СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Қимылды ойындар алдымен балаға дене тәрбиесін беру құралы. Олар балалардың қозғалысын жүгіру,секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу т.б. жаттықтыру, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Алуан түрлі қимылдар ірі және майда бұлшық еттердің белсенді әрекеттенуін талап етеді, зат алмасуды, қан айналысының, тыныс алудың жақсы болуына, яғни организмнің тіршілік әрекетінің артуына көмектеседі. Қимылды ойындар баланың нервтік, психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды сапаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді.Бұл ойындарда баланың еркі, тапқырлығы, батылдығы, шапшаңдығы дамиды. Ойындағы бірлескен әрекеттер балаларды жақындастырады, қиыншылықты жеңу және табысқа жету оларды қуанышқа бөлейді. Ережелі қимылды ойындардың қайнар көзі халықтық ойындар болып табылады. Оларға түпкі ойдың айқындығы, мазмұндылық, қарапайымдылық тән келеді. Ойын балалардың жас ерекшелігіне олардың қайсыбір қимылды орындау ойын ережелерін сақтау мүмкіндіктеріне қарай іріктеледі. Қимылды ойында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады. Олар ойынның барысын, іс-әрекеттердің жүйелігін, ойнаушылардың өзара қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды.
© 2020, Мамбетбаева Жулдыз Есенгелдиевна 242