Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 24.02.2020
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Тірі және өлі табиғат"
Тақырыбы / Тема: "Табиғаттан үйренейік"
Мақсаттары / Цели:
1. Тәрбиелік – воспитательная : Табиғаттың сұлулығын көре білуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая Табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту.Табиғатты қорғай білуге, табиғат сырын ұғынуға үйрету, қиялын дамыту.
3. Оқыту – обучающая : Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға баулу. Табиғат туралы балалардың білімдерін кеңейтіп, тірі табиға және өлі табиғат жөнінде мәлімет беру, оған қамқор жасай білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау бойынша педагогикалық технологиялар,ойын технологиясы. ИКТ,игровизормен жұмыс
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение қыстың суреттері, табиғаттың суреттері
Көп тілділік полиязычие:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің айларын
атаңдаршы?
-Көктем мезгілі туралы қандай
тақпақтар білесіңдер?
-Көктем мезгілі сендерге ұнай
ма?Несімен ұнайды?.
-Жарайсыңдар балалар.Көктемгі табиғат сендерге ұнайтынын білдік,олай болса бүгінгі біздің өзін-өзі тану оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы да осы табиғатқа
байланысты «Табиғаттан үйренейік» деп аталады.
-Балалар көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберін жасайды.
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Наурыз,сәуір, мамыр.
-Балалар көктем туралы өз ойларын айтады.
Ұйымдастыру- ізденушілік
-Табиғат-бізді қоршаған дүние: аспан мен жер,тау мен су,жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.Адам қашан да табиғат әсемдігіне,сұлулығына тамсана таңданған,қуанып шабыт алған. Сондықтан да табиғатқа жылы жүрекпен,аялы алақанмен қарап, ерекше мән берген.
-Балалар, біз табиғаттың өлі табиғат және тірі табиғат болып бөлінетінін білеміз.
Кәне ендеше кім айтады тірі табиғатқа нелер жататынын?
-өлі табиғатқа нелер жатады?
-Балалар, табиғтттың бір бөлшегі күннен біз не аламыз?
-дұрыс айтасыңдар,күннен жылу,жарық аламыз.
-Ағаштар не үшін керек деп ойлайсыңдар?
-Жарайсыңдар балалар.
-Өзен,көл, теңіздер не үшін керек?
Тынығу сәті
-Балалар,ыңғайлана отырып, көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарына туған жерлеріңді, оның әсем табиғатын елестетіңдер.Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.
-Енді көкөзімізді ашайық.
Шығармашылық жұмыс:
Ойын: "Мен табиғаттан не үйрендім?"
Балалар, мына "табиғат бөлшектері" көрсетілген суреттерге қарап, олардан не үйренетінімізді айтайық. (Күн,құс, көбелек, су,жер суреттері)
-Мен күннен мейірімділікті үйрендім
-Мен құстардан ән салуды үйрендім
-Мен көбелектен әдемілікті көріп үйрендім
-Мен жерден төзімділікті үйрендім.
-Мен судан тазалықты үйрендім
Сергіту сәтін орындау.
Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық
Бір отырып, бір тұрып
тынығып біз алайық
Балаларға "Мейірімділікті табиғаттан үйрен",деген нақыл сөзді түсіндіріп,қортындылау.
Табиғат жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыны өз қамқорлығына алып, бізді мейірімділікке бөлейді.Біз мейірімділікті табиғаттан үйренеміз.
-Адам,жан-жануарлар, өсімдіктер.
-Су, топырақ,тау-тас,күн,ай,жұлдыздар
Күннен жарық,жылу аламыз
-Ағаштар ауаны тазартады,көлеңке болады.
-Балалар топ болып сүрет құрастырады, табиғат көрнісінің сүретін салады
-Балалар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын айтад
-Балалар қимылмен орындайды
-Балалар дәйексөздегі нақыл сөзді қайталайды
Қортынды:
–Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде не
туралы айттық?
Табиғат бізді
мейірімділікке, төзімділікке, үйлесімділікке үйрететініне көзіміз жетті.