СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Салыстыр" қмұқ

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: тапқырлыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая:  екі топтағы заттарды салыстырып, оларды теңестіру.

3.Оқыту – обучающая: заттарды санына қарай салыстыра алу қабілеттерін арттыру, санаудың тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау.

Просмотр содержимого документа
«"Салыстыр" қмұқ»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Ғарышқа саяхат»

Тақырыбы/Тема: «Салыстыр»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: тапқырлыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: екі топтағы заттарды салыстырып, оларды теңестіру.

3.Оқыту – обучающая: заттарды санына қарай салыстыра алу қабілеттерін арттыру, санаудың тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: карта, үлестірмелі материалдар, 4 үлкен, 5 кішкентай текше, көп және бір зат бейнеленген суреттер; заттар бейнеленген суреттер, сіріңке қорабындағы сандар.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бір-один, көп- много


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Есік қағылып, ішке Дара мен Боти кіреді. Балалар бізге Дара мен Боти келіпті. Қонақтармен амандасайық, балалар!

Дара өзінің әжесіне арнап өте әдемі моншақ жасапты. Оны әжесіне сыйлауға ормандағы әжесінің үйіне барады екен. Ол сендерді өзімен бірге әжесіне қонаққа баруға шақырады.

Ендеше балалар, біз қазір Дара және Ботимен бірге саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін бізге не қажет?

Дұрыс айтасыңдар: карта қажет.

Картадан орман ,көпір, жағажайдан өту керек екендігі түсіндіріледі.

(Музыка әуенімен жүреді.)

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Орманға келеді.Орманнан түлкі шығады. Айлакер түлкіден құтқару.

Егер сендер менің тапсырмамды орындасаңдар мен сендерді орманнан өткіземін.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Көктем келді. Құстар қайтып келіп, ұя жасап, жұмыртқа салды.

Карточкадағы сызықшаның жоғарғы жағына сауысқанның жұмыртқаларын, ал сызықшаның төменгі жағына торғайдың жұмыртқаларын орналастырыңдар.

Қалай ойлайсыңдар балалар сауысқан мен торғайдың қайсысы артық жұмыртқа салды?

Оны қалай тексереміз?

Сауысқанның жұмыртқалары торғайдың жұмыртқаларына қарағанда неліктен үлкен болып көрінеді?

Жұмыртқаларды жұптастырып қойыңдаршы.

Жұпсыз жұмыртқа қалды ма? Неге?

Түлкі: Жарайсыңдар балалар!-деп орманнан өткізіп жібереді.

Балалар көпірге келеді. Алдынан қоян шығады.

Қоянның тапсырмасы: «Қайсысы көп» ойыны.

Педагогтің үстелінде 4 үлкен көк текше мен 5 кішкентай қызыл текше жатыр. Олар бір- бірімен араласып кеткен. Педагог қолына бір үлкен, бір кішкентай текшені алып, балаларға сұрақ қояды:

- Бұл не? -Олардың пішіні қандай? Т.б.

Жеке жұмыс: Арсен сен неше қызыл текше көріп тұрсың?

«Көп және біреу»

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.

Билингвалдық компонент: бір-один, көп- много

Балалар, біраз шаршаған сияқтысыңдар. Біраз жаттығу жасап ,тынығып алайық.Үлкен шеңбер жасаймыз.( балалар музыка әуенімен жаттығу жасайды)

Балалар жағажайға келеді.Алдарынан қасқыр шығады.

Сергіту сәті:

Сандар қыдыруға шықты

Бір, екі, үш, төрт, бес

Қыдырды, қыдырды,

Тез-тез үйлеріне қайтты

Қасқырдың тапсырмасы: «Заттарды сана»

Мақсаты: Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 1 - ден 5 – ке дейінгі заттарды санау.

Көрнекілік: Заттардың суреттері, сіріңке қорабындағы сандар.

Барысы: Тәрбиеші балаларға заттар бейнеленген суреттерді таратып береді. Бір суретте бірнеше заттың түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап заттардың санын анықтап, сіріңке қорабындағы сәйкес санды көрсету.

Жеке жұмыс: Амира сенде неше алма бейнеленген?

Балалар біз барлық кедергілерден өтіп Дараның әжесінің үйіне келдік. Дара әжесіне өзінің әдемі моншағын сыйға тартады.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар, Дарамен бірге саяхатқа шығып тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Біз қандай кедергілерден өттік?

Қандай тапсырмаларды орындадық?

Балаларды мадақтау.