Ересек «Көгершін» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Табиғат-Ана, оның байлықтары туралы түсіндіре отырып, табиғатты аяулауға, қорғауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Табиғат туралы мағлұматтар беру,ой-өрістерін дамыту.
3.Оқыту: Табиғат құндылығының маңыздылығын білуге
Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі.
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент: табиғат-природа
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Амандасу. Суретпен жұмыс.
Сюжетті суреттермен жұмыс.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Әр мезгілдегі табиғаттың көрінісін ата?
-Кімге қай мезгіл ұнайды? Несімен ұнайды?
-Қазір қай мезгіл?
2.Негізгі бөлім:Көрсету және түсіндіру. Сұрақ– жауап.
-Табиғат туралы түсінік беру.(жер,су,ауа,өсімдіктер,
құстар,жануарлар т.б.)
-Тірі және өлі табиғат туралы түсіндіру.
Сергіту сәті:
«Құбылыстар»
Аз қимылды ойын – «Табиғатпен сырласу»
-Сыйқырлы орындық арқылы табиғатқа саяхатқа бару.
-Елестету. (көзді жұму)— мөп-мөлдір ағып жатқан сулар, жайнап өсіп тұрған гүлдер, құстар, тамаша табиғат.
1. Бұлаққа кездесу.
-Бұлақтан су ішеміз. Ол үшін:
Алға иілу, алу, ішу, тамсану. (
2. Алма ағашына кездесу. Ағаштан алманы алып жеу.
Оң аяқ алға, сол аяқтың өкшесін көтеру, алу, қырт етіп тістеу, тәттісін-ай
3.Раушан гүліне кездесу.
Алға иілу, алу, иіскеу, қажет емес ауаны сыртқа шығару.
Сұрақ – жауап.
-Айналамызды қоршап , жайқалып өскен ағаштар не үшін керек?
-Табиғат байлықтарына нелер жатады?
-Оны қорғау деген не?
-Табиғатты сүйе білу деген не?
Тақпақ жаттау.
«Табиғат ана»
Табиғат ана.
Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағыңда ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Жазда аралап тауыңда,
Барамыз біз бауыңа
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.
Қыста мәз боп қаламыз,
Сырғанауға барамыз.
Шымырлаған аязда,
Зымырайды шанамыз.
Жеке жұмыс: Аланға тақпақты жаттату.
3.Қорытынды/итоговая часть: ҰОҚ-і бйынша сұрақтар қою.