Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ертегі «Қарлығаш пен дәуіт»
Мақсаты: Ертегіні үн таспадан тыңдау арқылы балалардың ой-қиялын жетілдіру, шығармашылық қабілетін шыңдау.
Көрнекіліктер: Үн таспа, құстардың суреті, ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары.
Билингвизм: Тауық – курица, әтеш - петух, қарлығаш – ласточка, қарға – ворона, көкөк - кукушка.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар бәріміз Алтын күнмен, Көк аспанмен, Жер анамен, достарымызбен амандасып алайық.
Армысың, Алтын күн,
Армысың, Жер ана.
Армысың, Көк аспан,
Армысың, жан досым
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым!
- Балалар, бүгін ерекше күн біздің тобымызға қонақ апайлар келіпті. Апайларға амандасайық.
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Өте жақсы балалар. Балалар, өткен оқу іс-әрекетімізде туған өлкеміздің құстарымен таныстық.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Балалар, күз мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып кетіпті. Енді олар көктем мезгілінде қайта келеді екен.
- Балалар, құстар нешеге бөлінеді?
- Құстар 2-ге бөлінеді.
- Үй құстары
Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық.
- Үй құстарын қайда бағады?
- Үйде бағады.
- Дала құстары
Қарлығаш, сауысқан, қарға, көкек, тырна, торғай, т.б.
- Дала құстары өз бетімен өмір сүреді. Олар ағаштар мен өсімдіктерді зиянды жәндіктер мен құрттардан тазартады. Содан ағаш жайқалып өседі де, таза ауа бөліп шығарады. Сол таза ауамен біздер демаламыз.
- Балалар, кім құстар туралы тақпақ айтады.
- Нұрайна
Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын неге қонбайсың.
Жем шашайын ойып ал,
Сонда аязда тоңбайсың.
- Динара:
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
- Сержан:
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
4) Рахман:
Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Бір томадан томаға,
Секең, секең ауысқан.
- Камила:
Тырау, тырау тырналар,
Жем іздесең қырға бар.
- Сабина:
Ақ қанатты шағала,
Айдында да, жағада.
Шарқ ұрып жүреді,
Ұшып келіп, іледі.
- Ал енді балалар ойын ойнайық.
Ойын: «Қай құс қайда мекендейді?»
Балалар, құстарды мекен ететін жеріне орналастыруыңыз керек.
Үй құстарын орналастыру.
Дала құстарын орналастыру.
Балалар, қарлығаштың шырылдаған дауысы естіледі ғой.
Просмотр содержимого документа
«ҰОҚ " Қарлығаш пен дәуіт»
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ертегі «Қарлығаш пен дәуіт»
Мақсаты: Ертегіні үн таспадан тыңдау арқылы балалардың ой-қиялын жетілдіру, шығармашылық қабілетін шыңдау.
Көрнекіліктер: Үн таспа, құстардың суреті, ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары.
Билингвизм: Тауық – курица, әтеш - петух, қарлығаш – ласточка, қарға – ворона, көкөк - кукушка.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар бәріміз Алтын күнмен, Көк аспанмен, Жер анамен, достарымызбен амандасып алайық.
Армысың, Алтын күн,
Армысың, Жер ана.
Армысың, Көк аспан,
Армысың, жан досым
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым!
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Өте жақсы балалар. Балалар, өткен оқу іс-әрекетімізде туған өлкеміздің құстарымен таныстық.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі.
Балалар, күз мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып кетіпті. Енді олар көктем мезгілінде қайта келеді екен.
Балалар, құстар нешеге бөлінеді?
Құстар 2-ге бөлінеді.
Үй құстары
Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық.
Дала құстары
Қарлығаш, сауысқан, қарға, көкек, тырна, торғай, т.б.
Дала құстары өз бетімен өмір сүреді. Олар ағаштар мен өсімдіктерді зиянды жәндіктер мен құрттардан тазартады. Содан ағаш жайқалып өседі де, таза ауа бөліп шығарады. Сол таза ауамен біздер демаламыз.
Балалар, кім құстар туралы тақпақ айтады.
Нұрайна
Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын неге қонбайсың.
Жем шашайын ойып ал,
Сонда аязда тоңбайсың.
Динара:
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Сержан:
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
4) Рахман:
Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Бір томадан томаға,
Секең, секең ауысқан.
Камила:
Тырау, тырау тырналар,
Жем іздесең қырға бар.
Сабина:
Ақ қанатты шағала,
Айдында да, жағада.
Шарқ ұрып жүреді,
Ұшып келіп, іледі.
Ойын: «Қай құс қайда мекендейді?»
Балалар, құстарды мекен ететін жеріне орналастыруыңыз керек.
Үй құстарын орналастыру.
Дала құстарын орналастыру.
Балалар, қарлығаштың шырылдаған дауысы естіледі ғой.
Енді бәріміз үн таспадан Қарлығаш пен дәуіт ертегісін тамашалайық.