СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жайнай берсін, Астана

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші: Жалгасбаева Г.Т

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән:Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Өрт тілсіз жау»

 Мақсаты:

-Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

 -Дамытушылық: Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру

-Оқыту: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы

түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өрт өшіретін қүралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету.

 Педагогикалық технологияла

Просмотр содержимого документа
«Жайнай берсін, Астана»

Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші: Жалгасбаева Г.Т

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән:Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Өрт тілсіз жау»

Мақсаты:

-Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

-Дамытушылық: Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру

-Оқыту: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы

түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өрт өшіретін қүралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық-техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету.

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер

Билингвалдық компонент:өрт пожар,от огонь

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тәрбиеші: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.

Тақпақтар:

Айым: От жақпа, күйерсің,

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңкені үстасаң,

Бәлеге сен түсерсің.

Дария: Оттың ісі қуырмақ,

Желдің ісі суырмақ.

Қазір жанған жалынды,

Алып - үшып қуаламақ.

Тәрбиеші: Олай болса, балалар мен сендермен «Қателеспе» деген ойын

ойнағым келеді. Ойынның шарты: отта жанатын заттарды айтқанда қолды жоғары көтереміз, отта жанбайтын заттар айтылғанда қолымыз төменде болуы шарт.

Сөздер: қағаз, терезе, жапқыш, дәптер, киімдер, жиһаздар, шөптер, бензин, жапырақтар, ағаштар, кітаптар, шеге, әйнек, қасық, металл, мұз, қар, тас, су.

Тәрбиеші: Балалар сендермен тағы да бір ойын ойнап, от, өрт туралы қаншалықты білетіндеріңді тексерсем деймін.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойын шарты: Берілген сүрақтарға жылдам жауап беру керек.

  • Өрт сөндіретін адамды қалай атайды? (өрт сөндіруші)

  • Өрт сөндірушінің адамдарға қандай көмегі бар? (олар үйдегі, ормандағы өрттерді сөндіреді)

  • Олардың жүмысы қандай? (адамдарға қажет, өте ауыр, қиын)

  • Өрт сөндірушілер қандай болу керек? (батыл, өжет, щапшаң, епті)

  • Олар неге батыл, шапшаң болу керек? (өйткені өрт кезінде адамдарды, т.б. қүтқарады)

  • Өрт болған кезде қандай нөмерге телефон шалу керек? (101)

  • Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлүматтар беру керек? (не болғанын, мекен - жайын айту).

Қимылды ойын: «От пен су»

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірі қызыл лентаны тағып, от болып қашады. Ал көк лента таққан балалар су болып қуалайды. Ойын 2-3 рет қайталанады. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ойынды тамаша ойнадыңдар. Тағы да бір ойынға кезек берейік.

Ойын: «Болады - болмайды»

Ойынның шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамды алыңдар. Қызыл түсті - болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал жасыл түсті - болатын жағдайда көтересіңдер.

Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға

Жанып түрған сіріңкені тастауға

Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға

Өрт шыққан жерде қалуға

Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға

Өрт кезінде есік, терезені ашуға

Басымызды, бет - аузымызды ылғал сүлгімен орауға...;

Өрт кезінде жарға, еденге су шашуға

Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға

Көршілерден көмек сүрауға

Өрт кезінде газды, жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға

Тәрбиеші: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын:«Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт - тілсіз жау» деген, отпен аса сақ болу керек және үлкендермен бірге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек !





























Ортаңғы«Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші: Жалгасбаева Г.Т

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән:Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»

Мақсаты:

-Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу

-Дамытушылық: . Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-Оқыту: : ұлттық киім түрлерімен таныстыру.олардың өзіндік ерекшеліктерімен таныстыра отырып,қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуге, әңгімелеп беруге үйрету.

Педагогикалық технологиялар:дамыту

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер

Билингвалдық компонент:ұлттық киімдер национальные костюмы,ою орнамент

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

1.Шаттық шеңбер
Аспан түрді түндігін, жерге сауле жайылды
Неткен ашық күн бүгін, қайырлы таң, қайырлы.
2.ойын: Ойлан тап, не артық?
Ойын шарты: Балалар көрсеткен суреттер ішінен артық затты тауып, неліктен артық деп санайтындығын түсіндіруі керек.
3.Әңгімелесу . жалпы киім туралы. Өткен материалдарды естеріне түсіре отырып, ұл бала мен қыз балаға арналған киім түрлері, олардың айырмашылығы, қалың және жұқа киімдер, баскиім, сырткиім және аяқ киім болып бөлінетіндігі туралы айтады.
4.ОйынҰл мен қызды киіндіреміз
5.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Көрмені көрсету.
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Киімдердің түрлері көп екен және олар бірнеше топқа бөлінеді. Бүгін біз сондай киімдердің бір түрі қазақтың ұлттық киім түрлерімен танысамыз. Ол үшін арнайы көрмеге барамыз.Балаларға көрмені аралап, киімдерді жақсылап бақылап алуларына мүмкіндік беру. Киімдерді бір бірден таныстыру.
-Үкілі тақияның төбесі дөңгелек болып келеді. Жібек, алтын, күміс, зер жіптерімен кестеленіп, моншақ, асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын тақияның төбесіне қадайды.Ұлдардың тақиясы жай өрнектермен безендіріледі.
Камзол – жеңсіз жеңіл киім. Қыздарға арналған камзолға кесте тігіліп, ою-өрнек салынады.етегі кең болып келеді.
Тымақ –ұлдардың қыстық бас киімі. Аңның терісінен тігіледі.
Көйлек – әйелдердің киімі. Қос етек көйлекке екі үш етекті қоса тігеді.
Шапанды қалың матадан қазақтың ою өрнегін салып, астарлап сырып тігіді. Шапанды ерлер де, әйелдер де, балалар да киеді. Қыздарға арналған шапанның жаға- жеңіне , етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар ұстайды. Ұл балалардікі ою-өрнектермен безендіріледі.
Күнделікті киетін киімдерді ұлттық киіммен салыстыру.
6. сергіту сәті.
Біздер тату баламыз. Гул-гул жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасайық. Жақсы сергіп қаламыз.
Орнымыздан ұрамыз, қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір
Көбелек болып ұшамыз, орнымызды табамыз.
7. ою – өрнектерді еске түсіру.Балалар біз қандай ұлтық ою- өрнектерді білеміз? Гул, қошқар мүйіз, ирек су, балта ,түие табан, тұмар.
8.Шығармашылық жұмыс. Балалрды таңдауы бойынша үш орталыққа бөлу. Бірінші орталық даиын қиындылардан саукеле жапсырып жасайды. Екінші орталық саукеленің суретін салады. Үшінші орталық мозаикамен саукеле жасайды.
9.Ұлттық оиындарды еске түсіру. Балалар, біз тақиямен ойнайтын қандай ойын білеміз? Басқа да ұлттық ойындарды еске түсіреиік. Суреттерді көрсету
Тақия тастамақ, қыз қуу, асық ату, көкпар ,ат жарыс,білектесу, күрес т.б.
10 Қорытындылау .Бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сурау.Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Мақтап, мадақтау.