СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы: Сурет бөліктерін ерекшелеу

Просмотр содержимого документа
«Сурет бөліктерімен жұмыс істеу»

«М. Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі












Сабақтың тақырыбы:


5 «Б» сынып












Пән мұғалімі: Масимова Гулнарям

информатика пәні мұғалімі




Сабақ жоспары 16

Пән аты: Информатика

Күні: 19. 12. 2016ж

Сыныбы: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы:Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

Саабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға графикалық редакторде сурет бөліктерімен жұмыс істеу тәсілдері мен амалдарын үйретіп, одан әрі таным деңгейін арттыру.

Тәрбиелік : Оқушыларды ақапараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға,уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың графикалық редактор арқылы логикалық ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдысын қалыптьастырук және болашақта қолдануға үйрету, компьютерлік сауаттылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, Интерактивті тақта,

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: түсіндіру,сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, оқулықтар

Өтілетін орны: информатика кабинеті

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

в) мақсат қою

г) жаңа тақырыпты түсіндіру

д) жаңа сабаққа түсінгенін тексеру

е) бекіту кезеңі

ж) үйге тапсырма беру

I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

  3. Зейінін сабаққа аудару.

  4. Оқушыларды жұпқа бөлу. Ол үшін тақтаға әр оқушыға стекерлер ілінеді. Бір стекерде сұрақ ал екіншісінде сол сұрақтың жауабы тұрады. Оқушылар қойылған сұрақты оқиды сол сұрақтың жауабы жазылған стекерді алған оқушымен жұптасады.

II.Үй тапсырмасын сұрау (үй тапсырмасы қатар бойынша тексеріледі)

Тест (I қатар)

1. “Paint” сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

  1. Жобалау b)Оқу,кітап c) Сурет, сурет салу d) Музыка

2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?

  1. Тіктөртбұрыштардан

  2. Нүктелерден

  3. Сызықтардан

  4. Символдардан

3. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?

  1. 2 b) 1 c) 0 d)4

4. “Дұрыс” фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?

  1. Alt b) ctrl c) shift d) delete

5. Өшіргіштің қандай режимдері болады?

  1. Қарапайым және түрлі түсті

  2. Қарапайым және күрделі

  3. Стандарттық және стандарттық емес

  4. Жұмсақ және қатты

Ақпараттық диктант (II қатар)

  1. ____________-графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

  2. ____________-растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

  3. Paint графикалық редакторын іске қосу үшін _____- ________-____________-______ бұйрығын орындаймыз.

  4. _______ пернесін жібермей ұстай отырып “дұрыс” фигуралар салуға болады.

  5. Егер суреттің кішкене бөлігін тазалау керек болса, _______ сайманы қолданылады. Ол екі режімде болады: _________ және __________.

Екі қатар бір-бірінің тапсырмаларын ауыстырып тексері. (Дұрыс жауабы интербелсенді тақтадан шығып тұрады.)

III Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау

IV Жаңа тақырыпты түсіндіру

Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін-фрагментті ерекшелеп алады. Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.

Ерекшеленген франгменттің жан-жағында пунктирлі сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады.

- Ерекшелеу сайманы.

Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+Aпернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу-Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.

Мәтінмен жұмыс істеу.

Paint - графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба –белгілеулер құрылады.

Мәтін енгізу үшін, Мәтін сайманын таңдау керек.

Сендер мәтіннің түрін баптауға болады:

- Әріпті және оның мөлшерін таңдау;

- Мәтінді жуан әріппен, курсивпен ерекшелеу немесе мәтіннің астын сызу;

- Мәтіннің әрбір түсін таңдау. Мәтіннің фрагментін әр түрлі баптауға болады.

V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

Оқушыларға тақырып түсінікті болу үшін олар компьютермен тәжірибелік жұмыс орындайды. Оқушыларға жұмбақ қойылады және оның жауабын paint графикалық редакторында суретін салады және оның атын жазады.

Мысалға,

Аспанда бір айна бар,

Әлемді көріп айналар.


Көкке қарап наздана

Қолын созар күнімен.

Күз, Қыс, Көктем, Жазда да

Өзгермес бір түрінен.

Оқушылар күн мен шыршаның суретін салады және оны белгілеп көшіреді, мәтін жазу құралы арқылы атын жазады.

VI. Сабақты бекіту

  • Оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша рефлекция жазғызу.

  • Оқушыларды бағалау

VII Үй тапсырмасы

§ 16 оқу, сұрақтарға жауап беру. Графиктік редактор тарауы бойынша сөзжұмбақ құрастырып, жыл мезгілдеріне байланысты сурет салып әкелу.






Жоспар тексерілді ДОІЖО М. Мадишева