СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Табиғатты аялайық. қорғайық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сынып оқушыларына арналған сынып сағаты

Просмотр содержимого документа
«Табиғатты аялайық. қорғайық»

Күні: 15.09.2020

Сынып: 3-4 «А» сынып

Тақырыбы:Табиғатты аялайық,қорғайық

Мақсаты:Табиғатқа қамқорлық жасауға аялап ,қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру. Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту

Көрнекілігі: Слайд көрсету. «Табиғатты аялайық,қорғайық» суреттер топтамасы. Күлімдеген күн, түнерген бұлт,ағаш,… суреттері,  – «табиғаттың тамаша  көріністері».

Нақыл сөздер:
1. Экология – тағдыры.
2. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
3. Табиғат-біздің анамыз,табиғатқа  баламыз.
4. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5. Өз елінің тасын сыйламаған,
Өзге елдің тауын да сыйламайды.
6. Күте білсең, жер жомарт.
Әдіс – тәсілі: Коммуникативтік технология арқылы интерактивті әдіс – тәсілдерді қолдану.Сұрақ – жауап, түсіндіру,


Ұйымдастыру. Балалар «Сәлем – сөздің анасы» амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің белгісі. Сондықтан алдымен амандасып алайық.
Балалар.: Қайырлы күн, досым.
Қайырлы күн!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Йіліп,сәлем береміз,құрметпенен біз.

Кіріспе сөз. Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Табиғат болмаса біз ауасыз,сусыз,тамақсыз өмір сүре алмас едік.Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс-әркеттерінен болған қалдықтардан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.
Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені. Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек

Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.

Табиғат  ол-анамыз,

Табиғатқа  баламыз.

Құшағында  ойнаймыз,

Шаттық  әнге  саламыз.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін тер төгейік.

Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет сөздері бар?

– Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.

Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.

– Қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
«Ойымызды бөлісейік».(Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңмен бөлісейік).

Балалар,Табиғат-анамызға ризашылығымызды білдіріп,рахмет айтайық,жүректен шыққан тілектерімізді арнайық.

-Мен өзімді табиғат аясында жүргендей сезіндім.

-Таза ауасын рақаттана жұттым!

-Таза ауада серуендесек деніміз сау болады.

-Табиғат-емші,табиғатты  таза ұстайық.

-Мен гүлдердің жайқалып өскенін тілеймін!

-Ата-анамыз аман болсын.Күн,жылу бергенің үшін рахмет!

-Табиғат,денсаулық сыйлағаның үшін рақмет!

-Су,өмірдің нәрі болғаның үшін рақмет!

-Күніміз жарқын болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Ауамыз таза болсын!

-Еліміз бай болсын!

-Тыныштығымыз баянды болсын!

-Ағаштар жайқалып өссін!

-Нанымыз көп болсын!

-Мен,Табиғат-ана жап-жасыл болып тұрсын деймін.

Қорытынды:
Олай болса,балалар, мен де сендердің күндей күлімдеп,гүлдей жайнап,ағаштай биік, судай таза болып өскендеріңді тілеймін.