СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту үшін ақпараттық коммуникативті әдістерді пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныпта - тақырыпқа сай алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдалануға болады. Мысалы: "зат есім" тақырыбында, кез-келген зат есім болатын суретті интерактивті тақтада көрсету. (гүл суреті). Оқушылар суретті бейнелеп, суреттеп айту керек. Осы арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасаймыз және оқушылардың сөйлеу қабілеті мен сөздік қорытын, өз пікірін ашық айту дағдыларын қалыптастырамыз. Интерактивті тақтада иллюстративті материал ретінде барлық сабақта түрлі суреттер қолдануға болады. Соның бірі "Етістік" тақырыбын өту барысы. Жаңа сабаққа кіріспе ретінде: қимыл-қозғалыс бейнеленген суреттерді пайдалану. Оқушылар суретті баяндайды, іс-қимылды көбірек баяндауға көңіл бөлеміз. Осы арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасаймыз. Сабақ барысында интерактивті тақтадағы суреттерді оқушыларға тек қана баяндату үшін емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу құралы ретінде де пайдалануға болады. Мысалы: ағаш егіп жатқан бала мен ағаш сындырып жатқан оқушы. Оқушылар өз пікірлерін білдіреді, қай баланың іс-әрекете өзіндік баға береді. "Сендер де осы бала сияқты ағаш егіп, тәртіпті бала болыңдар "деп суретті қорытындылайыз. Сабақты тек қана интерактивті тақтадан сурет көрсетумен шектеп қоймай, оқушыларды флип-чарт бағдарламасымен жұмыс істеуді үйреткен жөн.

1-сыныпта әріп тану үшін қазақ әріптерін сабақта өтеді. Осын сабақта интерактивті тақтаны пайдалануға болады. Яғни интерактивті тақтаға "флип-чарт" бағдарламасын енгіземіз. Флип-чарт бағдарламасына алдын-ала әріптерге байланысты тапсырмаларды жазып қоямыз. Осы жерде оқушылардың іс-әрекеті: әріптерді тани біліп жазуына сонымен қатар сөздер құра білуге үйрену. PowerPoint бағдарламасында жасаған слайдты флипчарт бетіне ауыстырып, аспап панеліндегі құралдарымен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады.

Бейнефильмдер. Бастауыш сыныптың қазақ тілі пәндерінде жұмбақтар мен мәтіндер кездеседі. Жұмбақтың жауабын, немесе берілген мәтіннің мазмұнын пайдалана отырып, шағын бейнефильм көрсету арқылы қосымша білім беруге болады. «Paint» бағдарламасы. Қазақ тілі пәнінде жеке тұлғаға тек қана білім беріп қоймай шығармашылық қабілетін де дамыту керек. Өтілген тақырыпқа байланысты, 4-сынып оқушыларына: компьютерден «Paint" бағдарламасын қосып, сурет салғызуға болады. Компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни оқушы ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Қазақ тілін үйренуде, қазақша сөйлеуді жетілдіруде, тілдік қорын дамытуда бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

Ұлы Абай: «Адам баласы. көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педагог классиктердің пікірлерімен ұштасады. Сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин шәкірттердің барлық сезім мүшелері- көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттығулар арқылы жұмыс істеу керектігі жайында әдістемелік нұсқау береді.

03.11.2016 17:52

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!