Тақырыбы: «Нан қайдан шығады?»
Мақсаты: Балаларды нанның біздің дастарханымызға қалай келетіні жайлы түсінік беру. Дәнді егуден бастап, нан болғанға дейінгі еңбек түрлерімен таныстыру. Адам енбегін құрметтеуді, нанды қадірлеуді үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, нан түрлері.
Мотивациялық қозғалыс: Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп.
Торғайларға тастаңдар.
-Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Просмотр содержимого документа
««Нан қайдан шығады?»»

«Бекітемін»
«Думан» балабақшасының
меңгерушісі: С.Смағұлова

Мерей тобы (3-4 жас)
Тәрбиеші: Асылбекқызы Інжу
Қырғызбекова Ұлдана
2017-2018 оқу жылы
Күні: 16.02.18ж
Тақырыбы: «Нан қайдан шығады?»
Мақсаты: Балаларды нанның біздің дастарханымызға қалай келетіні жайлы түсінік беру. Дәнді егуден бастап, нан болғанға дейінгі еңбек түрлерімен таныстыру. Адам енбегін құрметтеуді, нанды қадірлеуді үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, нан түрлері.
Мотивациялық қозғалыс: Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп.
Торғайларға тастаңдар.
-Балалар жылдың неше мезгілі бар?
-Қазір қай мезгіл?
-Көктемде неше ай бар?
-Көктемде ауа-райы қандай болады?
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, қане кім жауабын табар екен?
Аспай піскен,
Қайнамай піскен (жеміс)
Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас (нан)
-Балалар, біз күнде ақ нан, қара нан немесе тәтті печеньелер, торттар жейміз. Бұлар неден жасалатынын білесіңдер ме?
-Ұннан
-Ал ұнды неден алады?
-Ұнды мына ыдыстағы дәндерден алады.
Ал, барлығын мұқият қараңдар. Барлық дәндер бірдей ме? Мына дөңгелек дәндер-бидай, ал сопақ дәндер арпа. Бидай мен арпа дәнді –дақылдар. Бидайдан-ақ нан, арпадан-қара нан дайындалады. Олар егістікте өседі, алдымен егіс даласын, жерді трактормен жыртады. Әбден жұмсартылған жерге тұқым себеді. Оны су құйып баптайды. Егінге жаңбырдын да пайдасы көп. Күн көзі мен су мол болса, егін бітік шығады. Күзде егін піскенде оны комбайынмен жинайды. Ол сабақтарды орап, одан дәндерді бөлек шығарады. Бұл дәндер ұзын арнаулы жендерден жүк машиналарына құйылады. Сосын дәндерді элеваторға апарады. Онда оларды кептіріп, бір бөлігін тұқымдыққа қалдырса, бір бөлігін диірменге тартады.
-Енді ұнды қайда апарады деп ойлайсыңдар?
-Наубайханаға
-Наубайханада наубайшы көп нандар, тоқаштар, печеньелер пісіреді.
Есік соғылады.
-Балалар, есік соғып тұрған кім екенін көрейікші.
-Наубайшы келеді. Балаларға нан пісіру жолын көрсетеді.
-Сөйтіп піскен нан дүкенге келеді. Біз дүкеннен нан сатып аламыз.
Сергіту сәті: Көлбең, көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Тасып піскен бидайды,
Айтшы қалай жинайды.
Комбайынмен бидайды,
Былай, былай жинайды.
Қаптап ұшқан торғайдан,
Оны қалай қорғайды?
Қаптап ұшқан торғайдан,
Оны былай қорғайды.
Кіш, кіш,кіш......
Қорғап қалған бидайды,
Қамбаға әкеп жинайды.
Ал, балалар нан біздін дастарханымызға келгенше кімдер еңбек етеді?
«Ас атасы нан, нан атасы-дән»-деген екен дана халқымыз. Сол дәннен бастап нан болғанға дейін қаншама адам мандай терін төгеді. Ендеше, сол зор еңбекпен келген нанды қастерлеуіміз керек. Нанды аяқ асты етпей, ысырап қылмауымыз керек. Алдыңызға келген нанды тауысып жеп, оның қоқысқа кетуіне жол бермеуіміз керек. Осымен ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды.