СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Көңілді қыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                           Тақырыбы: Көңілді қыс

Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Көңілді қыс»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 04.02.20

Тәрбиеші:Тортаева Г.К

Білім беру саласы: «Қатынас»

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Қыстың керемет шағы»

Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: .Сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту.

3.Оқыту:Кыс мезгілі туралы ойларын өрбіту.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету:Қыс суреттері.

Сөздік жұмыс: Сырғанап,зырлайсың.

Үштілділік: Шаңғы-лыжа-ski,көңілді қыс-веселая зима-happy winter

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Ұйымдастырушылық кезеңі Қызығушылықты  ояту. Дидактикалық ойын: «Көңілді  сөз»

ІІ. Негізгі бөлімі.

3.Сұрақ – жауап.

-Қазір  қандай  мезгіл?

-Қыс  мезгілінде қандай табиғат  құбылыстары  болады?

-Несімен ұнайды?

Қандай  ойын  түрлерін  білесіңдер?

4.Сөздік  жұмыс:

Боран,  ұлиды, соғады, басады,

мамықтай,  ұлпа, аяз, үскірік, тікенек,қуанышты, сыйлығын т.б.

5. Көңілді  қыс.

Ш. Мұхамеджанов.

Көңілді қыс.

Бір топ  бала  сырғанап,

Барады әне  жарысып.

Қалды  артта  қар  алап,

Іздерінен  қар  ұшып.

Сәтке  қарап  тұрмайсың,

Көңілді еді  қыс  қандай.

Шаңғыменен  зырлайсың,

Қанат бітіп  ұшқандай.

-Өлең  жолдарын  мәнерлеп  оқу, мағынасын  ашу.

Сұрақ – жауап.

-Өлең жолдарында не туралы айтылған?

-Қыс мезгілін  қалай суреттеген?

Сөздік жұмыс: Сырғанап,зырлайсың.

Үштілділік: Шаңғы-лыжа-ski,көңілді қыс-веселая зима-happy winter

6. Суретпен  жұмыс.

-Суреттке  өз ойынан  әңгіме  құрау.

-Сұрақтарға жауап  беру.

7.Сергіту  сәті. «Қыс»

Сыртта  боран зулайды,

Қарды  үйіріп  қуалап.

Әлсін — әлсін тыңдайды,

Терезеден сығалап.

Дидактикалық  ойын: «Кім  тапқыр?»

Жұмбақ  жасыру.

Қолымен қаламы жоқ,

Бірақ  сурет  салады  (Аяз)

Көлдің  беті көк әйнек,

Сырғанауға тым әйбет. (Мұз)

Аспаннан  ақ ұлпа борады,

Қырқаны  сейсепке  орады. (Қар)

Жерді тырнап, бұтаны  ырғап,

Шөпті сыйпап, ұшады  зырлап

Жанын қинап,

Ұлиды зарлап.   (Боран)

Жұмбақтың шешуін сұрақтар қоя отырып, жауап алу.

ІІІ. Қорытынды

-Балаларға сұрақтар қою.

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.