СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шуақты күн" жаратылыстану

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: Күннің бейнелерін сурет арқылы таныстыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Күннің адамға тигізер пайдасы туралы түсіндіру, эстетикалық сезімдерін арттыру, мейірімділігін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: балалардың табиғат жайлы білімдерін арттырып, күн туралы ұғымдарын кеңейту.

Просмотр содержимого документа
«"Шуақты күн" жаратылыстану»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Әрқашан күн сөнбесін»

Тақырыбы/Тема: «Шуақты күн»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Күннің бейнелерін сурет арқылы таныстыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Күннің адамға тигізер пайдасы туралы түсіндіру, эстетикалық сезімдерін арттыру, мейірімділігін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: балалардың табиғат жайлы білімдерін арттырып, күн туралы ұғымдарын кеңейту.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, зерттеу қызметінің технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: «Күн шуақтары» суреті, бала саны бойынша айна.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: күн-солнце


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Тосын сәт: Балаларға сұрақ қояды:

-Сендердің бөлмелеріңе күн кіре ме? Қалай?

-Күн қайда тұратынын білесіңдер ме?

Тәрбиеші күннің қайда тұратынын білу үшін зерттеу-серуенге баруға ұсыныс тастайды.

Күн қай уақытта оянады: таңертең бе әлде кешкісін бе?

Ия, күн өзінің жылы сәулесімен таң атқанда оянады. Күн өз сәулесімен жер бетіне өз жылуын шашып, кеш батқанда өз еліне демалуға кетеді.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

1 – аялдама: Тәрбиеші «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.

-Күн – бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады.

Билингвалдық компонент: күн-солнце

2 – аялдама: Күннің неге ұқсайтынын анықтауға тапсырма береді.

Күнге қандай заттар ұқсайды?

3 – аялдама: «Заттарды не ысытты?» зерттеу жұмысы.

Серуен барысында тәрбиеші отырғышты көрсетіп:

Күн шұғыласы отырғышқа түсіпті. Кəне, ұстап көрейікші (бəрі ұстап көреді). Қандай жылы! Оны не жылытты?

4- аялдама: Көлеңке деген не? Ол қалай пайда болады?

Күн сəулесінің жолында бір кедергі пайда болса, көлеңке болады.

Көлеңке түсіріп ойнатады.

Ойын «Көлеңке»

5 – аялдама: «Күн шұғыласы» ойынын ойнату. Тәрбиеші бірнеше баланың қолдарына кішкентай айналарды таратады да, күн шұғыласын түсіріп ойнатады.

-Күн көзінде көп жүруге болмайды. Денсаулыққа зияны

бар.

-Күннің нұры пайдалы болса, оған қоса зиянды да болады.

-Бөлмеге түскен күннің көзі микробтарды және бактерияларды өлтіреді.

-Күннің көзінде көп жүрген адамның басы айналып, мұрынынан қан ағуы мүмкін. Сондықтан жазда адамдар далаға шыққанда бас киім киіп шығуы

керек.

Сергіту сәті:

Күн ұйықтады, күн оянды.

Жаңбыр жауды, күн күркіреді

Жел тұрды, ағаш шайқалды

Жел басылды, күн ашылды

Балалар жұмысқа кіріседі.

Балалар біздің зерттеу саяхатымыз аяқталып келеді.

«Мен күннен үйренемін» ойынын ұйымдастырады.

Балалар, күн сәулесі арқылы қандай жылы сөздерді білесіңдер?

Мен күннен мейрімділікті үйрендім.

Мен күннен жылулықты сезіндім.

Күннің сәулесі анамның жылуындай.

Күннің шуағынан нәр аламын

Күн бізге жарық пен жылу береді

Күннен күлуді үйрендім.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар күн қайда тұрады екен?

Күннің бізге қандай пайдасы бар?

Біз қандай ойындар ойнадық?

Балаларды мадақтау.