СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Нан қайдан шығады?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу- кызметінің конспектісі

                           Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

 

Өткізу күні/Дата проведения: 8 казан 2019 жылы

Тәрбиеші/Воспитатель: Аллаярова Калима Ахметкалиевна

Білім беру саласы//Образовательная область: «Қатынас» Пән/Предмет: «Сөйлеуді дамыту». Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Күзгі гүл шоғы»

Тақырыбы/Тема: «Нан қайдан шығады? (ертегі)»  

Просмотр содержимого документа
«Нан қайдан шығады?»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу- кызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе


Өткізу күні/Дата проведения: 8 казан 2019 жылы

Тәрбиеші/Воспитатель: Аллаярова Калима Ахметкалиевна

Білім беру саласы//Образовательная область: «Қатынас»
Пән/Предмет: «Сөйлеуді дамыту».
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Күзгі гүл шоғы»

Тақырыбы/Тема: «Нан қайдан шығады? (ертегі)»
Мақсаты/Цели: Ертегіні оқып беріп балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Нан туралы түсініктерін тереңдету. Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Окыту/обучающая: Балаларға нанды басқа тағамдарға қарағанда көбірек қолданатынымыз жөнінде түсінік беру. Нанның қасиетімен таныстырып, нанның қиқымын жерге тастамай, оны қастерлей білуге баулу.

Тәрбиелік: Нанның дастарғанға қалай келетінін әңгімелеп, үлкендедің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Нан туралы мақал- мәтелдерді, тыйым сөздерді, тақпақты оқу және қайталату, балалардың сөздік қорын жетілдіріп, тілін дамыту
Билингвалдық компонент: нан- хлеб

Ресурстармен камтамасыз/ Ресурсное обеспечение: егістік, трактор, наубайхана, ұн, нан суреттері
Үйымдастырылған оку қызыметінің барысы

1. Ұйымластырушылық көзені/организационный момент.

-Біз бүгін нанның дастарханға қалай келетінін әңгімелейміз.

Нанның қандай түрлері бар екен? Айтындаршы?

2.Негізі бөлімі/основная

1.Әңгіме жүргізу.

-Дұрыс, балалар, нан ақ нан, қара нан, батон нан, қара нан, бөлке, бауырсақ, немесе тәтті бөлкелер, тоқаштар болып бөлінеді екен.

Нанның неден пісіретінін білесіңдер ме?

-Әрине, ұннан пісіреді. Ал ұнды қайдан алады?

-Адамдар алдымен жерді трактормен жыртады, кейін тұқым себеді. Оны суарады. Күзде егін піседі оны комбайынмен жинайды. Диірменге апарады, бидайдан ұн дайындалады. Енді ұнды қайда апарады деп ойлайсындар?

-Наубайханаға апарады, наубайыншылар ұннан неше түрлі нанды дүкенге жібереді.

2.Сергіту сәті

Нан қиқымын шашпандар,

Жерде жатса баспандар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастандар.

3. Сөздік жұмыс

Наубайхана- тағам өнімдерінің ішіндегі көш басшыларының бірі болып нан пісіру саласы болып саналады.

4.Үлестірмелі материалмен жұмыс

Суретте берілген батон нанның бір бөлігін бояу.

5.Тыйым сөздермен таныстыру.

-Балалар, нан бізге оңай жолмен келмейді екен, сол себепті нанды қастерлеуіміз керек.

Нан қиқымын шашпа, қалдығын тастама. Нанды бір қолмен үзбе. Нанды тауысып жеу керек.


ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Сұрақтар:

1.Балалар нан дастарханға қалай келеді?

2.Нанның қандай түрлері бар?

Балаларды мадақтау.