СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің Елім-Қазақстан

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Сынып сағатытуған еліміз Қазақстанға арналған.

Просмотр содержимого документа
«Менің Елім-Қазақстан»


Начало формы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің елім- Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Суреттер, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер,слайдтар
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол. Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап,бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді(картамен жұмыс). 
Қазақстан-тәуелсіз,егеменді,көпұлтты мемлекет.Онда қазақтар,орыстар,ұйғырлар, өзбектер,корейлер,украиндар және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады.Олар тату-тәтті,бірлікте өмір сүріп жатыр. 
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы..Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 
Қазақстанда үлкен қалаларкөп.Олар:Алматы,Астана,Қарағанды,Шымкент, Көкшетау,Қостанай,Ақтау,Павлодар,Ақтөбе,Тараз, Қызылорда,Өскемен,Семей, \Талдықорған.Бұлар-әдемі қалалар. 
Астана-Отанымыздың бас қаласы,астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 
Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. 
(Астана қаласының әсем,көрікті жерлерінің суреттері слайд арқылы көрсетіліп,әңгімеленеді). 
Қазақстан тарихында төрт астана болды.Олар:Орынбор(1920-1925),Қызылорда 
(1925-1929),Алматы(1929-1997),Астана (10 желтоқсан 1997ж.) -1998 ж.10 маусым-тұсаукесері
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен
(Дұрыс жауап берген топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)
1)» Жылдам жауап » бөлімі
1. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?-1465 ж.
2. Еліміздің бас қаласы-Астана
3. ҚР президенті-Н.Ә.Назарбаев
4. ҚР туының авторы-Ш.Ниязбеков
5. ҚР елтаңбасының авторлары-Ш.Уәлиханов,Ж.Мәлібеков
6. Әнұранымыздың авторлары-Ш.Қалдаяқов,Н.Назарбаев,Ж.Нәжімеденов
7. Еліміздің көрікті жерлерін ата
8. Отан туралы өлең айт
9. Отан туралы ән шырқа

10.Үш би-Төле,Қазыбек,Әйтеке

11.Биыл Қазақ хандығына қанша жыл?-550 жыл

12.Алғашқы қазақ хандары-Жәнібек пен Керей

2)»Мың бір мақал» бөлімі

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
Оқушылар өздері білетін мақал-мәтелдерін айтады.

3)Отан,Қазақстан туралы өлең шумақтарын құрастыру(Жекелеген сөздер беріледі,сол сөздерді пайдалану керек)

Қай топтың жеңіске жеткені айтылады.
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар.1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды.1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Слайд көрсетіледі.
Қорытынды:
Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Отан - әр адам үшін оттан да ыстық.Сабағымызды жақсы оқып,еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайық.Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне ,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. 
(оқушылардың барлығы тақтаға шығып,келесі әріптерді көтереді). 
Б- білімімді арнайтын 
О- отанымды қорғайтын 
Л- лаңкестікті даттайтын 
А- адалдықты жақтайтын 
Ш- шуағымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгерген 
Ы- ынтымақты тең көрген 
М- менмендікті жек көрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- заңды жақсы білетін 
А- алға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімнің 
Т- толықтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н- намысын қолдан бермейтін 
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің! 
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!