СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертеңгілік: “Күз жомарт”

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертеңгілік: “Күз жомарт”

Мақсаты: Балалардың күзге байланысты табиғаттағы өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту, табиғаттың сыйын өз көздерімен көріп, дәмін татып, күз байлығын, әсемдігін сезіне білуге, көргендері туралы әңгімелей білуге үйрету. Табиғатты аялап, қорғай білуге, адамгершілікке, көпшілікке тәрбиелеу.

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. Жүргізуші: Келді міне алтын күз, Сары шашты жарқын жүз. Мол өнімді ісімен Таңдандырып халқын күз. Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

1-бала: Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі. Сарғайып жапырақ, Саудырап түседі. 2-бала: Аспанды сұрғылт бұлт, Жан-жақтан жабады. Күнбірте суытып, Жауын көп жауады. 3-бала: Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көпегін. Бұл күндері киіпті, Сары жібек көйлегін. 4-бала: Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ. Ой, алақай, тамаша, Шашу шашты жапырақ!

Ән « Кел билейік, кел билейік!» Жүргізуші: Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар! Жүргізуші: - Ал, балалар, балалар, Енді бері қараңдар. Бізге қонақ келмекші Сендерді бір көрмекші. Әуелі жұмбақ жасырам, Қулығымды асырам. Таба алсаңдар шешімін, Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиып-теріп болатын, Қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын, Қаймезгілде ойлайсың? Дұрыс, күзмезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен? (Балалардың жауабы). Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық!

(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді). Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар! Сәлеметсіздерме, қонақтар! Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма! Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы, Ойын ойнар түр-түрлі! Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!

Көкөністер туралы ертегі: “Көрініс”

Автор – Мейіржан

Қырыққабат – Жандос

Қызанақ – Жансая

Пияз – Құндыз

Қарбыз – Мейіржан

Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар. Қолшатырмен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар. (Ойын «Қолшатыр»).

Мақсаты: Әуенмен жылдамдыққа, ептілікке үйрету. Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! Тағы қандай өнер бар? Жүргізуші:Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін Мақтанбақшы сендерге, көкөністер сан түрлі! ( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).

Пияз: Асханадан шықпаймын, Атым - пияз, бұқпаймын. Көзден жасты шығарам, Тұмаудан бірақ сақтаймын! Қызанақ: Тал шыбығым бұралып, Бақшаларда қызарып. Тұрғанол мен- қызанақ, Күнге қарап ұялып! Қос картоп: Картоп-біздіңатымыз, Жерастында жатырмыз. Бір тамырдан тараған, Ағайынбыз бәріміз! Сәбіз: Өсіретін бойыңды, Дамытатын ойыңды. Қоянға да азықпыз, Сәбіздерміз жазықсыз!

Ән: хор Жау, жау жаңбыр!

Алтын күз: Бәрекелді, керемет! Жүргізуші:Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе? Алтын күз: Білмейді екем. Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. ( Ойын «Көкөністерді ажырат»). Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам. Олар сізге қолшатырмен би билеп бермекші.

Би: қыздар “Қолшатыр”

Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар! Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар.

Би: ұлдар “Күзге тарту”

Алтын күз: Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше! Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күзшығып кетеді).

Ән: Ажар “Кря, кря”

Ән: хор “Қарлығаш”

Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

13.03.2017 19:21


Рекомендуем курсы ПК и ПП