Ортаңғы топтарындағы таным білім беру саласы
қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бөлімінің
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
дидактикалық ойындары
Дидактикалық ойын «Қай қолымда көп»
Мақсаты: аз және көп заттарды ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер
Дидактикалық ойын «Вагондарға дөңгелек таңдау»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, үлкен, кіші дөңгелектерді тауып, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Шарты: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен тауып алу керек.
Дидактикалық ойын: «Таныс пішіндер доминосы»
Үстел басында әр бала жеке түрде орындайды.
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
Шарты: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің
ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді
Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»
Мақсаты: жыл мезгілі туралы білімдерін бекіте отыра салыстыруға, тепетендікті түсінуге үйрету.
Шарты: Балалардың алдында екі жолды жолақша мен көкөністермен жемістер тұрады. Тәрбиеші үстіндегі жолақшаның жолына үш кияр қойындар. Ал астынғы жолға төрт алмұрт қойындар деп тапсырма береді.
Қиярмен алмұрттын саның салыстырыңдар олар туралы не айтуға болады?
Қиярмен алмұрттар бірдей болу үшін не істеу керек?
Дидактикалық ойын: «Оң және сол»
Мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.
Шарты: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
Дидактикалық ойын «Көкөністерді сана»
Мақсаты: бес көлімінде заттарды санауға дағдыларын бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Құралдар: бес сәбіз, бес орамжапырақ.
Шарты: үстел үстінде сәбіз бен орамжапырақтар араласып жатады, балалар екі жолақшаларға көкөністерді оң жақтан сол жақа қарай тізіп санап қояды.
Дидактикалық ойын «Үйді құрастыр?»
Ұжымдық жұмыс
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту, үлкен, кішірек, кішкентай ұғымдарын одан ары қарай жетілдіру. Екі бірдей заттарды бір-біріне қою және беттестіру тәсілдерін қолданып салыстыруға үйрету.
Шарты: үстел үстінде қаланың бір орталық көшесінін макеті беріледі. Балаларға көлемі әр-түрлі геометриялық пішіндер таратылады, сол пішіндерден көлемі әр-түрлі тұрғын үйлерді құрастыру керек. Ойын барысында пішіндерді құрастырғанда заттарды бір-біріне қою және беттестіру тәсілдерін қолданып салыстыруға үйрету.
Құралдар: үлкен, кішірек үшбұрыштар, тіктөртбұрыштар мен шаршылар
Балалар итті сеңдерге риза болды.
Ұсыныс: ойын барысында бір-неше балаларды үлкен, кішірек, кішкентай ұғымдарын қайталатып отыру керек.
Жақсы балалар, иттін тапсырмасын да орындадық, ит рахмет айтып жол береді
Дидактикалық ойын «Дұрыс сана»
Мақсаты: балаларды бес көлемінде санау дағдыларын бекіту.
Шарты: үстел үстінде тиын, қоян, түлкі, қасқыр, тыщқан тізілп тұрады. Балалар кезек-кезек санайды.
санау әдісін ескертеді (санағанда: оң жақтан солға қарай, асықпай, барлық ойыншықтарды санау керек екенін түсіндіреді, таяқшаны санағанда әр ойыншыққа тигізуін талап етеді).
Мысалы: Бір, екі, үш, төрт, бес. Неше ойыншық?
бес ойыншық. Қайсысы бірінші- қасқыр; қайсысы соңғы-кірпі.
Дидактикалық ойын: «Тәулік бөліктері »
Мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер
Шарты: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.
Дидактикалық ойын: «Дәл осындай пішінді тап»
Мақсаты:геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Құралдар: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш).
Шарты:алдарындағы кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады
Дидактикалық жаттығу:
«Бір затты көрсетіп ата» жасауға шақырады.
Үстел үстінде ойыншықтар (қуыршақ, пирамида, саңдық, доп) және екі-екіден ұсақ ойыншықтар (үйрек, тауық, кубиктер)
Мольбертте сурет ілініп, онда (бір кітап, бір қалам, бір машина, бір шелек)
Тапсырма Дидактикалық жаттығу: «Саябақтағы жемістер»
Үстелдін үстінде табақшада (алма, алмұрт, шие, өрік, құлпынай, қияр, сәбіз, қызанақ, кәді) жатады.
Балаларға: жемістер пісті оларды санап, теріп алайық, себетке салайқ.
Неше алма санадың?
Неше алма себетке салдың?
Нешеу сәбіз жинадың?
Нешеу кәді жинадың?
Тапсырма Дидактикалық ойын «Көп және біреу»
Мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.
Шарты: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
Жақсы барлықтарың кемеге өтіп жақсылап жайғасып отырыңдар.
Дидактикалық ойын: «Кім зейінді?»
Мақсаты: Заттарды бір белгісі бойынша топтастыруға үйрету. Балалардың логикалық ойлауын, зейінін, тіл байлығын дамыту.
Құралдар: алма, алмұрт, шие, өрік, құлпынай. Шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш, дөңгелек.
Шарты: алма, алмұрт, шие, өрік, құлпынай. Шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш, дөңгелек.
араласып жатады. Заттарды зерттей отыра екі топқа топтастырыруға талап етеледі.
Дидактикалық жаттығу «Сан таңбасын құр, сыз»
(балалар жұптасып жұмыс жасайды)
1. Үстел басында таяз қоропшасында манка жармасы салынады. Балалар сұқ саусақтарымен екі саннын таңбасын үлгіге қарап сызып жазады.
2. Санауға арналған таяқшалармен екі саннын таңбасын үлгіге қарап құрастырады.
Дидактикалық жаттығу: «Есінде сақта»
Мақсаты: балалардын ойлау қабілеттерін одан ары қарай дамыту. Сөздік қорын молайту.
Шарты:
Тәрбиеші тақтаға баланын тақырыпқа сай жасап тұрған іс-әрекеттері сұрақ белгісімен салынған екі суретін іледі.
Тақтада неше сурет бар?
Бірінші суретте Талғатпен (суреттегі балағы ат қою) кеше не болғаны туралы салынған.
Балалар: Талғат кеше не істеді?
Келесі суретте: Бүгін Талғат не істейді?
Балалар: мына суреттін бөлігі не бос?
Дұрыс Талғат ертең не болатынын білмейді.
Мүмкін сеңдер білесіңдер?
Тәрбиеші «кеше бугін, ертең» жаңа ұғымдарды қайтадан қайталап бекітеді.
Дидактикалық ойын: "Заттарды шатаспай сана"
Мақсаты: бес көлемінде заттарды санауға дағдыларын бекіту.
Дидактикалық ойын: « Жұбын тап»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан (үлкен, кішірек, ең кішкентай) геометриялық пішіндердің суреттері.
Шарты: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
Дұрыс бұл да тапсырманы орындадыңдар, есік ашылады. Бақа (суретін) іліп қояды.
Дидақтикалық жаттығу: "Тез ойланып жауап бер"
Өткен сабақты қайталау. Сұрақтар:
Өткен сабақта қандай сан таңбасымен таныстық?
(өткен сабақты естеріңе түсіреді)
2 сан таңбасы қалай болып шықты?
2 сан таңбасы неге ұқсайды?
2 сан таңбасы қалай жазылады
Дидактикалық жаттығу «Сан таңбасын құр, сыз»
(балалар жұптасып жұмыс жасайды)
1. Үстел басында таяз қоропшасында манка жармасы салынады. Балалар сұқ саусақтарымен екі саннын таңбасын үлгіге қарап сызып жазады.
2. Санауға арналған таяқшалармен екі саннын таңбасын үлгіге қарап құрастырады.
Тәрбиеші: балалар тамаша, құстарды жақсы көреді екенсіңдер көрініптұр.
Мында тағы бір нәрсе бар, тордың жанында тағы бір тапсырма,
Дидактикалық жаттығу: «Қанша? Сонша?
(үстел басында өткізіледі)
Жолақшанын үстінгі жолына қоңырау неше рет соғылса, сонша үлкен сопақша қойыңдар.
Ал жолақшанын астыңғы жолына сылдырмақ неше рет сылдырласа сонша кішірек үшбұрыш қойыңдыр
Балаларға сұрақтар:
Жолақшанын үстінгі жолында қанша үлкен сопақша қойдыңдар?
Жолақшаның астыңғы жолына қанша кішірек үшбұрыш қойдыңдар?
Сопақша үшбұрыштан үлкен бе? әлде кішірек пе?
Үшбұрыш сопақшадан үлкен бе? әлде кішірек пе?
Не көп? Теңдікті қалай жасауға болады?
Дидактикалық ойын: «Қанша болса, сонша»
(дифферинциалдық тапсырма 1-2 баланы тақтаға шығарып өткізуге болады)
Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.
Кұралдар: Сандық карточка.(«Кеспе сан» қалтасынан алу, үлестірмелі ұсақ заттар)
Шарты: Тақтаға балаларды шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша ұсақ затарды алып үстел үстіне қояды. 2-3 рет қайталау.
Дидактикалық ойын: «Салыстыр»
Мақсаты: заттарды рет-ретімен санау әдісін бекіте отыра, сан мен заттар арасындағы сәйкестікті салыстырып, көп аз ұғымдарын бекіту.
Шарты:
1 нұсқа: әр балаға жеке түрде карточкалар таратылады. Карточкадағы заттарды санап тиісті сан таңбасын тауып қою керек.
2 нұсқасы: жолақшаның оң жағына 1 алма қойындар
Жолақшаның сол жағына 2 алмұрт қойындыр
Не байқандыңдар?
2 алмұрт саны көп пе? әлде аз ба?
1 алма саны көп пе? әлде аз ба?
Алма мен алмұрт саны бірдей болу үшін не істеу керек?
Табақшадан тиісті сан таңбасын тауып дұрыс қойыңдар.
Дидактикалық ойын: «Зейінді бол» биік аласа
Мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.
Құрал-жабдықтар: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.
Шарты: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.
Дидактикалық ойын " Жануарларды сана, сан таңбасын дұрыс ата "
Мақсаты: үстел басында тұрған ойыншықтарды (ұсақ жануарлардын суреттері) балалар санап, барлығы нешеу, біріншісі, екіншісі, үшіншісі, бесіншісі қайсысы деген сұрақтарға толық жауап беру керек.
Заттардың санына қарай сан таңбасын сәйкестендіріп білулері керек.
Шаршы:Тәрбиеші (балалардың отырыстарын қадағалап келесі тапсырмаларды орындауға талап етеді)
Әр қайсыларыңда конвертте тапсырма бар.
Конвертті ашып ішіндегі сан таңбасын алып алдарына қойындар. Тапсырманы тыңдандар деп бастайды:
- ауыл фермасында неше сыйыр жайылып жүр?
- қандай сан таңбасымен сиырларды белгілейміз?
- неше жылқы су ішіп тұр?
- жылқыларды қандай сан таңбасымен белгілейміз?
- шөп жеп тұрған неше ешкі мен кой?
- ешкі мен қойлардың санын қандай сан таңбасымен сәйкестендіріміз?
Дидактикалық ойын:"Кім дұрыс санайды"
Мақсаты: заттарды санаған кезіңде реттілікпен санау бірізділігін бұзбай дағдыларың одан ары қарай жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Шарты: ойыншықтарды ретімен тізіліп тұрады, балалар санайды, сосын ойыншықтарды шеңбер бойы орналастырады, сосын тігінен, көлденен тізіп қояды, балалар шатаспай санап беру керек.
Дидактикалық ойынын ұсынады: «Дәл осындай пішінді тап»
Мақсаты:геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Құралдар: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш).
Шарты:алдарындағы кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
Тәрбиеші: балалар біздің зообақтағы достарымыз күні бойы зообақта отырады, зообақ іші қандай?
Ендеше біздің достарымыз сол зообақтын кеңістігін кеңінен пайдалануға үйретейік.
Дидактикалық ойын: «Не болды, не өзгерді» .
Мақсаты: Әңгіме тындап, «Кеше», «Бүгін», «Ертен» сөздерді пайдаланып дұрыс уақыт мезгілің айта білу
Сұрақ-жауап:
-Кашан қар түсті?
-Қашан балалар сырғанақты құрастырды?
-Қашан балалар шанамен сырғанайды?
Дидактикалық ойын: «Аққаланың шелегің тап»
Мақсаты: Заттарды өз ара көлеміне қарай сәйкестіруге және сөйлем құрымында үлкен, кішірек, кішкентай сөздерді пайдалануға үйрету.
-Неше аққала?
-Неше шелек?
- Аққаладарға шелек жетеме?
-Аққаланың көлемі қандай?
-Ал шелектің көлемі?
Дидактикалық ойын: «Санды тап»
Мақсаты: 4 саны және таңбасымен таныстыру,
тақпақ окып, көрсету
Дидактикалық ойын «Ойлан, жаз»
Балаларға сурет салуға ұсыну, қанша сан оң жақта сонша әр тікбұрыштың ішіне ұлпа қарла?
Қанша ұлпа қарлар салдыңдар?
Дидактикалық ойын «Кім зейінді»
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, зейіндерін тәрбиелеу
Шарты:Балалар мұқият аққаладарға қарап, (аққалалар бір-біріне ұқсайды) олардың айырмашылығын табу керек, қанша айырмашылық табады сонша дөңгелек бояу керек.
Мысалы: төрт айырмашылық: 1- аққалада калпағының қылқаламы, 2- мұрны жоқ, 3- екі түймесі жоқ, 4- сыпырғышы оң жақта
Дидактикалық ойын «Дұрыс қос»
Мақсаты: «Қыс» мезгілінің белгісін ажырату.
Суреттің ортасыңда қандай мезгіл көрсетілген?
-Енді сендер үлкен суретке косу қажет кішкентай ұқсас сурет қыс мезгіліне сай керек ( ұлпақарлар, шаңғы, шана, аққала)
- Қай сурет артық, неге?
Дидактикалық ойын «Сан және таңба»
Мақсаты: 1,2,3,4 сандарын бекіту
Шарты:Балалардың алдында әртүрлі заттар салынған карточкалар (1-4 дейін), тәрбиеші бір-бірден санды көрсетеді (1-4 дейін), ал балалар санға сәйкес суреті бар карточканы көрсетеді.
Дидактикалық ойын «Сол жаққа, оң жаққа»
Біз спортшыларға шарлар ұсынайық
Балалар қазір сендер шерудегі спортшыларға шар ұсынуымыз қажет. оң жаққа баражақтан спортшыларға қызыл шар ұсыну, ал сол жаққа бара жатқандарға –көк шар ұсыну
-Балалар қызыл шары бар спортшы қай жаққа бара жатыр?
-Көк шары бар спортыш ше?
Дидактикалық ойын: « Зейінді бол»
Мақсаты:Суретке мұқият карап , ұқсастарын біріктіру.
Сұрақ кою: біріктірілген геометриалық пішіндер карточкаларда қалай орналаскан ( дөңгелек сол жақта, шаршы ортада, ұшбырыш оң жақта: шаршы сол жаққа, дөңгелек ортада, ұшбұрыш оң жақта)
Дидактикалық ойын: «Сана және боя»
Балалар айтындаршы текшеде қандай сан жазылған?
- Текшеде қанша сан көрсетіледі, сонша жалау бояймыз
Дидактикалық ойын: «Дұрыс боя»
Мақсаты: Геометриялық пішіндер шаршы, тіктөртбұрыш туралы білімдерін бекіту, қол моторикаларын дамыту
Шарты: әр түрлі пішіндердің арасынан,
төртбұрыш пішіндерді тауып бояу керек
-Қандай пішіндерді боядыңдар?
-Неше шаршы, көлемдері қандай?
-Қанша тіктөртбұрыш, көлемдері қандай?
Дидактикалық ойын «Қоянның бөкебайын безендір»
Бөкебайдың үстіне кезектестіріп шаршы мен дөңгелекті қояды
Жақсы орманның аңын біз көрдік
Биік шыршаның оппы қар астында
қарайық ақырын не тығылган:
Жұмбақ шешу
«Қорбаң - қорбаң етеді,
орманда өзі тұрады.
Өзі үлкен, және маймақ
алақанын сорғанды ұнатады,
Ал, қыста ұйықтайды»
-Кім маған ұйқы бермейді?
- Аю бізбен бірге ойнайсынба?
Дидактикалық ойын « Жаңғақ әкел»
Ия, олай болса мен сендерге қанша сан көрсетемін, сонша жанғақ әкелесіңдер
Ал енді қолдарындағы жанғақты алып, алақан арасына қойып, домалатыңдар не сезінесіңдер, ол қандай?
Канша себетте жаңғақтар?
Жақсы , ал аюмызға ұйықтау керек , аюды жатқызу, -Аюдың тонының түсі қандай?
«Орманда біз жүреміз
Алға басып келеміз,
асықпаймыз, қалмаймыз,
бақшаға жол табамыз »
Балабақшаға кайтып келдік
-Орманда ұнадыма?
- Орманда Кандай шыршалар өседі?
- Орманда Нені кездестірдіңдер?
- Қоянның құлағы қандай?
-Ал аюдың құлағы?
-Қанша жаңғақ жинадық?
Дидактикалық ойын «Зат және пішін»
- Шырша қандай пішіндерден жасалынған?
- Шыршада қандай пішін көріп тұрсыңдар?
-Неше ұшбырыш?
-Неше тіктөртбұрыш?
сондай пішіндерден шырша жаса
-Сана неше пішін болды?
Дидактикалық ойын «Бұл қай кезде болады?»
Балалар біздің мерекеге қоян келгісі келеді бірақ ол жыл мезгілінде адасып қалыпты, ол сендерге сенеді сондықтан оған көмектесейік.
Мақсаты: Жыл мезгілдері «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз» туралы білімдерін бекіту.
Шарты:Балалар, суретші қоянды әр түрлі мезгілде салған, сендер ойланып, шешімін тауып айтыңдар, қоян қай мезгілде жүр.
-Қай суретте, қоян қысқы мезгілде? Неге солай ойлайсың?
-Көктем мезгілдегі қоянды көрсет? Неге солай?
-Жас мезгіліндегі қоянды көрсет?
-Күзгі мезгілдегі қоян не істеді?
-Неше жыл мезгілі?
-Рет- ретімен жыл мезгілдерін қойып, айтып беріңдерші.
Жақсы балалар сендер жыл мезгілдерін дұрыс атадыңдар, қоян біздің мерекеге келіп қалды
Дидактикалық ойын «Алыс-жақын»
Аяз атаға көмектесейік, ол орманда адасып жүр, балабақшадағы жаңа жыл мерекесіне балаларға, аңдарға келетін болған жолдарды шатастырып алыпты.
-Қалай Аяз ата тез жетеді?
Мақсаты: ұзын-қысқа жолдарды салыстыру, сызу, қол моторикаларын дамыту
Шарты: ұзын-қысқа жолдарды сызады, қөрсетеді, балабақшаға тез жету үшін, қысқа жол керек,
Ал орманшының үйінен - жол ұзын
Дидактикалық ойын «Кім, қайда?»
Мақсаты: Өзінің айналасындағы заттардың орналасуын: (үстінде, астында, солдан оңға қарай, оңнан солға қарай.) анықтауға үйретуді жалғастыру.
Шарты: Шырша шарларын астындағыны- сары карандашпен бояу, ортадағыны- қызыл карандашпен, үстіндегені- көк түсті карандашпен
Суретте Аяз ата қай жақта?
Ақшақар қай жақта?
Шырша қайда?
Қоян қайда?
Жұлдыз қайда?
-Суретке карап санау
-Аяз ата нешеу?
-Ақшақар нешеу?
-шырша шарлар нешеу?
-Қояндар нешеу?
Зат саны сандарымен сәйкестендіру.
Дидактикалық ойын « Орнын тап»
-Қызыл текшені орындықтың астына қой.
-Сары кесені үстелдің үстіне қой.
-Ақ табақты шкафқа қой.
-Жасыл шеңберді шкафтың қасына қой.
«Оң қолымда- бес саусақ,
Сол қолымда- бес саусақ,
Алақанды ашамыз,
Бәрін санап аламыз»
Дидактикалық ойын «Суретші нені ұмытты?»
Мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту
Шарты: балалар жұмбақты тыңдап суретшінің нені ұмытқанын тауып карточкаларға қарандаш алып салу қажет.
Үстел астында мысық отыр,
Оның үстінде үстелде жоқ бір…. «
-«Мына суретте
орындықта жоқ… «
Дидактикалық ойын «Танграмм»
Әр түрлі геометриялық пішіндерден бейне құрастыру
Үстел: дөнгелек және тіктөртбұрштан
Орындық: Шаршы мен тіктөртбұрштан
Керует: тіктөртбұршпен шаршыдан
Дидактикалык ойын «Сана және сөрелерге қой»
Мақсаты: 4-5 санын салыстыру
Шарты: үстінгі сөреге кеселер, астынғыға шынаяқтар
Санайды
- Қанша кесе болса, сонша шынаяқ астынғы сөреге қояды.
Төрт шынаяқ койып, санайды
-Қанша кесе?
- Қанша шынаяқ?
-Қалай айтамыз? Федора апай тағы бір кесе жуып қойды үстінгі сөреге.
-Қайсы көп, кесеме әлде шынаяқ па?
Тәрбиеші балалармен санайды
Қанша кесе болды?
Қай сан көп, беспе әлде төрт пе?
Кесе мен шынаяқ бірдей болу үшін не істейміз? Жақсы бір шынаяқ костық,
Тағы қалай бірдей қылып теңестіреміз?
Ал енді алып тастасақ не болады?
Дидактикалык ойын «Сан және таңба»
Мақсаты: Бес көлемінде заттарды санау дағдыларын бекіту.
Шарты: Әр балада таңбалар, тәрбиеші көрсетеді карточкалар, әр түрлі санымен заттар (1,2,3,4,5)
Балалар таңбаларды көтереді
Дидактикалык ойын «Жалпақ- жіңішке орамал»
Мақсаты: ең жалпақ , жалпақ, жінішке, ең жінішке ұғымдарын салыстырып, ажырату
Шарты: Балалар біз ең жалпақ орамалды Федора апайға табуға көмектесуіміз керек.
-қалай оны іздеп табамыз?
Балалар орамалдарды салыстырады бір –біріне қойып
ажыратады ең жалпақ , жалпақ, жінішке, ең жінішке деп
Дидактикалык ойын «Орнын тап»
Мақсаты: Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң жақта, сол жақта, алдына, артына, үстінгі, астынғы) дағдыларын бекіту.
Шарты: Федора апайға асханадағы шкафтын ішіне ыдыстарын жинауға көмектесу
Дидактикалық ойыны «Не артық?»
Тәрбиеші тақтада ілулі тұрған ыдыстың арасына жиһаздардың суретін іліп қояды. Балалар не артық
«Жұмбақ шеш»
-1.Басы жоқ, Тұтқасы бар,
Топсасы жоқ, Ауызы бар,
Тісі жоқ, Қарыны бар-
Кіші тек, Түтігі бар-
Көші көп
2-Басы құдық-
Сабы сырық
3.- Сабы бар, басы шатыр,
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр
Дидактикалық ойын «Мұз айдынына барайық»
- Мұзайдына баруға қандай заттар керек?
Фланелеграфка Буратиноны киіндіреді, бірақ олардын киімінін сынары жоқ: қолғаптың, шұлықтың, конькидің сыңары жоқ- олар тақ заттар
деп айтамыз.
- Буратиноны неге серуенге апаралмайтын болдындар?
-Ол үшін не істеу керек?
Балалар фланелеграфка қояды
-Неге ол заттар бір-бірден болмайды?
Дидактикалық ойыны «Шаңғының жұбын тап»
Фланелеграфта бір қабатта сол жақтан оңға
әкесі, анасы, қызы, ұлы
- Суретте кімді көріп тұрсындар?
-Неше адам?
-Қанша үлкен адам?
-Қанша кішкентай балалар?
Мынау бір отбасы. Әкесі мен шешесін көрсет, Қызы мен ұлын көрсет, Олар шаңғы мен сырғанауға барайың деп шаңғыларын ауыстырып алыпты енді үстел үстінде жұп заттың шаңғы сыңарың тауып бер.
-Неше шаңғы керек әкесіне?
- Шешесіне?
-Әр түрлі ме әлде бірдей ме?
-Оны калай білеміз?
-Ұзын шаңғыны кімге бересіндер?
-Ал кішкентай шаңғыны ше?
Дидактикалық ойыны «Қолғапты тап»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ( ұшбұрыш, дөңгелек, шаршы) танып ажырата білуін және орналасу реттілігін сақтап түсінуге үйрету.
Шарты: балалардың алдында катты қағаздан жасалған қолғаптар және геометриалық пішіндер кесілген бөліктер. Буратиноны мұзайдыныңда қолғаптың сыңарын жоғалты, енді көмек сендерден сұрайды Тәрбиеші қолғапты көрсетеді, оның астында пішіндерден жасалған оюлар.
-Канша пішін қолғапта?
-Немен ұксайды?
-Қандай айырмашылығы бар?
-Түсі, пішіні?
-Қандай пішін ортада?
-Оң жақта сары дөңгелектен не бар?
-Сол жақта сары дөңгелектен не бар?
-Кім дұрыс жасады?
-Кім қате жасады?
Дидактикалық ойыны: «Мұзайдына кім нешінші келді»
Мақсаты: екінші, үшінші, төртінші, бесінші дұрыс сөздерді қолдануға, зейіңділігін тәрбиелеу
Шарты:Тәрбиеші суретті ұсынып көрсеткіш таяқшамен бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, балаларға сұрақтар қояды:
Дидактикалық ойыны: «Жолқап дайындау »
Мақсаты: Балалар заттарды салыстырып топтастырады.
Шарты: балалар бір-бірден карточкалар алып әр түрлі заттармен топтастырады, бір- бірінін жұмысын тексереді
Мысалы: ыдыс-аяқ: кесе, касық, табақша,
шаруа құралдары –Балта, балға, ара, ине
техника - магнитофон, фотоаппарат, видеокамера
Дидактикалық ойыны: «Зейінді бол»
Мақсаты: Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту(жоғарыдағы оң жақ бұрыш, төмендегі оң жақ бұрыш, сол жақтағы жоғарғы бұрыш, төмендегі сол жақтағы бұрыш, ортасы ) дағдыларын одан ары қарай жетілдіру.
Шарты: ақылды затарды дұрыс орналастыру бөлмеге
Мысалы:сағат- жоғарыдағы оң жақ бұрышқа , теледидар- сол жақтағы жоғарғы бұрышқа, шаңсорғыш-ортасына, кір жуатын машина - төмендегі сол жақтағы бұрышқа, магнитофон- төмендегі оң жақ бұрышқа орналастыр.
Дидактикалық ойыны: «Заттар қандай пішінге ұқсайды »
Мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Шарты: балалар геометриалық пішіндерді:(дөңгелек, сопақша, ұшбұрыш, шаршы) заттарды (сағат, кір жуатын машина, шаңсорғыш, тоңазытқыш ) атайды. ұқсастығың табады
Мысалы: кір жуатын машина- шаршыға ұқсайды
Дидактикалық ойындар: «Отбасымның бір күні.»
Мақсаты: тәулік бөліктерін атауға үйрету
1- тапсырма: «Жұмбақ шешу»
1. Қасқыр да, түлкі де ұйқыда,
Тіпті аю менен тышқан да.
Бұл уақытта сендер де, мен де, бәрі де ұйықтау керек.
Бұл тәуліктің қай уақыты?
2. Арайлап күн атады,
Әтеш әнге салады,
Балалар да оянып,
Балабақшаға барады.
Бұл қай уақытта болады?
3. Аспанда күн жарқырап,
Серуенге шықты балалар,
Бірі допты тебеді,
бірі құммен ойнайды,
Ойнап болып балалар,
Тамақ ішіп бастайды.
Айтыңдаршы, балалар, бұл қай уақытта болады?
- Түстен кейін тәуліктің қандай уақыты болады?
- Сонымен тәулік уақыттарын қайталайықшы.
Дидактикалық ойын: «Бір минутта». Деньеш блоктары
Мақсаты: Бір минутта балалар бірнеше пішіндерді тауып алу керек.
-Геометриялық пішінді кім жылдам айтып береді?
Түсін, көлемін, пішінін атап табады .
Дидактикалық ойын «Сипатын тап».
Мақсаты: Тәрбиеші мезгілді немесе уақытты сипаттайды, балалар тауып айтады.
Дидактикалық ойын «Анасына көйлек тап»
Мақсаты: Кең, тарлау, өте тар, оданда тар сөздерді қолданып айтқызу, сызып көрсету, анаға қай көйлек келеді тауып алу.
Дидақтикалық ойын: «Біз құрылышы боламыз»
Шарты: үстел үстінде геометриалық пішіндер, олардан біз үйлер құрастырамыз: кабырғасын, төбесін, терезесін, есігін,
-Олар бірдей ме? Әр түрлі ме?
-Қандай айырмашылығы бар?
Дидақтикалық ойын: « Үйлерге таңбасын қой»
- дұрыс таңба қойюу үшін не істеймез?
-Санаймыз:1, 2, 3, 4
- мына көшеде неше үй?
Менде тамбалар бар, ол үйлерге ілетін
-Ансар, сен карточканы алып- бірінші үйге іліп қой
-Дұрыс сен неге ол үйге 1 санды қойдың?
Айслұ, ал сен неге 2 санды ілдін?
-Солай балалад жұмыстарын жалғастырады
-Нешінші?
-
Дидактикалық ойын: «Көрші санды ата»
Мысалы: Екі таңбаның көршілері?
-Үйлер бірдей ме?
-Ең үлкен үйде қандай таңба?
-Қай үй кішкентай?
-Ал екіншімен, үшінші үйлер ше?
Дидақтикалық ойын: «Құрылысшының құралы»
Балалар білесіндер ме құрылысшының құралын, немен жұмыс жасайды екен
Сурет арқылы : -Қайда балта тұр?
-Қайда балға тұр
-Қайда ара тұр?
-Қайда ағаш тұр?
-Қайда текше тұр?
Дидактикалық ойын: « Вагонның таңбасын тап орналастыр»
-Санау вагондарын орындарын тауып
-Вагон қандай пішінге ұқсайды? тіқтөртбұрышқа
Вагон 1 таңбасымен бірінші тұру керек паравоздан кейін
Ал 3 таңбамен вагонды ненін соныңан қойамыз? Екі таңбасынан кейін ше?
-Карлсон: Ойнап жүріп, мына суретті тауып алдым. Қолында геометриялық пішіндерден құралған мысықтың суреті бар
Балалар сендер білесіңдер ме?
Білсеңдер маған көмектесіңдерші. Мынау ненің суреті екенін айтыңдаршы?
Дидактикалық ойын: «Жоғалған мысық»
Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш туралы білімдерін бекіту . Бұл геометриялық пішіндерден құрастырылған мысықтың бейнесі. Мысықтың басы қандай геометриялық пішіннен жасалған?
- Дөңгелек.
- Тағы қандай мүшелері дөңгелектен жасалған?
-Ал құлағы ше?
Дидактикалық ойын: «Машиналар»
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.
Шарты: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.
Дидактикалық ойын: «Кім не санады?»
Мақсаты: 5-ке дейін санау, реттік санауды жаттықтыру.
Шарты: Суреттегі заттарды санау, заттарды реттілігі бойынша санау, түсін айту.(қызыл доп-төртінші, сары доп-бесінші)
Дидактикалық ойын: «Қанша болса, сонша»
Мақсаты: Зат санын кеңістікте түрлі орналасуында санауға үйрету. Пішіндерді қайталау, беске дейін санауды бекіту, оң жақ және сол жақ ұғымдарын жетілдіру.
Шарты: Орамалдың пішінін және ондағы пішіндерді атайды, олардың бұрыштарын анықтайды, қанша пішін барын санайды.Екі орамалды салыстырады.(Сары орамалда қанша дөңгелек болса, жасыл орамалда сонша шаршы бар.Жоғарыдағы оң жақ бұрышта қанша дөңгелек болса төмендегі сол жақ бұрышта сонша дөңгелек бар.Т.б.)
Дидактикалық ойын: «Домино»
Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, санау дағдыларын қалыптасытру.
Шарты: балалардың алдына қажетті заттар: 20-дан көп карточкалар таратылады. Әр карточка екіге бөлінген екі жағында түрлі мөлшерде бір геометриялық пішіннен бірнеше пішін салынған.(дөңгелек, шаршы, сопақша,үшбұрыш -1-ден 5-ке дейін). Бірінші бастап карточкасын атап қойған балаға келесі дәл сондай суреті бар бала карточкасын сәйкестендіріп тізбекті жалғастырып отырады.

Дидактикалық ойын: «Қақпа құрлысына көмектес»
Мақсаты: шар, куб және цилиндр туралы білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зейінді дамыту.
Шарты: Суретте жетпей тұрған бөлшектерді тауып атау, қажетті геометриялық денелермен толықтыру.

Дидактикалық ойын: «Ұқсастықты тап»
Мақсаты: Геометриялық денелерді өзге заттармен салыстыру, ұқсас затпен байланыстыру.
Шарты: суретте берілген заттардың арасынан белгілі бір геометриялық денеге ұқсас заттарды атап көрсету.Қай денеге ұқсайтынын айту, ортақ ұқсастықтарын сәйкестендіру.
Дидактикалық ойын: «Қанша болды, қанша қалды?»
Мақсаты: Санау дағдыларын дамыту және ауызша есеп шығаруға машықтандыру.
Шарты: Ауызша естіп түсіну арқылы есептің жауабын табу және суретке түзету енгізу.
Дидактикалық ойын: «Мен қандай суретті салдым?»
Мақсаты: кеңістікті қағаз бетінде бағдарлауды үйрету.
Шарты: Тәрбиеші алдын-ала салынған суретті ауызша балаларға айтып отырады.Заттардың орналасуын нақты атайды.Балалар тәрбиеші атаған заттың кескінін тауып айтылған жерге қағаз бетіне орналастырады. Барлық заттар орын-орынына қойылған соң тәрбиеші өзінің суретін алып балаларға көрсетеді. Балалар салыстырады.
Дидактикалық ойын: «Құстар хоры»
Мақсаты: заттар тобының тең және тең еместігі туралы ұғымдарын тереңдету.
Шарты: (стол үстінде ұзақ,қараторғай және қарлығаштардың кескіндері) (Фланель тақта немесе магнитті тақта қолданады; тақтада үстіңгі тоқ сымында екі қарлығаш, оның жанында бұтақта үш қараторғай және жерде төрт ұзақ құстары салынған) Тәрбиеші балалардан суреттегі құстар үйірін теңестіруді сұрайды. Олардың әрбіреуінің саны 5-ке жетуі кректігін айтады.Балалар құстарды жетпей тұрған құс санымен толықтырады. Өзара салыстырады.(Қарлығаштардың үшеуі жетпейді, ал қараторғайлардың екеуі жетпейді; т.б)
Дидактикалық ойын: «Қанша өзгешелік бар?»
Мақсаты: Зейінді дамыту, санауды бекіту, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Шарты: Балаларға оң жақ суретті мұқият көрсетіп оны сол жақтағы суретпен салыстыруды өтінеді.Әрбір тапқан айырмашылықты арнайы қызыл түсті дөңгелекпен белгілеп отырады.Соңында әр бала өзіндегі дөңгелек санын айтады. Айырмашылықтарды атап шығады.
Дидактикалық ойын: «Қандай пішіннен құралған?»
Мақсаты: Геометриялық пішіндердің атауын бекіту.
Шарты: Зымыранның бөліктерін геометриялық пішіндерге ұқсата отырып атап шығу.
(Тәрбиеші: -Зымыранның басы қай пішінге ұқсайды?
Балалар: -Үшбұрышқа?)
Дидактикалық ойын:Қандай пішін жасырылған?
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді заттардың бейнелік суреттерінен көре алу қабілеттерін дамыту.
Шарты: Балаларға геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың суреттері беріледі.Балалар өздері тапқан геометриялық пішіннің кескінін алып заттың жанына орналастырады.
Дидактикалық ойын: «Жұбын тап»
Мақсаты: Көлемді ажыратып айту, геометриялық пішіндер мен түстерді бекіту.
Шарты: Құмырсқалардың арқасындағы көтерген пішіндерінің көемін салыстыру, пішінді атай отыра көлемі бірдей бірдей пішінді табу.
Дидактикалық ойын: «Жолын тауып тез жеткіз»
Мақсаты:Кеңістікті қағаз бетінде бағдарлауды меңгерту,оң-сол ұғымдарын естіп түсінуді дағдыландыру, көлем туралы түсініктерін бекіту.
Шарты: Тәрбиеші бағытты нақты айтып отырады(оңға екі қадам; жоғары үш қадам; солға бір қадам,т.б) Балалар құмырсқаны қағаз бетінде айтылған бағытта жүргізіп отырады.Лабиринттан құмырсқаны шығарып илеуге жеткізеді.
Дидактикалық ойын: «Киімінде қандай пішін бар?»
Мақсаты: геометриялық пішіндердің атын тауып атауға үйрету.
Шарты: өзге ұлт өкілдерінің бас киіміндегі безендіруден геометриялық пішіндерді тауып айту.
Дидактикалық ойын: «Кімнің киімі?»
Мақсаты: Кең және тар ұғымдарын бекіту; зейінді дамыту.
Шарты: Бишілердің дене бітіміне қарай олардың киімдерін таңдай отыра кең және тар ұғымдарын дамыту.
Дидактикалық ойын: «Кім, не алады»
Мақсаты: логикалық ойлауды дамыту, сан мен затты сәйкестендіру машықтарын жетілдіру.
Шарты: Өзге ұлт өкілдерінің балаларының себеттеріндегі белгіленген таңбаға қарап, дүкен сөресіндегі заттардың санын сәйкестендіріп дұрыс жауапты таңдау.
Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты: Тәулік мезгілдерін ажырата білуге үйрету.
Шарты: Тәрбиеші балаларға балалардың балабақшадағы әрекеттері бейнеленген карточкалар таратып береді. Берілген суреттерге қарап қай кезде болатынын ажыратып айтады.(Мысалы: балабақашаға таңертең келеміз.Серуенге таңертең және түсте шығамыз.Біз түсте ұйықтаймыз. Т.б)
Дидактикалық ойын: «Қайсысы қайда тұрады?»
Мақсаты: Апта күндерінің атын үйрету, таныстыру, апта күндері туралы түсініктерін қалыптстыру.
Шарты: Балалар қолдарындағы түрлі-түсі қағаз фишкалармен айтылған күндерді белгілеп отырады (жасыл, сары, көк, күлгін, тоқсары,2 қызыл).
Дидактикалық ойын: «Қандай денеге ұқсайды?»
Мақсаты: Геометриялық денелерді заттардың пішіндерінен таба білуге үйрету.
Шарты: берілген суреттен геометриялық денелерді тауып атату.
Дидактикалық ойын: «Қанша,сонша»
Мақсаты: «Қанша,сонша» ұғымын қолданысқа түсіруге машықтандыру, заттардың теңдік ұғымын қалыптастыру.
Шарты: Алдарында тұрған кестені қолданады, толықтырады. Қанша болғанын айтады.Қанша қосқанын айтады. Барлығының қанша екенін және екінші заттың қанша екенін байланыстырып айтады.(Мысалы: Бес гүл құмырасы бар сонша гүл бар.Үш гүл бар сонша ар бар.)
Дидактикалық ойын: «Қанша, қандай»
Мақсаты: Санауды жаттықтыру және заттың пішінін геометриялық пішін атауымен айтуға үйрету.
Шарты: Берілген суреттегі балықтардың санау, түстерін айту және олардың қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын табу.
Дидактикалық ойын: «Балықтардың санын тап»
Мақсаты: Сан мен заттың санын сйкестендіруге үйрету.
Шарты: Сәйкес келетін аквариумға балықтар салу.
Дидактикалық ойын: «Қорасын тап»
Мақсаты: Көлемді меңгерту, заттарды салыстыруға үйрету.
Шарты: берілген қораның көлемін анықтау салыстыру арқылы тиісті жануарды орналастыру.
Дидактикалық ойын: «Қандай пішінді көріп тұрсың?»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді туралы алған білімдерін бекіту.
Шарты: берілген суреттен қанша геометриялық пішіндер және қандай пішіндер көргендерін айтады.