СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Зат есімнің тәуелденуі" (3 сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тема урока "Зат есімнің тәуелденуі" (3 класс)

Просмотр содержимого документа
«"Зат есімнің тәуелденуі" (3 сынып)»

Алматы облысы , Балқаш ауданы

«№1 Бақанас орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

Бастауыш сынып мұғалімі

Нурекеева Альфия Канатовна


Пән мұғалімі

Нурекеева Альфия Канатовна

Күні


Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің тәуелденуі

Сілтеме

Оқулық 3-сынып, қазақ тілі

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Зат есімнің тәуелденуі туралы түсініктері дамиды. Зат есім туралы білімдері кеңиді. Тапсырмалар орындап, өз ойларын дәлелдеу арқылы сыни тұрғыдан ойлауы дамиды. Топта, жұпта жұмыс жасауға дағдыланады.

Түйінді идеялар

Байланыстырып сөйлеуі, сөздік қорлары, танымдық қабілеттері дамиды.

Тапсырмалар

1. Постермен жұмыс. Зат есім 2. Сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып,қосымшалардың қандай мағына білдіріп тұрғанын табу.(1 слайд) 3.Топтық жұмыс. Сөздерге тиісті қосымшаларды қойып жаз.(№2слайд) 4. Өлеңді оқып, жатқа жаз. Тәуелденген сөздерді тап. (3слайд) 5. Шығармашылық тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жаз.(4 слайд)

Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру:

Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық Қандай сұрақ болса да, Таппай оны қоймайық Алға қарай самғайық, Екілікті алмайық

Топқа бөлу. (Кәмпиттер арқылы топқа бөлу. 4 мин.) Оқушыларға кәмпиттер таратып, сол кәмпиттердің түсі арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру 37-жаттығу. (3 мин.) Қатардағы артық сөздерді табу: көрме, жаңалық. Неліктен бұл сөздер артық болды деп ойлайсыңдар?

1-тапсырма. Постермен жұмыс. Зат есім (8мин.) Зат есім туралы жан-жақты білімдерін тексеру. Оқушылар топтық жұмыста өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, оны қорғайды.

2-тапсырма. Сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып,қосымшалардың қандай мағына білдіріп тұрғанын табу. (4мин.) Менің сағатым үйде қалды. Сенің мысығың терезенің алдында отыр. Жақсылықтың қаламы партаның үстінде жатыр.

Өз беттерімен ереже құрып, оны есте сақтау: оқу, талдау, түсіндіру, есте сақтау.

3-тапсырма. (8 мин.) Топтық жұмыс. Сөздерге тиісті қосымшаларды қойып жаз.

(ана, қол, қозы, етік) Менің анам, ... Біздің анамыз, ... Сенің анаң, ... Сендердің аналарың, ... Сіздің анаңыз, ... Сіздердің аналарыңыз, ... Оның анасы, ... Олардың аналары, ...

4-тапсырма. Өлеңді оқып, жатқа жаз. Тәуелденген сөздерді тауып, түбір мен қосымшаларын ажырат. (5 мин.)

Түйем шықты өріске, Боталары маймаңдап. Қойым өрді қапталдап, Қозыларым салды ойнақ.

5-тапсырма. Шығармашылық тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдену ерекшелігіне қарай топтап жаз.(8 мин.)



Добым, дәптерім, оқушыларым

добыңыз

Добың, дәптерің, оқушыларың

Добыңыз, дәптеріңіз, оқушыларыңыз

Добы, дәптері,оқушылары

Үйге тапсырма: 50- бет. 5-жаттығу. Ребус құрау

Кері байланыс. Оқушылар не білгенін, не үйренгенін

стикерге жазып жабыстырады. (2 мин.)

Қорытынды. Өз-өздерін бағалайды. Критерийлер арқылы бағаланады. (3 мин)