СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ұзын құлақ сұр қоян»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ұзын құлақ сұр қоян атты конспекті де қоян туралы мәлімет беріледі

Просмотр содержимого документа
««Ұзын құлақ сұр қоян»»



Технологиялық карта

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тәрбиеші:

Күні,айы,жылы: .

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс-әрекет түрі : Сурет салу

Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»

Мақсаты:

БМ: Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру.

ДМ: Дөңгелек және үлкен-кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру.

ТМ: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Жұмбақ жасыру ,әңгімелесу,көрсету, салдыру.

Алдын-ала жұмыс: Қоянның суретін дайындап қою.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: Қағаз,түрлі түсті қарындаштар,қоянның суреттері.

Сөздік жұмыс: Ұзын құлақ сұр қоян

Билингвальді компонент: қоян-заяц-hare.

Қызығушылығын ояту

кезеңі





Шаттық шеңбері.

Жұмбақ жасыру:

Ұзын құлақты,жылдам аяқты,

Сәбізді жақсы көретін ол не?

Иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып,балалардан қоянның қайда тіршілік ететіні,құлағы неге ұзын екені,қалай секіретіні,неге сұр қоян деп аталғаны жайлы сұрап,өзі жауаптарды толықтырып түсіндіремін.

Сөздік жұмыс: ұзын құлақ ,сұр қоян

-Қайырлы таң,балалар!

-Қайырлы таң жаңа күн!

-Қоян.

Балалар қоянның сәбізді жақсы көретінін,өзі сондай қорқақ екендігі,орманда тіршілік ететіні жайлы айтты.



«Ұзын құлақ», «сұр қоян»

Сөзін жаңғырық әдісімен қайталайды.













Іздену

ұйымдастыру



Балаларға ұзын құлақ сұр қоянның суретін салуды ұсынамын.

Қоянның дене мүшелерін:басын дөңгелек,денесін үлкен сопақша дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіремін.Әдемі болу үшін сұр түсті қарындашпен немесе бояумен солдан оңға қарай бояуға болатынын көрсетемін. Бояғанда біркелкі сызықтармен,қарындашты қағаздан үзбей сүйкей жағуға жаттықтырамын.

Сергіту сәті:

Қояным,қояным,

Орныңнан тұра ғой.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы,

Қолыңды жушы,

Орныңда секірші!

Секір-секір-секір!

Балалар тәрбиешінің түсіндіруі бойынша тәрбиешімен бірге үзік сызықтарды жүргізеді.

Дайын суретті түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланып бояйды.



















Сергіту сәтінде өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.



Рефлексивті

қорытындылау



Балалардың қоянды әдемі салғандарын айтып мадақтаймын.Қоян жайлы әңгімелесіп,қоян туралы қандай өлеңдер,тақпақтар,жұмбақтар білетіндерін сұраймын.Қол ұстасып,дөңгеленіп,қоян жайлы өлең айтамын.

Балалар қоянды қалай салғандары жайлы,қоян туралы не білетіндерін айтады.



Күтілетін нәтиже:



Біледі: қоянның дене мүшелерінің атауларын.

Игереді: қоянның дене мүшелерін,жейтін азық түрлерін.

Меңгереді: суретті түрлі түсті қарындашпен біркелкі етіп бояуды