Просмотр содержимого документа
«Сөз таптары туралы түсінік»
Тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға сөз таптары туралы алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Оқу-танымдық әдіс
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Өткенді пысықтау
Түбір мен қосымшаның жазылуын қайталау
ІҮ. Мағынаны тану:
1-жаттығу арқылы сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру:
Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді зат есімдер дейміз.
Заттырдың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер етістіктер деп аталады.
Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер сын есім және сан есім арқылы беріледі.
Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар екен? Олар қандай сұрақтарға жауап береді?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс
2-жаттығу
Әр сөз табы туралы білетініңді айт.
Зат есім


Етістік нені білдіреді?
Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Сан есім
3-жаттығу сөздерді оқу, сұрақтар қойып мағыналарына қарай кестеге орналастыру:
Зат есім | Етістік | Сын есім | Сан есім |
Жұлдыз, ата, ақын, адам, құс | оқыды, жуынды, жүзді | Көк, үлкен, биік, жасыл. | Екі, жеті, отыз. |
4-жаттығу заттың атын білдіретін сөздерге заттың қимылын білдіретін сөздерді тіркестіріп жазу: қайық жүзеді, бақа секіреді, ұшақ ұшады, ағаш өседі, құс ұшады т.б.
5-жаттығу берілген жаңылтпашты жатқа жазу, сөздерді сөз таптарына талдау, сұрақтар қою.
ҮІ. Бекіту:

Сызбаға сүйене отырып алған білімдерін еске түсіру. Мысалдар келтіру.
6-жаттығу.
Борсық-Қазақстанда кең тараған жануар. Дене тұрқы 75см-ден асады.Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.
ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Білгендерімізді сәйкестендіру тестін орындау арқылы тиянақтай түсейік.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
7-жаттығу.

Зат есім әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл

Етістік жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың.
Сын есім аққу, емен, оқулық, ауа
Сан есім биледі, өсті, тазалады, ұшты.
ІХ. Оқушыларды бағалау