Ұйымдастыру
Жаңа сабақ
|
Жаңа сабақ.
“Нан”
Анасы, баласы,
Дүкеннен нан алып,
Көңілді келеді,
Үйіне оралып.
Дән бірақ өспейді
Дүкеннің төрінде.
Тек еңбек-ісі игі
Жеткізер өнімге.
Әділ Ахметов
Енді біз осы дастарқанға нанның қалай келетінін мына суреттерден көретін боламыз.
- Көктемде мына суреттегі тракторлар жерді жыртып, мынандай бидай дәнін себеді. - диханшылар жаз бойы егілген дәнді суарып, күтіп, баптайды.
- Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады. Өсіп шыққан бидайды комбайншылар орып, машиналарға салып береді
- Көліктер оны элеваторға тасиды. Элеваторда бидайды жылдап сақтауға болады.
- Қажет бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады
- Дайын болған ұннан наубайханаларда түрлі нан өнімдерін шығарады.
- Міне балалар, біздің дастарқанымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.
Ойын «Қайсысы артық»
Шарты: Берілген суреттердің ішінен нан өнімдеріне жатпайтын тағам түрлерін шығарып тастаулары керек.
Дәптермен жұмыс:
Берілген суреттерді ретімен орналыстыру керек.
Сиқырлы пеш:
Балалар қамырдан әртүрлі пішіндегі тәтті нандар жасайды.Оны сыйқырлы пеште пісіреміз.
Тыйым сөздер
1.Нанды бір қолмен үзбе
2.Нанды, дастарқанды баспа.
3.Нанды аяққа баспа
4.Нанды төңкеріп тастама
Ойын «Тез ойла»
Ойынның шарты: Мамандық түрлері аталады. Солардың ішінен тақырыпқа сай мамандық иелері аталса балалар қол шапалақтаулары керек. Мысалы: Дәрігер, мұғалім, егінші, тракторист, наубайханашы, есепші, комбайыншы, диханшы, т.б.
Мультфильм:
Әли мен Айя
“Талқан,нан,еңбек”
|
Балалар тыңдайды
Балаларға суреттер арқылы сабақты түсіндіру
Балаларға ұнды көрсетеміз.
Нан өнімдеріне жатпайтын тағамдарды алып тастайды
Кітаптағы тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру
Балалар тақырыпқа сай мамандық иелерінің атауы естілсе қол шапалақтайды.
|