© 2020 297
СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Педагогика ғылымында қимыл-қозғалыс ойындар баланың жан-жақты дамуының маңызды құралы ретінде қарастырылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қимыл-қозғалыс ойындар балалардың денесіне жағымды әсер етеді. Қозғалтқыш белсенділігінің арқасында дененің иммунитеті артады, балалар төзімді бола бастайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған спорттық ойындарға үнемі қатысатын жеткіншектер тек жақсы дене бітіміне ғана емес, қимылдағы ептілікке де тез ие бола алады. Ойындар балаларға жағымды эмоциялар беріп, күн бойына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Физикалық белсенділіктің бұл түріне қатысатын балалар тәбеті жақсы және терең ұйқыға ие, сонымен қатар аз ашуланшақ болады.Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл-ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланады.
Қимылды ойындар кезінде балалар басынан кешіретін таң қалу,қуану,эмоциялары қимылды жақсы игеруге көмектеседі. Мысалы: «Жасырынбақ» ойыны кезінде балалар тығып қойған ойыншықтарды іздегенде алуан түрлі қимылдар жасайды. Қабырғаға ілінген сөреге қарау үшін аяғының ұшымен тұрады, еңкейеді, манеждің, орындықтың астына қарайды.
Балалардың жалпы дамуында музыканың сүймелдеуімен ойналатын қимылды ойындардың маңызы ерекше. Онда бір тұрып аяғын ұру, жүрелеп отыру т.б. Музыка үнімен баланың ырғақ қимыл үйлесімдерін тәрбиелеуге көмектеседі. Сәби топтарда тәрбиеші ойынның мазмұны мен ережесін ойынның барысында,ал ересек топтарда ойын басталар алдында түсіндіреді. Қимылды ойындарды топта және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді.
Серуен кезінде қимылды ойындар кіші топтарды 8-10 минут, ал үлкен топтарда ойынның ұзақтығы 15-20 минутқа созылады. Ойынды егер балалар қалап тұрса, 2-3 рет қайталатып, ойнауға болады.Балалар ойынды игерген соң оны өздігінен ойнай алады.Бұл үшін олардың ойынға деген ықыласын дамытып, серуен кезінде демалыс сағаттарында ұйымдастырып отыру керек.
© 2020 297