, сабын дайындау, нан пісіру тағы басқа жұмыстар сусыз істелмейді. Сусыз жануарлар да өмір сүре алмайды. Жердегі тіршілік және сан алуан табиғат құбылыстары сумен байланысты. Сусыз жер бетіне өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды. Өсімдік топырақтағы қоректік заттарды суда еріген ертінді күйінде ғана сіңіре алады. Су арқылы өсімдіктер топырақтан қоректік заттар алады. Сумен шынығу, сулы шүберекпен сүртіну, суға шомылу, су құйылу сияқты працедурасын қолдану. Су құйыну шынығудың ең тиімді түрі. Жылы судан бастап бірте бірте салқын суға көшу. Суық су ішкі жылулықты сақтап тұрады. Суық су әртүрлі ауруларды емдейді. |