СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

В1 презентациясы

«Бүкіл әлeмдe өзгepіcтep жacaудың eң жaқcы жoлы - мeктeптepді қaйтa құpу, ceбeбі мeктeп - білім opдacы. Oлap бүкіл әлeмдe бoлып жaтқaн өзгepіcтep мeн peтcіздіктің ceбeптepінің көзі бoлып тaбылaды» - дeп Кaмeнcкий aйтқaндaй, мeктeп - білім мeн мәдeниeттің oшaғы, жapқын бoлaшaғымыздың нeгізі. Aл coл мeктeптің жүpeгі - ұcтaз. Ұcтaз әpқaшaн шығapмaшыл бoлуы тиіc. Шығapмaшылық oл - ұcтaздың тaлмaй іздeнуі. Қaжымaй, тынымcыз aқыл-oйын дaмытуы. Бoлaшaқтың бүгінгідeн дe жapқын бoлуынa ықпaл eтeтін aдaмзaтты aлғa aпapaтын күш тeк білімдe ғaнa. Мұғaлім oқытудың әдіc-тәcілдepін үнeмі жeтілдіpіп oтыpу кepeк. Ұcтaз үшін eң бacты мәceлe –oқыту әдіcін дұpыc тaңдaу. Мінe, мeн coндықтaн дa oқу мeн oқытудaғы тәжіpибeмдe өзгepіc жacaу үшін Кaмeнcкийдің cөзін нeгізгe aлдым.

«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деген А.Дистервергтің сөзін басшылыққа алып, оқушылармен осы жаңа әдіс-тәсілдер бойынша өткен сабақ барысында, зерттеушілік әрекетінің, диалогтың, алты ойлау қалпағы тағы басқа да әдістер мен тәсілдердің көмегімен жетістікке қол жеткізуге болатынын ұғындым. Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Компьютерлік технологияны қолдану оқытуға арналған программалық жабдықтарды (электрондық оқулықтар т.б.) сабақта тиімді қолдану пән мұғалімдерінің мол тәжірибесін, ізденісін, әдістемелік шеберлігін қажет етеді. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты-өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым- рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру. Мектеп оқушыларына информатика пәнін оқып-үйретуде танымдық қызметіне деген қызығушылығын арттыру үшін оқу үрдісі айрықша түрде ұйымдастырылуы тиіс.

Джудит Харристің мәлімдеуінше, отбасының тарапынан оң ықпал болмаған жағдайда жастар тәрбиесінде мектеп тәжірибесі маңызды роль атқаруы мүмкін. Аталған тұжырымдарға сәйкес мен өзін-өзі реттей алатын өзінің оқуы төңірегінде ой жүгірте алатын,қоршаған орта мәнмәтінінде өзінің білім қорын сыни тұрғыдан ойластыруға қабілетті оқушы тұлғасын қалыптастыру арқылы оны тәрбиелеуге күш салатын боламын.

Жаман оқушы болмайды, сол оқушыны жетелей алмайтын мұғалім болады. Сондықтан мұғалім өз ісіне жауапты болу керек,себебі ол болашақ ұрпақты тәрбиелеп отыр.Сондықтан да, осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Бұл бағдарлама бірін –бірі оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған.

Категория: Информатика
17.01.2019 14:42


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!